
Жалған кәсіпкерлік Қылмыстық кодекстің 192-бабында «Жалған кәсіпкерлік, яғни кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз несие алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген коммерциялық ұйым құру – жалған кәсіпкерлік» деп белгіленген. Қылмыстың тікелей объектісі кәсіпкерлік немесе басқа да коммерциялық әрекетті реттейтін қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстық жауаптылықтың басты шарты – азаматтың, ұйымның немесе мемлекеттің құқықтары мен мүдделеріне зиян келтіру болып табылады. Объективтік жағынан осы бапта көрсетілген қылмыс құрамы: кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз, несие алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметі жасыру мақсатымен заңда белгіленген зардапты келтіру отырып комерциялық ұйым құру әрекеті арқылы сипатталады.Қылмыс тек әрекет арқылы жүзеге асырылады жалғын кәсіпкер комерциялық ұйым құру үшін оны тіркету және оған лицензия алу үшін заңда көрсетілген барлық құжаттарды дайындайды. Құрылтайшылар жиналысын өткізеді, жарғы қабылдап, қажет болған ретте құрылтайшы шартын бекітді. Осыдан кейін кәсіпкерлік немесе банктік қызмет заңды тіркеуден өткізіледі, оған лицензия беріліп, банк операцияларын жүзеге асыру үшін алдымдағыжәне есептеу шоты белгіленеді. Осымен кәсіпкерлік ұйымеың барлық заңды қызметі доғарылады да жалған кәсіпкер азаматқа, ұйымға гемесе мемлекетке зиян келтіруге бағытталған басқа әрекеттермен шұғылданады: несие алады, азаматтардан немесе ұйымдардан ақша қаражаттарын жинайды, сөйтіп тиым салынған қызмет пен айналыса бастайды. Осындай әрекеттердің нәтижесінде қоғамға қауіпті зардап-азаматқа, ұйымға қауіпті зардап немесе мемлекетке ірі зиян келтіріледі. Осы уақыттан бастап қылмаыс аяқталған деп танылады (Ірі зиянның түсінігі ҚК-тің 189-бабының ескертуінде берілген). Қылмыстық құрамы заңдылық мәні жөнінен материалдық құрамға жазады. Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен ( тікелей немесе жанама) жүзеге асырылады. 3 Қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісі –тыйым салынған қызметті жасыру, заңсыз несиеалу, салық төлеуден босатылу немесе өзге де мүліктік пайла табу мақсаты болады. Қылмыстың субъектісі –кез келген есі дұрыс, 16-ға толған азамат болады.
|