
Жекеменшік орман қорын дамыту Жекеменшік орман қорын дамыту республикадағы орманды жерлерді ұлғайтудың бір жолы болып табылады. Шығыс Қазақстан облысы бойынша облыс аудандарының аралығында жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға арнайы жер қорының жерлері мен запас жерлер қорынан жекеменшік орман қорын құру үшін жер учаскелерінің алаңдары анықталды: Абай – 5 га; Аягөз – 40 га; Бесқарағай – 200 га; Бородулиха – 300 га; Глубокое – 10 га; Жарма – 60 га; Зайсан – 200 га; Зырян – 796 га; Катон-Қарағай – 110 га; Көкпекті – 50 га; Күршім – 500 га; Тарбағатай – 6 га; Ұлан – 200 га; Үржар – 95 га; Шемонайха – 300 га; Риддер қаласы- 30 га; Семей қаласы – 39,5 га; Өскемен қаласы – 42 га. Жалпы алаңы – 2983,5 га құрайды. Орман және орман-парк шаруашылығы саласындағы кадрлерді даярлау және біліктіліктерін арттыру 2005-2007 жылдары орман шаруашылығы кадрлерін жинақтау бойынша нақты шаралар қабылданды және қазіргі кезде орман күзетімен тікелей 1064 адам айналысады. Олардың ішінде 106 адамның білімі жоғары, 315 адам арнаулы орта білімді, 643 адам орта білімді. Осы уақыттың ішінде Риддер аграрлы-техникалық колледжінде орман және орман-парк шаруашылық мамандығы бойынша 259 адам арнаулы орта білім алды, 670 қызметкер біліктілік арттыру курсынан өтті (орман патолог-инженерлер, орман мастерлері, орман күтушілер). Колледжде оқу үшін барлық жағдайлар жасалған: Мемстандарттың талаптарына сәйкес оқу-материалдық базасы, кабинеттері, зертханалары, шеберханалары бар, сондай-ақ студенттерді орналастыратын орындары бар. Риддер қаласында Алтай ботаника бағы, Алтай қорығы, Алтай орман станциясы, орман шаруашылығы Риддер және Пихта мемлекетітк мекемелері бар, онда тиісті өндірістік тәжірибені ұйымдастыруға, сондай-ақ орман шаруашылығы саласында ғылыми зерттеулерді жүргізуге болады. Риддер аграрлы-техникалық колледжінде Қазақ мемлекеттік аграрлы университетінің өкілділігін құру Шығыс Қазақстан облысы мен көрші облыстардың орман саласы үшін жоғары біліктілікті кадрлердің тапшылық проблемасын жоюға мүмкіндік береді.
|