
Жүгіру Жеңіл атлетикалық жаттығулардың ішінде жүгіру үлкен маңызға ие.Жеңіл атлетикасыз,оның ішінде жүгірусіз мектептегі дене тәрбиесінің бірде-бір сабағы өткізілмейді десек те болады.Жүгіру мен жүру күнделікті өмірде кездесетін дене жаттығуларының табиғи түрі.Осы екеуімен күнделікті жаттығу адам денесінің негізгі мүшелері мен жүйелерінің функцияларына оң әсерін тигізеді,жүрек-тамыр жүйесін нығайтады,тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартады,бүкүл оргонизімнің төзімділігін арттырады.Жүгірудегі спорттық қимылдар жылдамдықты,күштілікті,икемділікті,шыдамдылықты шыңдайды.Жүгіру стадионындағы,спорт алаңдарындағы жүгіру жолдарында,шеңбер бойымен әр түрлі қашықтықта өткізіледі. Милеттегі Полименестордың құпиясы.Қысқа қашықтыққа жүгіру-ертеден белгілі жарыстың бір түрі.Ол әйгілі Гераклден басталған.Аңызға сүйенсек,Геракл алғаш рет қашықтықтың негізін қалаған деседі.Ол өз табанымен 600 Қадам жерді өлшеп,осы аралықт«стадий»деп атаған.Міне осыдан стадион деген сөз шыққан.Стадийдің ұзындығы әртүрлі болып келеді.192м-ден 195м –ге дейін созылады.Эллада желаяқтары 200м-лік қашықтықта сайысқа түскен.Гректер жеңіл атлетиканың көптеген түрінен таңғаларлықтай жеңіске жеткен.Ол кезде уақытты өлшейтін құралдар болмағандықтан,бір стадийді олардың қанша уақытта жүгіріп өткені біз үшін құпия.Бізге әртүрлі мағұлматтар жеткенімен,оларды уақытқа айналдыру қиын.Мысалы,сол кездегі желаяқтар жүгірген кезде,тіпті аяқтарының ізі құмға да түспеген деседі.Ал кейбіреулерін мәреде ғана көрген,олардың белгілі арақашықтықты қалай жүгіріп өткенін ешкім аңғарып та үлгермеген.Тарихшылардың айтуы бойынша б.з.д.632 жылғы Олимпиада чемпионы Полименестор Милеттегі желаяқтардың бірі болған.Ол өзі шопан екен,өзінің жылдамдығын қозы-лақтарды қуып жүріп шыңдаған.Бір күні осы олимпионаик(сол кезде чемпиондарды осылай атаған)мал бағып жүрсе,алдынан бір қоян жүгіріп шығады.Көзді ашып жұмғанша әлігі тулаған қоян Полименестордың қолында тұрады.Ал қоян секундына 14м жылдамдықпен жүгіреді делік,сонда ғалымдардың есептеуі бойынша 100м аралықты Полименестор 7,2с уақытта жүгіріп өткен.Яғни сол стадийді 15с ішінде жүгірді деуге болады. Сонда қазіргі желаяқтарды Полименестормен салыстыруға тұрмайды.Ең әйгілі деген желаяқтардың өзі 100м қашықтықта одан 25м-ге ұтылып қалар еді. Қысқа қашықтықта жүгіру-жеңіл атлетиканың көп тараған түрі.Қысқа қашықтыққа жататын жүгірудің классикалық түрлері:100м,200м,400м;эстафеталық жүгіріс 4х100;4х200;4х400м-лік болып келеді. Қысқа қашықтыққа жүгіру үшін бойдағы барлық күш-қуатты аз уақытта тиімді пайдалану қажет.Жүгірістің бұл түріне тән нәрсе –аяқтың қуатты әрә жедел қимылын іске асыру,бұлшық етпен буынды бос ұстауды жаттықтыру.Жоғарғы разрядты спортшылар қысқа қашықтыққа жүгіргенде сөрелік тірегішті қолданады. Жарыс кездерінде әр спортшының өз тірегішін қолдануына рұқсат етіледі, оның құрылымы бұрыштарды өзгертетіндей етіп жасалады. «Дайындал!» бұйрығы бойынша артқы тізені жерден көтеріп, денені алға қарай сәл ғанаитереді, жүгірушінің жамбасы иық деңгейінен жоғары көтеріледі. Дене қандай өзгерісте болса да екі аяқты тірегіштен босатпау қажет. Дененің салмағы алдыңғы тірегіштен аяқ пен қол арасына бірдей түсіріледі. Денені жоғары көтерумен бірге баяу тыныс алып, жүгіруге даяр тұру қажет. Осы кезде назарды берілетін дыбысқа аударып, мәре сызығына қарау керек. Дыбыс берілгеннен кейін жүгіруші денесін алға қарай итереді де, екі аяқпен бірдей серпіледі. Артқы тірегіштегі аяқ тірегіштен серпіліп, алға қарай қозғала бастайды. Одан кейіе алдыңғы тірегіштегі аяқ жұмысқа қосылады. Алдыңғы тірегіштен серпілген аяқтың қозғалыс бұрышы әйгілі спринтшілерде (В. Борзов, Ә. Тұяқов, Ғ. Қосанов, Э. Озолин, т.