
Халық ағарту ісі Қазақ жерінде отаршылдық саясаттың басталуы патша əкімшілік органдарына қажетті мамандар дайындау мəселесін қойды. 1789 жылы ашылған Азиялық мектеп тілмаштар мен жер өлшеуші мамандар дайындауға тиіс болды. Қазақстанда еуропалық үлгідегі жаңа мектеп алғаш рет 1841 жылы Жəңгір ханның бастамасымен Бөкей ордасында ашылды. Отаршылдық аппараттың төменгі органдарына тілмаштар мен хатшылар дайындау үшін 1850 жылы Орынборда қазақ балаларына арналған жеті жылдық арнаулы мектеп ашылды. 1857 жылы осындай үлгідегі мектеп Омбыда да құрылды. ХIХ ғасырдың 60-жылдары Қазақстанда бастауыш мектептердің ашылуы Ы.Алтынсариннің есімімен тығыз байланысты. 1867-68 жылдардағы реформалардан кейін мұнда мектептер Қазақ өлкесінің көптеген аймақтарында жұмыс істей бастады. 1868-69 жылдарда Орал облысында 24 орыс-қазақ мектебі, олардың қатарында 2 екі сыныптық, 6 селолық бір сыныптық, 14 жоғары сыныптық мектеп жəне 2 жекеше училище болды. 1877 жылға қарай Оралда 2250 оқушы оқыды, бұл сол өңірдегі мектеп жасындағы қазақ балаларының 2 пайызынан сəл ғана асатын. Ақмола облысында 70-жылдардың басынан бастап мектеп ісі жандана бастады. Ол кезде бүкіл облыста барлығы 2767 оқушысы бар 76 оқу орны болды. ХIХ ғасырдың аяғына қарай мектептер саны үш еседей көбейді. 1898 жылы Ақмола облысында мектеп жасындағы балалардың саны 61 106 болса, олардың 88 пайызы мектепке тартылмай қалды. 1898 жылы Семей облысында мектеп жасындағы 61 668 баланың 5 пайызы ғана оқыды. 1900 жылы оқу орындарының саны 114-ке жетті. 1883 жылы қазақ балаларын оқытуға арналған ер балалар интернаты Семей, Павлодар, Өскемен жəне Зайсанда жұмыс істеді, ал қазақ қыздарын оқытуға арналған интернаттар Семей мен Павлодарда ғана болды. Сырдария облысында орыстарға арналған алғашқы мектептер 1860 жылы ашылды. 1876 жылы облыста 10 мектеп жұмыс істеді. Сол жылы Түркістан өлкесінің оқу орындарын басқару жөніндегі дербес инспекция құрылды. Педогог кадрларды 1879 жылы құрылған Ташкент мұғалімдер семинариясы даярлап отырды. 1896 жылы облыстағы оқу орындарының саны 78-ге жетті, соның жетеуі “орыс-бұратана” мектебі болды. Осы мектептерде оқыған 3896 баланың 548-і қазақ балалары болды. Жетісу облысында алғашқы мектептер 1868 жылдан бастап ашыла бастады. Х1Х ғасырдың 90-жылдарының аяғына қарай облыстың алты уезінде 61 оқу орны болды, оның ішінде Верный қаласында ер балалар жəне қыздар оқитын классикалық гимназиялар, əскери гимназия, үш сыныптық қалалық училище, 40 оқушысы бар қазақ пансионы, 2 ауыл шаруашылық мектебі, ал қалған уездерде екі сыныптық ер балалар мектебі мен бір сыныптық приход мектептері болды. 1897 жылы мектеп жасындағы 89 110 баланың 97 пайызы оқымады. Қазақстандағы патша əкімшілігінің шенеуніктері қазақ халқының сауатын ашу үшін бастауыш мектептер жеткілікті деп санады. Олар қазақ балаларының орта гимназиялық білім алына жол бермеуге тырысты. Олар ұлттық зиялылардың пайда болуынан, ұлт сана-сезімінің өсіп, қазақ халқының отаршылдық режимге қарсы ұлт-азаттық күресінің өрлеуінен қорықты. Отаршылдық əкімшіліктің Қазақстанның байырғы халқының гимназиялық (орта) білім алуы зиян деп тануы – күмəнсіз факт, ол аймақта еуропалық үлгідегі ұлттық жалпы орта білім беретін оқу орындарының болмауынан көрінеді. Осыған байланысты қазақтар балаларын орыс метептеріне беруге мəжбүр болды. ХIХ ғасырдың екінші жартысында болыстар мен ауылдардағы қазақ балалары əдетте мұсылман мектептері мен медреселерде оқыды. Патша үкіметінің Қазақ даласындағы мұсылмандық білім алуға кедергі жасауға тырысқанына қарамыстан жер-жерлерде, əсіресе ислам дінінің ықпалы күшті болған оңтүстік облыстарда мұсылман мектептері ашыла берді. Мектептерде көбінесе 8-ден 17 жасқа дейінгі балалар білім алды. Медреселерде мектепте білім алған жəне өз білімін тереңдетуге тілек білдірген адамдар оқыды. Медресеге түскендер шəкірттер деп аталды. Олар Орта Азияға жəне Еділ татарларына жалпы белгііл оқулықтар мен оқу құралдары бойынша араб филологиясын жəне мұсылман діні құқығын, сондай-ақ діни философияға қатысты басқа да бірқатар пəндерді оқыды. Шамамен ХIХ ғасырдың аяғына қарай қазақтар Орал мен Еділ бойы қалаларында ашылған “жаңа үлгімен” оқытатын татар медреселеріне ден қоя бастады. www.TemaKosan.net – Подготовка к ЕНТ, книги, рефераты т.д. Все для студента! Рефераты на русском, казахском, украинском, английском, узбекском! На сайте все бесплатно, скачивание без регистрации, качественные материалы
|