Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Биология, Валеология

Адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧЖҚТБ) жұқтыруы


Адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ) жұқтыруы
Қылмыстық кодекстің 116 бабының 1-тармағында басқа адамды көрінеу ВИЧ/ЖҚТБ-ны қаупінде қалдырғаны үшін жауаптылық көзделген.
Қылмыстың тікелей объектісі адамдардың өмірі және денсаулығы.
Қылмыс объективтік жағынан басқа адамды көрінеу көрсетілген ауруды жұқтыру қаупіне қалдыруы арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта ғылымда осы ауруды жұқтырудың екі түрлі жолы белгілі. Оны бірінші жыныстық қатынас арқылы, ал екінші қан арқылы (медициналық құралдары, шприцтерді тиісті дәрежеде пайдаланбай, осы аурумен ауыратын адамның қанының басқа адамға жағылуы т.с.с).
Қылмыс құрамы формальдық, 116-баптың 1-тармағы бойынша жауаптылық ВИЧ/ЖҚТБ –ауруын жұқтыру қаупін туғызған сәттен бастап танылады. Бұл жерде қылмыс зардабы орын алмайды. Жұқтыру тәсілінің саралауға әсері болмайды.
Субъектвитік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Ол туралы заңның өзінде әрекетімен басқа адамға ВИЧ/ЖҚТБ –ауруын жұқтыру қаупін төндіргенін сезеді және осы әрекеттерді істеуді тілейді.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған, өзінде иммун тапшылығы вирусы (ВИЧ/ЖҚТБ) бар адам. Қылмыстық кодекстің 116-бабының 2-тармағында өзінде ВИЧ/ЖҚТБ бар екендігі туралы білетін адамның оны басқа адамға жұқтыруын қарастырған. Бұл қылмыс көрсетілген ауруды нақты жұқтырған уақытттан бастап аяқталған деп танылады. Осы баптың 3-тармағында екі немесе одан да көп адамға, не көрінеу кәмелетке толмағандарға ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтырғаны үшін жауаптылық белгіленген.
Қылмыстық кодекстің 116-абының 4-тармағында медицина қызметкерінің, сондай-ақ тұрмыстық немесе өзге халыққа қызмет көрсету ұйымы қызметкерінің өздерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауының салдарынан басқа адамға ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтыру – үшін жауаптылық белгіленген.
Қылмыстық кодекстің 116-бабының 4-тармағында медицина қызметкерінің, сондай-ақ тұрмыстық немесе өзге халыққа қызмет көрсету ұйымы қызметкерінің өздерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауының салдарынан басқа адамға ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтыру – үшін жауаптылық белгіленген. Қылмыстың бұл құрамының ерекшелігі оның арнаулы субъекті – медицина қызметкерлерінің немесе кәсіптік міндеттерін атқаратын өзге де адамдар арқылы істелетіндігінде болып табылады. Субъективтік жағынан бұл қылмыс – 116-баптың 4-тармағы абайсыздықпен істеледі. Егер іс-әрекет қасақаналықпен істелсе, онда кінәлінің әрекеті қылмыстардың жиынтығы (ауыр дене жарақатын келтіру және 116 баптың тиісті тармағы бойынша сараланады.
Әйел зорлау, нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану, он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу және нәпсіқұмарлық өзге іс-әрекеттер, жас балаларды азғындату әрекеттерін жүзеге асыру кезінде жәбірленушіге кінәлінің ВИЧ/ЖҚТБ вирусын жұқтыру әрекеттері қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.

Категория: Биология, Валеология | Добавил: Аслан (16.02.2011)
Просмотров: 1330

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]