б,) 32-44°, ал төмен разрядшыларда 60-65° болған. Бірінші адым кезінде алдыңғы аяқтың табаны сөре сызығынан 20-40 см жерге өте жақын қойылады. Алдыңғы тірегіштегі аяқтың серпілуі аяқталғанда дене мен бас бір сызық деңгейінде болуы қажет. Тірегіштен бір бағытта зор күшпен серпілу – сөрелік қозғалысты үдетуге көмектеседі. Эстафеталық жүгіру. Эстафеталық жүгіру бірнеше адамнан құрылған команданың жүгіруі. Мұнда қатынасушылар қашықтықтың өздеріне тиісті бөлігін кезекпен жүгіреді. Бірінші кезеңде тұрған жүгіруші сөреде ұзындығы 30 см, диаметрі 3-4 см болатын эстафеталық таяқшаны алады. Жүгіруші жүгіріп болғаннан кейін таяқшаны өз командасының кезекте тұрған жүгірушіге береді. Қатарда тұрған жүгірушілер біткенше жүгіру осылай жалғаса береді. Эстафеталық жүгірудің барлық қиындығы, эстафетаны беру аймағында жүгіруді тоқтатпастан эстафеталық таяқшаны келесі адамға беру болып табылады. Қарсы жүгіру эстафетасы. Қарсы жүгіру эстафетасы неғұрлым жеңіл келеді, мұнда белгілі бір команданың жүгірушілері теңдей екі топқа бөлініп, әрбір қатынасушының жүгіріп өтуіне тура келетін қашықтықта бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Жүгірушілер орналасқан орынға, сырыққа жалауша ілініп қойылады. Сырықтың биіктігі 150 см-ден 180 см-ге дейін болады. Бірінші жүгіруші оң қолымен эстафеталық таяқшаның бір ұшынан ұстап, екінші жүгірушіге қарсы алға қарай аласа немесе биік сөреден жүгіруді бастайды. Екінші жүгіруші оң қолын алға қарай созып, жалаудың сол жағында тұрады. Екінші жүгірушіге екі-үш адым қалғанда эстафеталық таяқша бар оң қолын алға қарай созады. Кезекте тұрған жүгіруші жалаудың сол жағынан жүгіріп өтіп, эстафеталық таяқшаны оның қолынан алады. Шеңбер бойынша эстафета. Бұл эстафетада барлық жүгірушілер бір бағытта жүгіреді. Кезекте тұрған жүгіруші жүгірушіге бет жағын емес, арқа жағын қаратып тұрады. Сонымен қатар эстафетаны бір орында тұрып емес, жүгіріп бара жатып қабылдайды. Эстафетаны жиырма метрлік аймақта береді. Ол жолға көлденең сызылған анық көрінетін екі сызықпен белгіленеді. Бірінші болып жүгіруші жүгіруді төменгі сатыдан бастайды. Кедергілерден қарғып жүгіру. Кедергілерден қарғып жүгірудің техникасы мейлінше күрделі болады. Кедергілерден қарғып жүгірудің ережелері төмендегідей болады: • Біршама қатты жүгіру кезінде ені 1 м 25 см -1м 75 см болатын жеке, көлденең қойылған кедергілерден адымдап секіріп өте білу және секіріп түскеннен кейін, тоқтаусыз алға қарай жүгіре беру; • Жүгіру кезінде биіктігі 50-70 см тік қойылған жеке кедергілерден, тіреп итерілетін аяқты тізеден бүгіп, бір жаққа қарай итеріліп өте білу; • Жүгіру кезінде бір-бірінен арасы тиісті қашықтықта қатарластыра қойылған, онша биік емес тік және көлденең қойылған кедергілерден өте білу. Кедергілерден өткен соң жүгіруді тоқтатпай, кедергілердің арасындағы қашықтықты 3 және 5 жүгіру адымымен жүгіріп өту керек.
|