
Ағынды сулар Астананы сумен жабдықтау толығымен қайта жөнделуде, үш жыл бұрын қабылданған бағдарламаға сәйкес, жыл сайын ондаған шақырым желі қайта жөндеуден өтіп жатыр. Келесі жоспарда тұрған жұмыстар – ескі қаладағы су құбыры желісін және қала құрамына кіретін жаңа елді-мекендерде құрылыс жүргізу. Сумен жабдықтау туралы айта отырып, канализация мәселесін көтермеу мүмкін емес. Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты, жарты миллион тұрғыны бар қала тек қана суды пайдаланбайды, сонымен қатар, оны төгіп те жатады. Коллекторларда жиналып қалған шаруашылық-тұрмыстық ағындар табиғи айналымға қайтып оралу үшін, әбден тазартуды қажет етеді. Бірнеше ондаған жылдар бойы, тазарту қызметін қаладан алты шақырым жерде орналасқан «Талдыкөл» атқарып келген. Алайда, соңғы жылдары ескі жинауышқа толып кету қаупі төніп тұр. Үлкен қарқында өсіп келе жатқан қаланың қалдықтарын сіңіріп үлгермей жатыр. «Талдыкөл» жинауышына қаланың тіршілік әрекетінен күнделікті 136 мың текше метр лас су құйылады. Болжамдарға сүйенсек, 2020 жылы бұның көлемі 2,5 есе өсіп, тәулігіне 254 мың текше метрге жетеді екен. Көктем мезгілінде ағынның деңгейі өте қауіпті мөлшерге жетеді. Сондықтан да, амалсыздан санитарлық қашыртқы жасалады. Экологтар дабыл қақты, ал тұрғындардың арасында, қаланың ол жерге жақын орналасқан бөлігін су басады, сонымен қатар, масаның көбеюі мүмкін деген қауесет сөз тарап кетті. Тұрғын санының көбеюі мен жаппай құрылыстың жүргізілуінен, бұл жалпы қалалық мәселеге айналды. Астаналық үкімет бірден бірнеше қалалық канализация жүйесін «құтқару жоспарын» қарастырды. Олардың әрқайсысы егжей-тегжейлі тексерілді. Нәтижесінде қалалық комиссия қымбат, алайда, табиғатпен үйлесетін, Шнет пен Ағанас көлдерінің аймағында орналасқан «Қарабидайық» жинауышы жобасын қабылдады. Бағдарлама аясында, қазіргі «Талдыкөл» жинауышын жою да қарастырылған. Бекітілген тұжырымдамаға сәйкес, бүкіл жұмыс кешені үш кезеңге бөлінген. Бүгінде жобаның екі кезеңі жүзеге асты. Оларға жұмыс істеп тұрған төрт тазарту резервуарын қайта жөндеу мен жаңадан екі тазарту резервуары және тұнбаны сусыздандыру цехінің құрылысы кіреді. Сонымен қатар, он бес жыл бұрын салынған «Талдыкөл» жинауышынан «Қарабидайыққа» тұнбаны тасымалдайтын жүйе де қалпына келтірілді. Басқаша айтқанда, Талдыкөлдің ағын суын тазартып, оны Қарабидайыққа айдайды. Сонымен қатар, бастапқы жинауышты құрғатады. Жаңа суқоймасы Астанадан 34 шақырым жерде орналасады. Ағынды сулар азот пен фосфор байланысынан терең биологиялық тазартатын имараттың көмегімен тазартылып отырады. Арнайы цехта әбден сусыздандырылған қалдықтар қоймаланып, жабық алаңда көміледі. Жобаны жүзеге асыру үшін үш миллиард теңге жұмсалды. Биылғы жылы суды зарасыздандыру станцияларын құру жөнінде де жұмыстар басталды. Ол жерде ағынды суды балық шаруашылығының көрсеткішіне дейін тазарта алады. Келесі кезекте, нөсер суларын тасымалдау станциясы мен тазартылған ағынды тасымалдайтын құбыр желесінің екінші тармағы тұр. Үшінші кезекті жүзеге асыруда, «Қарабидайық» жинауышы 27 млн. текше метрге дейін кеңейтіледі. Талдыкөл көлі өзінің бастапқы мөлшеріне түседі, яғни, 400 гектарға жуық. Сонымен қатар, суқоймасын табиғи тазарту механизмі іске қосылады. Жинауышты жою жөніндегі жоба 2010 жылы аяқталады. Болашақта қазіргі жинауыштың аймағы жасыл аймаққа айналуы тиіс – 18 мыңнан астам гектар жерге терек отырғызылады. Ол жердің бәріне де суару жүйесі жүргізіледі. Яғни, қала тұрғындары қайтадан жанданған көлдің айналасындағы жас ағаштардың көлеңкесінде демалатын болады. Астана экожүйесі де жақсарып, лай тұндырғының орнына қала-саябақ пайда болмақ.
|