Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Экономика

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау


Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар басымдықтарға адам капиталын дамыту мәселесі жатады.
Адам капиталы - инвестициялар нəтижесінде қалыптасқан жəне адамның жинақтаған денсаулығының, білімінің, еңбек дағдысының, қабілеттер, ынталарының запасы. Бұлар саналы түрде қоғамдық ұдайы өндірістің белгілі саласында қолданылады, еңбек өнімділігі мен өдіріс тиімділігінің өсуіне көмек береді, сөйтіп адамның жалақысының өсуіне жол ашады.
Адам капиталы теориясының пайда болуы жəне дамуы қоғамдағы ғылыми-техникалық жəне информациялық революция кезінде орын алып отырған күрделі өзгерістермен байланысты. Осы кезеңде адам, оның ғылыми-білімдік әлеуеті əлеуметтік жəне экономикалық дамуда шешуші факторға айналып отыр . Осы замандағы əлемдік экономикалық ғылымда кең пайдаланылады жəне ол нарықтың шаруашылық теориясы мен практикасында өзекті орын алады. Адам капиталы теориясының кейбір (еңбекті бағалау жəне адамның өндірушілік қабілеттері) мəселелері осыдан көп бұрын саяси-экономия классиктері еңбектерінде шешілген еді. Бүгінгі түріндегі адам капиталы теориясының қалыптасуына ат салысқан экономисттер мыналар: Г.Беккер, У.Боуэн, Б.Вейзброд, Э.Денисон, Дж.Кендрик, Дж.Миндсер, Г.Псахаропулос, Л.Туроу, Н.Фишер, Т.Шульц жəне т.б. 1992 жылы адам капиталы туралы еңбектері үшін американдық экономист Г.Беккер экономика бағытынан Нобель сыйлығының лауреаты атағына ие болды.
Адам капиталы деп əдетте адамның еңбек өнімділігінің өсуіне жəне табыстарының көбеюіне ат салысатын, адамға тəн денсаулық, білімдер,дағдылар, қабілеттер, мотивациялар запасы түсіндіріледі. Мақсатты түрде жасалатын жəне адамның болошақ ақшалай табысын белгілейтін шығындардың барлық түрі «Адам капиталына жасалынған инвестициялар» деп аталады. Осыған жататындар: денсаулықты сақтауға,білім алуға жұмсалған шығындар, жұмыс іздеумен, өндірісте мамандық дайындықпен, баланың тууы жəне оның тəрбиелеумен байланысты шығындар. Пайда болашақта күтілітін жоғары табыстар, беделді жұмысқа тұру, əлеуметтік статустың жоғарылау бейнесінде болады.
Республикадағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жалпы сипатына тоқталып, талдау кезінде пайда болған пікір соңғы жылдары Республикада жалпы экономикалық өсу үрдісі пайда болғандығын дәлелдейді. және экономикалық өсу еңбек әлеуетіне, кәсіпорындағы басқаруға, жоспарлауға деген көзқарасты түбегейлі өзгертті.
Адам факторы, адам дамуы – Қазақстан үшін стратегиялық міндет. Адам әрқашан да қоғамдық өмірді жаңарту, алдыңғы қатарлы экономикалық жетістіктерге жетуде негізгі рөл атқарады. Қоғамның барлық жіктері мен әлеуметтік топтарының өмір сүру деңгейін арттыра түсу мемлекет саясатының негізгі басымдығы [2].
Нарықтық экономика жағдайында ең бір ауыр және жауапты шаралардың бірі тұрғын халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету болып табылады. Нарықтық экономикаға жолына баяғыда түскен, экономикасы озық дамыған елдерде әлеуметтік қорғау қағидалары және әдістері 19-20 ғасырларда арнайы мамандандырылған білім ретінде қалыптасты. Жеке адамның экономикалық тұрғыдан қажетті жағдайда өсіп-өнуі үшін мемлекет барлық жағдайды жасауға тиіс, бұл өз кезегінде қаржы ресурстарының үйлесімді, тиімді пайдалануын қамтамасыз ету тетіктерін жасауды қажет етеді. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджеттің, бюджеттен тыс қорлардың, корпорациялардың қаражылары тартылады.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету тиімділігі әлеуметтік саясаттың басым бағыттары шеңберінде ғылыми негізделген әдіснаманы және рыноктық экономикаға кіріктірілген қаржылық механизмдерді әзірлеуді қажет етеді. Халықты әлеуметтік қорғаудың маңызы ғылым мен практика тарапынан жеткіліксіз зерттелген.
Халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің әдіснамасын, нысандары мен тәсілдерін ғылыми-баламалы тұжырымдама арқылы әзірлеу Қазақстанның негізгі проблемаларының бірі болып табылады, өйткені оны шешу мемлекеттің келешектегі әлеуметтік қана емес экономикалық өсуіне де жағдай жасайды. Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін тұрақты қаржы көздерімен қамтамасыз етудің әдіснамалары, зейнетақы қорлары мен міндетті әлеуметтік сақтандыру қорларының қаржыларын тиімді қолдану проблемалары ғылыми ізденістердің шеңберінен тыс қалып отыр.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың әлеуметтік проблемаларды шешуге пайдаланатын қаржы ресурстарының тиімділігін қамтамасыз ету арқылы және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін нығайту арқылы әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге болады.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің қазіргі жағдайда қолданылып жүрген тетіктері тұрақты және тиімді пайдаланылмайды. Халықты әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік және корпоративтік саясаттың жаңа тетіктерін жүйелі түрде әзірлеу қажет.
Жаңадан қалыптасқан үш сатылы әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуы жеткілікті талданбаған, белсенді халықтың еңбекке ынталылығын арттыратын, экономиканың дамуына септігін тигізетін әлеуметтік сектордың нәтижелілігін бағалайтын арнаулы критерийлер жеткілікті зерттелінбеген.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ететін институттар қызметінің тиімділігін, осы салаға арналған шығындардың, әлеуметтік қызмет көрсетудің толықтылығын бағалау, ең төменгі күнкөріс деңгейін анықтаудағы әдіснаманы жетілдіру халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржыларын тиімді пайдалануға жағдай жасайды.
Осы жағдайлар зерттеу тақырыбын таңдауға, диплом жұмысының мақсаты мен міндеттерін айқындайды. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етуді теориялық және әдіснамалық негізде талдау, қаржылық институттардың тиімділігін анықтау таңдалып алынған тақырыптың өзектілігін анықтайды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің теориялық және әдіснамалық негіздерін жүйелі түрде зерттеу және қаржымен қамтамасыз етудің тұжырымдамасын жасау болып табылады.
Қойылған мақсаттарға сәйкес зерттелімде мынандай міндеттерді шешу қарастырылған:
- халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің теориялық және әдіснамалық негіздерін жүйелі түрде зерттеу;
- халықты әлеуметтік қорғау шығындарын қаржыландыруға арналған бюджет қаражаттарының нәтижелілігін талдау;
- міндетті әлеуметтік сақтандыру институтының қалыптасуы мен дамуының ұтымды бағытын анықтау;
- мемлекеттік емес зейнетақы қорларының халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудегі атқаратын рөлін талдау;
- әлеуметтік қорғау жүйесін салықтық реттеуді жетілдіру жолдарын қарастыру;
-корпоративтік деңгейдегі халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне талдау жасау, халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудегі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің даму бағытын анықтау;
Зерттеу объектісі - Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету институттары мен қаржы ресурстары.
Зерттеу пәніне халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржы ресурстарының қалыптасуы мен оларды пайдалану үдерісіндегі экономикалық қатынастар жатады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етуді талдауға арналған отандық және шетелдік экономистердің іргелі және қолданбалы зерттеулері болып табылады. Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғауды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету және әлеуметтік шығындарды қаржыландыру мәселелерімен айналысатын мамандардың ғылыми еңбектері негізге алынды.
Зерттеудің мәліметтік базасы ретінде Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қаржы министрліктерінің ақпараттары пайдаланылды.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, 3 негізгі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан және кесте, суреттен тұрады

Категория: Экономика | Добавил: Аслан (16.02.2011)
Просмотров: 5084 | Комментарии: 2

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]