
Акробатика Акробатикалық жаттығулар спорттың өзге де көптеген түрлкрі сияқты дененің жан-жақты дамуына ықпал етеді.Адам тұрмыс-тіршілікте,жалпы өз өмірінде әр түрлі жғдайларға кезігеді.Акробатикалық жаттығуларды орындау адам дкне мүшелерін өмірде кездесетін қиындықтарды жеңе білуге даярлайды. Статикалық қалыптар-көпірге тұруды,жауырынға және қолға тұруды,қолға тіреліп барып бір жағына аударылып түсуді үйрену үшін қарапайым,бірақ соған даярлау мақсатынкөздейтін төмендегідей жаттығуларды үнемі орындап жүрген дұрыс. Ер балалар үшін: 1.Биіктігі 80см-ге дейін қатты кедергілерден(ағаш ат,кіші ат,төсеніштер,т.б)жүгіріп келіп, ұзынынан алға қарай домалап түсу. 2.Қолмен алға қарай көткрілген аяқтың тобқ тұсынан ұстап,адымдап барып,алға қарай тоңқалаң асып түсу. 3.Жаттығуды бастар алдында жаттығушының өзі лақтырған волейвол добын қағып алу арқылы алға қарай тез асып түсуді орындау. 4.Жартылай жүрелеп отырған күйде,адымдап жүріп,ұзынынан алға қарай домалап түсу. 5.Бір аяқты серме,екінші аяқты тіреп итеріліп,жолдасының көмегімен баспен және қолмен тұру. 6.Бұл да сондай,бірақ қолды тіреп жүрелеп отыру қалпынан екі аяқты қабырғаға,т.б.заттарға тіреп,екі қолға тұру. 7.Бапспен тұру қалпынан артқа қарай иіле отырып,басты,қолды және аяқты тіреу арқылы көпір қалпына аударылып түсу. 8.Қолды тіреп,жүрелеп отыру қалпынае,бір аяқты сермеп қалып,жолдасының көмегімен екі қолмен тұрады.Бұл жаттығуды,ең алдымен,қабырғаның жанында тұрып үйрену керек. 9.Бұлда сондай,бірақ арасының алшақтығы 50 см бірінің үстіне бірі керіліп қойылған жіптен тоңқалаң асып түседі.Керілген төменгі жіп еденнен 1м биіктікте тұрады. 10.Бір-біріне қарама қарсы қолдарын айқастырып ұстап тұрған екі жолдасының қолдарына арқасын тіреп,екі қолмен тік тұрғаннан кейін аударылып түсу. 11.Бір аяқпен тұрып солға және оңға бір жақ бүйірімен аударылып түсу,бұл кездебір аяқпен бір қолаударылып түскен бүйір жақта қалады. 12.Көмексіз,баспен және қолмен тұру. Бір аяқпен тепе-теңдік сақтап,Қарлығаш қалпын ұстау,тіктеліп,оң аяқты үстінен айқастыра адым жасау.Кері айналып таянып отыру.Жинақталып артқа тоңқалаң асу;жауырынға аударылып түсу-жауырынмен тұру,екі аяқты бастан асыра,аяқтың ұшын еденге тигізу.Алға аударылып түсіп,аяқтардың арасын алшақ қойып отыру-қолды артқа тіреу;кеудені аяққа қарай еңкейту;жазылып-шалқалап жатқан қалыпқа келу;аяқты бүгіп көпір жасау;жауырынға жатқаннан кейін тығыз жинақталу; жазылып солға бұрылып,кері аударылып,етпетінен жатқан қалыпқа келу,таянып жату,таянып отыру,қолға тұру;жинақталып тоңқалаң асу,таянып отыру қолды жоғары сілтеп биікке секіру. Қыз балалар үшін: 1.5-7 сыныптарға арналған жаттығулармен шұғылдану. 2.Алға қарай созылып қойылған аяқтың тобығынан ұстап,алға қарай адымдап барып,алға домалап түсу.Жинақталып алға қарай тоңқалаң асу,артқа аударылып түсіп,жауырынға тұр;арқасымен жатып,аяқты алшақ қойып отыру –екі қолды артқа тіреп отыру,еудені аяқтарға қарай еңкейту;жазылып шалқалап жатқан қалыпқа келу.Аяқтарды бүгіпкөпірге тұру.Бір тізерлеп таянып тұрып бұрылып,жартылай шатқа отыру;таянып отырған қалыптан жоғары қарай қолды сермей секіру. Акробатика элементері материалының ең негізгісі –домалап түсу және сүйемелдеу арқылы жауырынмен және қолмен түсу. Оларды орындау техникасымынандай болады. Алға қарай тоңқалаң асу,денені жинақтап алып аударылып түсу.Оған кесінше,артқа қарай домалап,асып түсу,жаттығудың аяқ кезінде қолды тіреу арқылы денені аударып түсіру. Алға да,артқа да домалап түсуді орындау үшін жинақталу қажет.Жинақталуды үйренген соң,бастапқыда біреудің көмегі арқылы,алға қарай домалап түсуге көшу керек.Жаттығу жасаушы жүрелеп отырады, бас екі тізенің арасына қарай еңкейтіледі. Қауіпсіздендіруші бала бір қолының алақанын оның желкесіне қояды. Аяқты тіреп итерілу қарсаңында және домалап түсудің алдында қауіпсіздендіруші қолымен жаттығушының желкесін басып, басын төсенішке тигізбей, екі тізесіне қарай жақындатады. Сөйтіп, денені бірден аударып түсіруге көмектеседі. Алға қарай домалап түсуді өз бетінше орындауды үйренген соң күрделендіре орындауға көшу керек. Артқа қарай домалап түсуді үйренгенде жүйелілік барынша сақталған жөн. Артқа домалап түсуді әуелі шалқалап жатып. Қолды иықтан асыра тіреу арқылы артқа тербетілуден бастаған жөн. Сосын жауырынға тұрған қалыптан артқа қарай аударылып. Қолды иықтан асыра еденге тигізіп, қайтадан жүйелеп отыру. Келесі кезек жүрелеп отырудан артқа домалап түсу; қолды тіреп тізерлеп отыру; домалап асып түсіп, аяқты алшақ қойып тіреп тұру; артқа қарай домалап асып түсу арқылы қолды тіреп отырғаннан кейін жоғары секіру; артқа қарай қатарынан екі-үш рет домалап асып түсу; аяқты бірге ұстап жауырынға тұрудан артқа қарай домалап асып түсу. Жауырынмен тұру шынтақты жерге тіреу арқылы жүзеге асырылады. Жауырынға тұру техникасын баянды ету үшін аяқпен әр түрлі қимыл- қозғалыстар жасау керек: аяқты бүгу, алшақ етіп ұстау, бір аяқты алға, екіншісін артқа жіберу, т.с.с. Жалпы акробатикалық жаттығуларды үйрену барысында қауіпсіздік қондырғылары болғаны жөн.
|