Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Экономика

Жер салығын төлеушілер


Жер салығын төлеушілер

Жер – белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық. Адамзат жерді пайдалану арқылы өзінің қажеттіліктерін қанағаттандырып келеді. Қазақстан Республикасының ең байтақ жері бар. Жер салығы 1992 жылы енгізілді. Жер салығын енгізу мынандай мақсаттарды көздейді:
• Экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалану;
• Тұлғаларды жерге орналастыру;
• Жердің құнарлығын арттыру;
• Жерді қорғау жөніндегі шараларды енгізу үшін төлемдер төлеу;
• Аумақтың әлеуметтік мәдени дамуы үшін, бюджет кірістерін қалыптастыру;
Жер салығы – жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық немесе сапалық есебінің деректері негізінде меншік құқығын тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын куәләндыратын құжаттарға сәйкес есептеледі. Барлық жерлер салық салу мақсатында олардың арналған нысанасы мен тиесілігіне қарай мынадай санаттарға бөлінеді:
1. ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер;
2. елді-мекенді жерлдер;
3. өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес, мақсаттағы жерлер;
4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы жерлер, сауықтыру рекреациялық және тарихи мәдени мақаттағы жерлер;
5. орман қорының жерлері;
6. су қорының жерлері;
7. запастағы жерлер.
Жердің белгілі бір немесе өзге санатқа жататындығы Қазақстан Республикасының жер туралы заң актілерімен белгіленеді. Елді-мекенді жерлері салық салу мақсаты үшін мынандай екі топқа бөлінеді:
1. Тұрғын үй қоры соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда елді-мекендер жерлері;
2. Тұрғын үй қоры соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер;
Жерлердің мынандай санаттарына салық салынбайды:
1. ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;
2. су қорының жерлері;
3. орман қорының жерлері;
4. запастағы жерлер.
Жер салығы бойынша салық жеңілдіктері берілген:
Атап айтқанда:
1. 1995 жылы 24 сәуірдегі «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес;
2. Елді мекендердің жалпы пайдаланудағы жер учаскелерінің салық салынбайды;
3. Жер салығын төлеуден босатылады:
• Балаларды сауықтыру мекемелері, қорықтар, ұлттық дендрологиялық және зоологиялық парктер, ботаника бақтары, зираттар;
• Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік табиғат және тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау органдары;
• Қазақстан Республикасы мүгедектерінің ерікті қоғамы Қазақ зағиптар қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Ақыл-есі мен дене бітімінің кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу мен олардың еңбек ету қабілетін қалпына келтіру орталығы;
• Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық Банкі мен оның бөлімшелері;
• Ауыл шаруашылық мақсаттары үшін иеленуге немесе пайдалануға бүлінген немесе өнімділігі аз жерлерді алған Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары пайдаланудың алғашқы он жылында;
• Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген тұлғалар, I және II топ мүгедектері;
• Құрылғылар алып жатқан 0,25 гектар шегіндегі жерлерді қоса алғанда, өзіндік қосалқы шаруашылық, саяжай салу, бау-бақша үшін алған жеке тұлғалар бүгінгі таңда жер салығын төлеуден босатылады.
Бірыңғай жер салығын төлеушілер:
1. шаруа қожалықтарына арналған арнайы салық режимі қолданылатын қызметті пайдаланылатын жер учаскелері бойынша;
2. мемлекеттік мекемелер;
3. салық режимінің екінші үлгісі бойынша салық салу жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;
4. уәкілетті органдардың қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелердің мемлекеттік кәсіпорындары;
5. Ұлы Отан соғысына қатысқандар және солардың теңестірілген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезден мүгедектердің ата-аналарының біреуі.

Категория: Экономика | Добавил: Аслан (16.02.2011)
Просмотров: 1447

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]