|
|
Елімізде жүргізілген экономикалык реформа
Елімізде жүргізілген экономикалык реформа банк ісінің дамуында жаңа кезеңге алып келді. Нарыққа өту жағдайында банктердің және басқа несиелік институттардың даму перспективасы, оның іс-жүзінде іске асуы жайлы сұрақтар ерекше өзекті мәселеге айналып отыр. Аталған міндеттерді шешу мүмкіндігі қазақстандық, сонымен қатар шетел банктердің қызмет етуінің практикалық ұғынуын зерттеу және де іс-жүзінде жұмыстың ең прогрессивті, ұтымды нысандары мен әдістерін ендіру негізінде ғана жүзеге асады. Бұл зерттеу тақырыбымның өзектілігін анықтап отыр. Соңғы жылдарда каржы нарықтарының ақша және капитал нарықтарының құрылуының қарқынды процесі жүріп жатыр. Капитал нарығының дамуы жинақтарды шоғырландырудың және қаражаттарды инвестициялаудың екі біріктірілген, өзара байланысты процесті жетілдіруінсіз мүмкін емес. Жинақ табыстар мен түтынудың айырмасын көрсетеді. Өзінің қызметі барысында банк әр түрлі аудиториялар типтерімен байланысқа түседі: бәсекелестермен, клиенттермен, мемлекетпен және т.б. Бұлармен банк пайданы оңтайландыру мақсатымен өзара әрекет етеді. Бірақ та бұл банктің банктік қызметтер нарығында қызмет атқара отырып, көздеген жалғыз мақсаты емес. Бұдан басқа, банктер қаржы ресурстарының өтімділігі мен табыстылығының колайлы үйлесімділігін, банк атағын қүру мен қолдауын және т.б. қамтамасыз етуге ұмтылады. Өз кезегінде, банктің жақсы атағы тек осы банкке келетін клиенттердің санына әсер етеді. Банктің клиенттерімен қарым-катынасы банк өнімдерін сатып алу-сату процесінде пайда болды. Оларға мыналар жатады: несие беру, депозиттік шоттарды ашу, бағалы қағаздарды шығару, сатып алу және сату бойынша операциялар, валюталық қатынастар, есеп-айырысу операциялар табылады.
|
| Категория: Экономика | Добавил: Аслан (16.02.2011)
|
| Просмотров: 633
|

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|