|
|
Заңсыз аборт жасау
Заңсыз аборт жасау Аборт дегеніміз заңда белгіленген тәртіппен жасанды жолмен жүктілікті жою болып табылады. Аборт әйелдердің өтініші бойынша 12 аптаға дейінгі жүктілік кезінде, әлеуметтік көрсеткіштер бойынша көрсеткіштер бойынша – 23 аптаға дейінгі жүктілік кезінде, ал медициналық негіздер мен әйелдің келісімі бойынша жүктілік мерзіміне қарамастан жүзеге асырылады. Абортты жүзеге асыру осындай қызметті жүзеге асыруға лицензия алған арнаулы мекемелерде жүзеге асырылады. Жүктілікті жасанды түрде жоюдың медициналық негіздерінің (көрсеткіштерінің) тізімін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі анықтайды, ал әлеуметтік көрсеткіштердің тізімі Қазақстан Республикасы бекіткен ережелер бойынша белгіленеді. Қылмыстың объектісі - әйелдердің өмірі және денсаулығы. Объективтік жағынан қылмыс тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі жоқ адамның аборт жасауы арқылы сараланады. Заң бойынша абортты жоғары медициналық білімі бар хирург-гинеколог, акушер-гинеколог жүзеге асырады. Егер абортты жоғары медициналық білімі бар терапевт, невропатолог, медбике, фельдшер тағы басқа жасаса, онда олар осы қылмысты істегені үшін жауапты болады. Мұндай адамдар үшін тек қана аса қажеттілік жағдайында немесе орынды тәуекел ету арқылы әйелдің өмірін сақтап қалу мақсатымен жүзеге асырылған аборт үшін ғана қылмыстық жауаптылық орын алмайды. Субъективтік жағынан Қылмыстық кодекстің 117-бабының 1-тармағында көзделген қылмыс тек тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам өзінде тиісті бағдардағы жоғары медициналық білім жоқ екенін және осыған байланысты аборт жасауға құқығы жоқ екенін сезеді, бірақ та соны тілеп әрекет істейді. Қылмыстың субъектісі –жалпы,16-ға толған тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі бар адамның заңсыз аборт жасағаны үшін жауаптылық көзделген. Егер аборт емдеу мекемесінен тысқары жерде жүзеге асырылса (аса қажеттілік жағдайларынан басқа); аборт жасалатын әйел ауру болса немесе медициналық, әлеуметтік көрсеткіштер бойынша оған аборт жасауға негіз болмаса, бұрынғы жасалған аборттан соң 6 ай мерзім өтпесе, аборт заңсыз жасалған деп танылады. Қылмыс заңсыз аборт жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен және әр түрлі ниеттермен: пайдакүнемдік, тұрмысқа шықпаған немесе некесіз жағдайда болған аяқталған деп табылады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен және әр түрлі ниеттермен: пайдакүнемдік, тұрмысқа шықпаған немесе некесіз жағдайда пайда болған жүктіліктен арылуды өтінген әйелге аяушылық білдіру т.с.с. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі бар засыз аборт жасаған адам (хирурггинеколог), акушер-гинеколог, осы қылмыстың ауырлататаның түрі-Қылмыстық кодекстің 117-бабаның 3-тармағында заңсыз аборт жасағаны үшін бұрын сотталған адамның осы әрекетті қайталағаны үшін жауаптылығы көзделген. Жауаптылықтың шарты – мұндай адамның сотталғандығы жойылмауы немесе сотталғандықтан арылмауы қажет. Егер сотталғандық атақ жойылса немесе одан заң бойынша арылса, онда кінәлінің осындай әрекеті ҚК-тің 117-бабының І,ІІ немесе ІІІ тармақтары бойынша саралануы мүмкін. Қылмыстық кодекстің 117 бабының 4-тармағында осы қылмыстың аса ауырлататын түрі тиісті бағдардағы жоғары медициналық білім бар адамның, сондай-ақ мұндай білімі жоқ адамның заңсыз аборт жасауы абайсызда жәбірленушінің өлуіне не оның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққаны үшін жауаптылық көзделген. Қылмыстық кодекстің 117 – бабының 4-тармағында көрсетілген қылмыс материалдық құрамға жатады. Сондықтан да заңсыз жасалған аборт пен одан орын алған зардаптың арасындағы себепті байланысты анықтау қажет. Ауыр зиян келтірудің түсінігі Қылмыстық кодекстің 103-бабында берілген. Субъективтік жағынан қылмыс кінәлінің екі бірдей нысаны арқылы жүзеге асырылады.
|
| Категория: Биология, Валеология | Добавил: Аслан (16.02.2011)
|
| Просмотров: 1663
|

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|
| |
|