Жануарлар әлемін қорғау Аңшылық жұмыстарын,орман орналастырумен қатар жүргізгенде (бұрын аңшылық орналастыру жұмыстарын жүргізген мәліметтері бар болған жағдайда), бұл тарау жасалмайда. Бірақ орман орналастыру жобасында аңшылық орналастыру құжаттарына сілтеме жасалады. Орман орналастыру кезінде,аңшылық құру құжаттары(іс қағаздары) болмаған жағдайда, орман пайдаланушылардың шекара аумағын мекендеп жүрген жануарлардың кездесу саны келтіріледі. Сонымен қатар, жануарлармен құстар санын көбейтуде ұя салуға қолайлы және жарады жерлердің қоректік, қорғаныштық қасиеттерін арттыру,қысқы қолдан қоректендіру учаскелерін жақсарту, жыртқыштардың санын қықару, адамның әсерінен болатын қауіптерді азайту мақсатында биотехникалық шаралар жасалады. Биотехникалық шаралардың негізгі түрлері: 1) кейбір қоюланып кеткен балауса ағаштарды күту үшін кесу шараларын алып тастау; 2) жабайы кекіліктер шоғырланған жерлерге, басты мақсатта пайдалану кесулеріне тыйым салу; 3) кекіліктер шоғырланған жерлерге екпе ормандарды отырғызу жұмыстарын тоқтату; 4) жабайы орман құстарының жұмыртқа басуына байланысты, барлық шаруашылық іс шараларды тоқтату; 5) жас ағаштары бар жерлерге мал жаюға тиім салу; 6) құстардың жұмыртқа басу кезеніне байланысты шабындықтарды реттеу; 7) күту үшін кесу жұмыстарын жүрігзген кезде, тығылатын жерлерді (тығыз өскен орман асты тұқымдыларын және жас өскіндерді) жеміс-жидек ағаштарын және бұта өсімдіктерін қалдыру немесе олардың құрамына екпе ормандарды енгізу; 8) биотехникалық құрлыстарды салу жасанда қоректендірулерді,суаттарды, қоретендіру алаңдары,көлеңкелеу шатырларын жасау. Ауланатын жануарларды қорғаудың негізгі іс шараларының түрлері төмендегідей: 1) заңсыз аң аулаушылықтармен күресу; 2) жаппай насихаттау жұмыстарын жүргізу (плакаттар ілу,аншлагтар қою,баспаларға мақалалар жариялау,радио және телеарналардан хабарлау,мектептерде оқушыларға түсіндіріп айту); 3) қаңғып жүрген иттерді,мысықтарды және қасқырларды ату; 4) құстардың жұмыртқа басуына, тұяқты жануарлардың төлдеуіне індері бар жерлерге, шаруашылық іс шараларына тиім салынған аумақтарға бақылау жасау.
|