Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Экология

Қоқыстарды жою


Қоқыстарды жою

Астананың шығыс жақ шетінде тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды төгетін арнаулы орын бар. Бұл полигонның аумағы – 65,4 гектар. Мұнда 1972 жылдан бері арнайы дайындалған қазаншұңқырларда (карьерде) қоқыстар көміледі. Жобаның есебі бойынша аталмыш полигон 2010 жылға дейін пайдаланылады. Жыл сайын полигон аумағына 450-500 мың шаршы метр қоқыстар әкелінеді. Қаланың өркендеуіне байланысты бұл көрсеткіштер де ұлғайып келеді. Қазіргі кезде қала шеңберінде күл үйінділері қалдықтарын жоюға арналған силикатты кірпіштер шығаратын зауыттың құрылысы басталды. Бұған инвестициялық көмек көрсетіп жатқан «Тиімді құрылыс материалдары» зауыты ЖШС-і. Мұндай зауыт салу қасиетті Жер-ананың қосымша өндірістік қалдықтармен ластануының алдын алады. Сонымен қатар ЖЭО-1 және ЖЭО-2 секілді орындардың күл үйінділері карталарын қайта пайдалануға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жоюды модернизациялау мен Астана қаласының экологиясын жақсарту» жөніндегі қазақ-испан бірлескен жобасы аяқталды. Бұл жаңа полигон арнайы маталармен жабдықталған, су өткізбейтін екі ұяшықтан тұрады. Мұндай құрылым жер асты сулары мен су қоймаларын ластанудан сақтайды. Қоқыстарды көму технологиясы ығыстыру әдісі арқылы жүзеге асады. Арнайы орында әкелінген қалдықтарды жоғарыға қарай, 14 метрге дейін үйіп жинайды да, әрбір текше жиналып, бастырылады. Жаңа полигонның пайдаланылатын уақыты шамамен 16 жыл деп есептелініп отыр. Бұл шараның тезірек іске асуы – карталар түбіне төселген қорғаныш экран арқылы тұрмыс қалдықтарын көмудің қоршаған ортаға зиянды әсерін мейлінше азайтуға мүмкіндік береді.

«Талдыкөл» су қоймасы 1970 жылы пайдалануға берілді. Қазіргі кезде 2021 гектар аумақты алып жатқан су қоймасының сыйымдылығы 65,5 млн. мІ-қа тең, ал бу қазандығындағы судың көлемі 54,0 млн. мІ-ты құрайды. Жыл сайын қайнар сулар мен суармалы жер аумағының азаюы су жинағыш қоймалардың суға толып кетуіне себеп болып отыр. Мұның өзі Есілдің сол жағалауындағы жер асты суларының көтерілуіне және 7500 га жердің батпақтануына, қамыс пен қоға секілді өсімдіктердің көбейіп, лай қалдықтардың түзілуіне әкеп соқтырады. «Талдыкөл» су қоймасының аймақ экологиясына кері әсерін жою және алдын алу үшін оны түгелдей таратып, босатылған жерді қалпына келтіру жөнінде шешім шығарылды.

Қазіргі уақытта «Талдыкөл» су қоймасынан «Қарабидайық» су қоймасына биологиялық тазартылған суды тарту жүйесі толық жолға қойылды. Жыл соңына дейін залалсыздандыру стансасының құрылысы аяқталуы тиіс. Сонымен бірге осы уақыт аралығында нөсер суларын тартатын жаңа станса мен тазартылған сулар жүретін құбырдың екінші тартылымы аяқталады деп күтілуде.

Категория: Экология | Добавил: Аслан (16.02.2011)
Просмотров: 1527

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]