Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Экономика

Заңсыз бактік қызмет


Заңсыз бактік қызмет

Қылмыстық-құқықтық норма заңсыз кәсіпкерлік үшін жауапкершілік жөніндегі жалпы нормамен салыстырғанда арнаулы норма болып табылады.
Заңсыз банктік қызметтің құрамы заңсыз кәсіпкерліктің жалпы құрамынан, тек сол заңсыз кәсіпкерлікті жүзеге асыратын сала бойынша ғана өзгеше.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың банктік қызметі міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.
Банктік қызмет мына актілермен реттеледі: ҚР Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы «ҚР-дағы банктер мен банктік қызмет туралы» Жарлығы; ҚР Президентінің 1996 жылғы 21 қаңтардағы «ҚР-ның ұлттық Банкі туралы», «ҚР-дағы банктер мен банктік қызмет туралы» заң күші бар Жарғылықтары; 1996 жылғы 27 қыркүйектегі «ҚР Президентінің «Жеке тұлғалар үшін шетел валютасында және теңгемен анонимдік есептер енгізу туралы» Заң күші бар Жарлығын күшін жоғалтты деп тану және анонимдік есептер бойынша ҚР-ның кейбір заң актілеріне өзгертулер енгізу туралы», 1996 жылы 7 желтоқсандағы «ҚР-ның кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы».
Банктік қызметтің (банктік операциялардың) кейбір түрлерін лицензиялау тұтынушы мүддесін қорғауды қамтамасыз ету, халыққа қызмет ету сапасын жақсарту, тағы сол сияқты мақсаттарда жасалынады.4
Егер мына нышандардың біреуі болса:
1) тіркелмеген;
2) арнаулы рұқсат қажет болып, бірақ ол алынбаған;
3) лицензиялау ашрты бұзылған болса банктік қызмет заңсыз деп танылады.
Бұл қылмыстың құрамы болуы үшін заңсыз банктік қызмет азаматтарға, ұйымдарға немесе мемлекетке ірі зиян екелтіруге, не ірі мөлшердегі табыспен ұштасуы тиіс.
Қылмыс жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын сомағ азаматқа не бес жүз есе асатын сомға ұйымға не мемлекетке зиян келсе, ол зиян ірі мөлшердегі деп танылады. Айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе көп мөлшердегі табыс ірі табыс деп саналады.
Субъективтік жағынан қылмыс қасақана жасалынады. Айыпты адам өзінің банктік қызметті тіркеусіз немесе арнайы рұқсат керек бола тұра онсыз жасап отырғанын немесе лицензиялау шартын бұзғандығын, өзінің іс-әрекеті нәтижесінде азаматтарға, ұйымдарға немесе мемлекетке ірі зиян келуі мүмкін екендігін не қалайда келетіндігін немесе өз іс-әрекетінің ірі мөлшердегі табыспен ұштасатынын біледі, сол қылмыстық салдардың болуын қалайды.
Бұл қарастырылып отырған қылмыстың субъектісі –жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.
Заңсыз банктік қызмет қылмыстың сараланған түрі деп саналады, егер оны ұйымдасқан топ жасаса немесе ол ерекше ірі мөлшердегі табыспен ұштасса не оны заңсыз банктік қызметі немес заңсыз кәсіпкерлігі үшін бұрын сотталған адам жасаса.
Ұйымдасқан топ – қылмыс жасау үшін жақсы ұйымдасқан, қылмыстың күрделі түрлерін бірлесіп орындай алатын топ. Ол тұрақты болады, бір немесе бірнеше қылмыс жасауды мақсат тұрады.
Айлық есептік көрсеткіштен екі мың есе асатын табыс ерекше ірі мөлшердегі табыс деп саналады.
Егер адам бұрын ҚК-тің бабымен сотталып және оның сол қылмыс үшін соттылығы жойылмаған не алынбаған болса, ондай адам заңсыз кәсіпкерлерлігі үшін бұрын сотталған деп танылады.

Категория: Экономика | Добавил: Аслан (16.02.2011)
Просмотров: 1610

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]