Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Экология

Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер


Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

Бағдарламаны іске асыру ормандарды қорғау, күзету және молықтыруды, оларды ұтымды пайдалануға, ормандардың сақталуын және орман өрттерінен және заңсыз ағаш шабулардан келетін зиянды азайтуға, зиянкестер мен аурулардан қорғауға, ормандардың санитарлық жағдайларын жақсартуға, елді мекендердің маңайында жасыл желектердің алаңын ұлғайтуға, орман шаруашылығын жүргізудің тиімділігін одан әрі арттыру үшін негіз құруға, облыс аумағының ормандылығын ұлғайтуға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бағдарламаны іске асырудан күтілетін негізгі нәтижелер мыналар:
орман өрттерінен зақымданған алаңдарды азайту;
орманды қалпына келтіру іс-шараларын жүргізу, соның ішінде орман дақылдарын мынадай алаңдарға отырғызу:
2008 жылы – 450 гектар;
2009 жылы – 500 гектар;
2010 жылы – 550 гектар.
Табиғи жаңаруға әсер ету бойынша іс-шараларды жүргізу:
2008 жылы – 750 гектар;
2009 жылы – 750 гектар;
2010 жылы – 750 гектар;
бағдарламаны іске асыруға қатысу үшін 2008 жылы – 200, 2009 жылы – 250; 2010 жылы 300 жастарды тарту;
орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің материалдық – техникалық базасын нығайту үшін техника мен құрал-жабдықтарды біртіндеп сатып алу;
орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің біліктіліктерін жыл сайын арттыру орман шаруашылығын бұдан әрі жүргізудің тиімділігін жоғарылатуға, ормандарды молықтыру және ормандарды дамыту бойынша жұмыстарды кеңейтуге мүмкіндік береді.

Категория: Экология | Добавил: Аслан (16.02.2011)
Просмотров: 3311

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]