|
|
Жер салығының салық салу объектілері
Жер салығының салық салу объектілері Жер учаскесі яғни жер учаскесіне ортақ үлестік меншік кезіндегі жер үлесі салық салу объектiсi болып табылады. Мыналар салық салу объектiсi болып табылмайды: 1. елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жер учаскелерi. 2. Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, гүлзарлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, электр беру желiлерi, тазарту құрылғылары, күл-қоқыс құбырлары, жылу трассалары және басқа да ортақ пайдаланудағы инженерлiк жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жерлер елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жерлерге жатады; 3. ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдарының желiсi алып жатқан жер учаскелерi. 4. Бөлінген белдеудегi ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдарының желiсi алып жатқан жерлерге жер алаптары, жол тарамдары, өткерме жолдар, жасанды құрылғылар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметiн көрсету жөнiндегi құрылғылар, жол қызметiнің қызметтiк және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғайтын және әсемдік екпелер орналасқан жерлер жатады; 5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешімi бойынша консервацияланған объектiлер орналасқан жер учаскелерi; 6. жалға берiлетiн үйлердi күтiп-ұстау үшiн сатып алынған жер учаскелерi. Жекелеген жағдайларда салық салу объектiсi: 1.Темiр жолдар, оқшаулау белдеулерi, темiр жол станциялары, вокзалдар орналасқан жер учаскелерiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен темiр жол көлiгi ұйымдарының объектiлерiне берiлген жер учаскелерi темiр жол көлiгiнің ұйымдары үшiн; 2. Электр беру желiлерiнің тiректерi мен кiшi станциялар алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында электр беру желiлерi бар энергетика және электрлендiру жүйесiнің ұйымдары үшiн осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi; 3. Мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында мұнай құбырлары, газ құбырлары бар, мұнай мен газ өндiрудi, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшiн осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берілген жер учаскелерi; 4. Байланыс желiлерiнiң тiректерi алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында радиорелелiк, әуе, кабельдiк байланыс желілерi бар байланыс ұйымдары үшiн осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады. Жер салығын айқындау үшiн жер учаскесiнiң алаңы салық базасы болып табылады.
|
| Категория: Экономика | Добавил: Аслан (16.02.2011)
|
| Просмотров: 975
|

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|