|
|
Науқасқа көмек көрсетпеу
Науқасқа көмек көрсетпеу Қылмыстың тікелей объектісі – ауру адамның өмірі және денсаулығы, Қылмыс құрамы материалдық. Қылмыстық кодекстің 118-бабының 1-тармағы бойынша заңға сәйкес немесе арнайы ереже бойынша көмек көрсетуге міндетті адамның дәлелді себептерсіз науқасқа көмек көрсетпеуі, егер бұл абайсызда науқастың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққаны үшін жауаптылық белгіленген. Қылмыс объективтік жағынан: 1) заңға сәйкес немесе арнайы Ереже бойынша көмек көрсетуге міндетті адамның дәлелді себептерсіз науқасқа көмек көрсетпеуі; 2) бұл әрекетсіздіктен абайсызда науқастың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірілуі; 3) әректсіздіктен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыстың болуы арқылы көрініс табады. Заңға немесе арнайы ережеге сәйкес медицина қызметкерлері, басқа адамдар бақытсыз жағдайларға байланысты зардап шеккендерге, жарақат алғандарға, ұландарға немесе басқадай кенеттен пайда болған аурумен ауырғандағы тез арада көмек көрсетуге міндетті. Мұндай көмекті медициналық мекмелер аумақтық, ведомстволық немесе меншік нысанына, бағыныштылығына қарамастан тез кез келген уақытта, кез келген жерде көрсетуге міндетті. Дәлелді себептерсіз науқасқа көмек көрсетпесе және одан заңда көрсетілген зардап орын алса, онда кінәлі Қылмыстық кодекстің осы бабының тиісті тармақтары бойынша жауапқа тартылады. Дәлелді себептерге – тойтарылмайтын күш орын алуы (су тасқыны, жер сілкіну), аса мәжбүрлік жағдайына байланысты дер кезінде көмек бермеушілік жатады. Дәлелді себептермен науқасқа көмек көрсетпеу қылмыстық жауаптылықты жоятын мән-жайға жатады. Қылмыс заңда көрсетілген зардап-науқастың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірілген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Орын алған зардап кінәлі адамның әрекетсіздігі себепті болуы керек. Қылмыстың субъективтік жағы әрекетсіздік жөніндегі қасақаналық, ал одан орын алатын зардап абайсыздық болады. Қылмыстың субъектісі – арнаулы 16-ға толған, науқасқа көмек көрсетуге міндетті адам. Қылмыстық кодекстің 118-бабының 2-тармағында осы қылмыстың аударылатын түрлері: абайсызда науқастың өлуіне не оның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттер үшін жауаптылық көзделген. Мұндай зардаптарға сипаттама Қылмыстық кодекстің 101 және 11-баптың 1-тармағында берілген.
|
| Категория: Биология, Валеология | Добавил: Аслан (16.02.2011)
|
| Просмотров: 2998
|

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|
| |
|