Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Биология, Валеология

Денсаулыққа қарсы қылмыстардың объектісі және субъектісі


Денсаулыққа қарсы қылмыстардың объектісі және субъектісі

Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстарды топтастырайық. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адам денсаулығына қарсы қылмысқа қандай қылмыстар жататыны нақты көрсетілген. Сонымен адам денсаулығына қарсы қылмыстарға мыналар жатады:
1) денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру; 2) денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру; 3) денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру; 4) азаптау 5) денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру ; 6) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру; 7)қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру; 8) денсаулыққа абайсызда зиян келтіру; 9) қорқыту; 10) адамның органдары мен тінін алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу; 11) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы; клиникалық сынақтар жүргізудің және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолданудың тәртібін бұзу; 12) соз ауруларын жұқтыру; 13) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру; 14) заңсыз аборт жасау; 15) науқасқа көмек көрсетпеу; қауіпті жағдайда қалдыру.
Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың объектісін, объективтік жағын субъектісін, субъективтік жағын жеке жеке талдайық.
Дене жарақатының объектісі - бөгде адамның қалыпты денсаулығы болып табылады.2
Адам денсаулығына қарсы қылмыстардың объективтік жағы басқа адамның денсаулығына, құқыққа қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктер арқылы зиян келтірумен көрініс табады. Көбінесе дене жарақаты әрекет арқылы жасалынады. Кінәлі адам жәбірленушінің денсаулығына әр түрлі жолдармен, атап айтсақ, механикалық әсер ету арқылы (мүшелерге зақым келтіру), химиялық жол арқылы (улау, қышқылмен күйдіру), электрлік жолмен, (тоқпен ұру), термикалық әсер ету (ағзаға инфекциялы ауруларды жұқтыру) арқылы, сонымен қатар психикалық әсер ету арқылы (гипноз) және басқа тәсілдер арқылы дене жарақатын келтіреді. Әрекетсіздік арқылы да дене жарақаты келтірілуі мүмкін, егерде белгілі бір адам өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса.
Кейбір кездері дене жарақатын келтіру қылмыстық жауаптылықтан босатылуға негіз болып табылады, егер бұл жарақат мәжбүрлік қажеттілік жағдайында, яғни емдеу мақсатында болса. Мысалы, егер жәбірленуші өзінің ағзасына хирургиялық ооперациялар жүргізуге келісімін берсе, онда хирургтер осы хирургиялық операциялардан туындайтын белгілі бір зардаптарға жауап бермейді, себебі жәбірленуші хирургиялық операциялардан туатын салдарға қарсы болмады. Дене жарақатын келтіру спорт жарыстары кезінде де орын алуы мүмкін. Спорттың нақты түріне қатысты жалпы ережені сақтамау салдарынан туған дене жарақаты денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде сараланады. Мысалы, футбол кезінде футбол ережесін өрескел бұзған кінәлі бөгде адамға дене жарақатын келтірсе, онда оның әрекеті денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде танылады.3
Дене жарақатын келтірудің субъективтік жағы 2 нысаннан тұрады: 1) қасақана (тікелей және жанама), 2) абайсызда (менмендік және немқұрайдылық). Тікелей қасақана дене жарақатын келтіруді тілеп, алдын ала ойластырып, жоспарлы түрде мақсаттар жасауы, ал жанама қасақаналықта кінәлі сондай зардаптың болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді. Абайсыздық нысанынығ өзінде сенімділік түрінде кінәлі өзінің әрекетінен немесе әрекетсіздігінен туатын салдардың, яғни дене жарақатының болуын көре алады, бірақ ол салдар бола қоймас ау деген өзіне сенімділік ниетте болады, немқұрайдылық түрінде адам дене жарақатының болатынын көре алмайды, бірақ көруге тиісті болатын. Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың субъектілері туралы мәселеге тоқталайық.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабының тармағында көрсетілген дене жарақатын салумен байланысты мына қылмыстарды жасаған есі дұрыс субъектілер үшін 14 жас белгіленеді: 1) денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру; 2 ауырлататын мән – жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтіру.
Ал мына дене жарақаттарын салғаны үшін заң бойынша есі дұрыс субъектілер үшін 16 жас белгіленеді: 1) денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру; 2) азаптау 3) денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру ; 4) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру; 7) қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру; 8) денсаулыққа абайсызда зиян келтіру; 9) қорқыту; 10) соз ауруларын жұқтыру; 11) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру; 12) заңсыз аборт жасау; 13) қауіпті жағдайда қалдыру.
Ал мына төмендегі дене жарақаттарын салумен байланысты қылмыстарды жасаған есі дұрыс арнаулы субъектілер заң бойынша жауапкершілікке тартылады: 1) заңсыз аборт жасау; 2) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің өзінің кәсіптік міндеттерін иісінше орындамауы; 3) ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның орандарын немесе тінін алуға мәжбүр ету; 4) науқасқа көмек көрсетпеу. 4. Клиникалық сынақтар жүргізудің және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің әдістері мен құралдарын қолданудың тәртібін бұзу. Осы жоғарыдағылардан айқын болғандай кейбір дене жарақатын салған есі дұрыс субъектілер үшін 14 жас, ал кейбір субъектілер үшін 16 жас.
Сонымен қатар дене жарақаты қылмысын жасайтын арнаулы субъектілер де бар.
Енді ауыр дене жарақатын салу түсінігі мен түрлеріне тоқталайық. Жалпы денеге жарақат түсіру деп бөгде адамның денсаулығына қасақана заңсыз түрде немесе абайсыз денедегі ұлпалардың анатомиялық тұтастығын бүлдіру жолымен, әйтпесе басқа жолмен оның ағзаларының дұрыс жұмыс істеуін бұзу арқылы зиян келтіруді айтамыз.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ұғымына келетін болсақ, ол былай делінген: «Адамның өміріне қауіпті немесе көруден, тілден, естуден, қандай да болсын органнан айырылуға немесе органның қызметін жоғалтуға немесе бет әлпетінің қалпына келместей бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, сондай-ақ өмірге қауіпті немесе еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кінәліға мәлім кәсіби еңбек қабілетін немесе түсік тастауға, психикасын бұзуға, есіртікімен немесе уытты умен ауруға душар еткен, денсаулықтың бұзылуын тудырған, денсаулыққа өзге зиян келтірген қасақана ауыр зиян келтіру».

Категория: Биология, Валеология | Добавил: Аслан (16.02.2011)
Просмотров: 1686

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]