Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Биология, Валеология

Денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру


Денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру

Қылмыстық кодексте денсаулыққа кенеттен пайда болған жан күйзелісі (аффект) жағдайында жасалған, жәбірленушінің тарапынан зорлық жасауға, қорлауға немесе ауыр тіл тигізуге, не жәбірленушінің құқыққа қарсы немесе моральға жат әрекеттерінде (әрекетсіздігіне) байланысты, сонымен бірге жәбірленушінің ұдайы құқыққа қарсы немесе моральға жат мінез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психикалық бұзылу жағдайында қасақана ауыр зиян келтіру үшін жауаптылық көзделген.
Қылмыс объективтік жағынан жан күйзеліс жағдайында, жәбірленушіге қасақана ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру арқылы сипатталады. Жан күйзелістік жағдайдың түсінігін Қылмыстық кодекстің бабын талдағанда берілген, сондай-ақ жоғарыда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіру туралы да сипаттама бергенбіз.
Субъективтік жағынан бұл қылмыс қасақаналықпен (тікелей немесе жанама) жүзеге асырылады.6
Қылмыстың субъектісі-16-ға толған адам.
Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру
Қылмыс объективтік жағынан алғанда денсаулыққа қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған қасақана ауыр зиян келтіру арқылы сипатталады.
Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде зиян келтірудің түсінігіне, қажетті қорғансы шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіруді талдағанда тоқталғанбыз.
Ауыр зиян келтірудің түсінігі Қылмыстық кодекстің 103-бабында көрсетілген. Осы бап бойынша тек қасақана ауыр зиян келтірген жағдайда ғана қылмыстық жауаптылық туындайды, қажетті қорғаныс шегінен шығу арқылы басқа жағдайларда келтірілген зтян келтірушілік үшін жауаптылық белгіленбеген.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналықпен келеді.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған адам.
Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру
Қылмыс объективтік жағынан қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану кезінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру арқылы сипатталады.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің түсінігі Қылмыстық кодекстің 103-бабында толық берілген. Ал қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде қажетті шараларды асыра қолданудың шарттары Қылмыстық кодекстің 23, сондай-ақ 100 баптарында көрсетілген.
Субъективік жағынан қылмыс қсақаналықпен (тікелей немесе жанама) сітеледі.7
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған кез келген адам.
Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру
Қылмыстық кодекстің 111-бабының 1-тармағында денсаулыққа абайсызда ауыр зиян келтіргені, ал 2-тармағында абайсызда екі немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін жауаптылық көзделген.
Осы баптың 4-тармағында абайсызда екі немесе одан да көп адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген.
Денсаулыққа абайсыздықпен жеңіл жарақат келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық белгіленбеген.
Көрсетілген қылмыс субъективтік жағынан абайсыздықпен менмендік немесе немқұрайдылық
Істеледі.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған адам.
Қорқыту
Қылмыстың тікелей объектісі адамдардың өмірі мен денсаулығы.
Қылмыс объективтік жағынан өлтіремін немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіремін деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлікті өртеп құртамын деп жарылыс жасау немесе өзге жалпы қауіпті тәсілмен қорқыту, бұл қорқытудың іске асатындыған қауіптенудің жеткілікті негіздері бар екендігі арқылы сипатталады.
Заңда қорқытудың нақты түрлері – (өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, адамның жеке басына күш көрсету, мүлікті өртеу, жарылыс жасау, жалпыға қауіпті тәсілді қолдану) нақты көрсетілген. Қорқытуды білдіру тәсілі сан алуан (ауызша, жазбаша, белгі беру немесе үшінші бір адам арқылы сәлем айту, белгілі бір нақты әрекеттер жасау) болуы мүмкін.
Қылмыстық жауаптылықтың негізгі шарты – жоғардыа көрсетілген қорқыту тәсілдерінің іске асатындыған қауіптенудің жеткілікті негіздері бар екендігі болып табылады. Мұндай негіздер әр түрлі факторларды есепке ала отырып нақты жағдайларға байланысты шешіледі: кінәлінің қорқыту әрекеттерін жасау тәсілдері, оның қару-жарағының болуы; жеке тұлғасының ерекшеліктері (бұрын сотталғандығы, эмоциялық жау-күйі, т.с.с.). Қылмыс формальдық құрамға жатады және ондай қорқытулар жәбірленушіге мәлім болған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Егер өлтірмені деген қорқыту қару-жарақ сатып алумен ұштасса, онда кінәлінің әрекеті кісі өлтіруге даярланғандық болып табылады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет әр түрлі болуы мүмкін, ол жаза тағайындалғанда есепке алынады.
Қылмыстың субъектісі – 16-ға толған адам.

Категория: Биология, Валеология | Добавил: Аслан (16.02.2011)
Просмотров: 1386

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]