|
|
Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері
Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері Бағдарлама жергілікті бюджеттің есебінен 2008-2010 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспары шеңберінде, сондай-ақ “Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молайту әрі орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 53 қаулысына сәйкес іске асырылады. Бағдарламада қарастырылған ормандарды өрттен, зиянкестер мен аурулардан қорғау, ормандарды ұдайы өндіру мен орманды дамыту, орман пайдалануды реттеу іс-шараларының негізгі көлемі орман шаруашылығының мекемелерімен жүзеге асырылады. Ормандарды қорғау, күзету, молықтыру және ормандарды дамыту бойынша іс-шараларды орындау үшін 2008 жылы облыстық бюджеттен қарастырылған қаражат шығынының көлемі 589 901 мың теңгені құрайды, оның ішінде: 1) орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерін ұстау үшін 392 299 мың теңге; 2) ормандарды қалпына келтіру іс-шараларын орындау үшін 38 907 мың теңге; 3) өртке қарсы іс-шаралар үшін 11 254 мың теңге; 4) орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 114 000 мың теңге; 5) тұрақты жер пайдалану құқығын беретін мемлекеттік актілерді ресімдеу үшін 15 000 мың теңге; 6) өрт сөндіру жүргізушілері мен жауынгерлерді ұстау үшін 18 450 мың теңге. Бағдарламаға сәйкес жоғарыда жазылған іс-шараларды орындау үшін облыстық бюджеттен : 2009 жылы – 710 889 мың теңге; 2010 жылы – 763 760 мың теңге қарастырылады. 2008-2010 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарына сәйкес облыстың елді мекендерін көгалдандыруға арналған қалалар мен аудандардың бюджеттерінен қарастырылған ақшалай шығынның көлемі 2008 жылы 46 900 мың теңгені, 2009 жылы – 53 200,0 мың теңгені, 2010 жылы – 59 800,0 мың теңгені құрады. 2008 жылы республикалық бюджеттен азаматтық қызметкерлердің демалысқа шығуы кезіндегі сауығуы және ақылы демалысының ұзақтығының ұлғаюы үшін жәрдемақы төлеуге ағымдағы мақсатты трансферттер түрінде 30 060 мың теңге қарастырылған. Департамент 2008-2010 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарын әзірлеген кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 632 қаулысымен бекітілген 2005-2007 жылдары республикалық “Жасыл ел” бағдарламасында қарастырылған қаражаттың бөлуіне Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінен келісім алды, коммуналдық меншікке берілген Шығыс Қазақстан облысының орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, ағымдағы мақсатты трансферттер түрінде 2009-2010 жылдарға сомасы 1 млдр. 349,4 миллион теңге бөлінеді. Сондай-ақ орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің қосымша санын енгізу үшін келісім алды. Жоғарыда жазылғандарды ескере отырып 2009 жылы республикалық бюджеттен 733 565 мың теңге, 2010 жылы – 736 818 мың теңге қаражат қарастырылуда. Бағдарламада табиғат қорғау бағдарламаларына барлығы: 2008 жылы – 666 861 мың теңге; 2009 жылы – 1 497 654 мың теңге; 2010 жылы – 1 560 378 мың теңге қарастырылған.
|
| Категория: Экология | Добавил: Аслан (16.02.2011)
|
| Просмотров: 823
|

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|