Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Қазақ әдебиеті

Жолтай Әлмашұлы


1957 жылы 14 ақпанда қазіргі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Қыраш ауылында дүниеге келген. 1974-1979 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыды. 1979-1989 жж. Қызылорда облысында газеттерде, комсомол жұмысында болды. 1989-1991 жж. Алматы жоғары партия мектебінде оқыды. 1991 жылдан бастап Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің аппаратында, Президент пен Үкімет апараттарында референт, консультант, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары секілді қызметтер атқарып келеді. Бүгінде Республика Үкіметі Үкіметтік басылымдарының Бас редакторы.
"Балдырған" журналының жабық бәйгесінің бірнеше дүркін жеңімпазы. Түркістанның 1500 жылдығына арналған әдеби шығармалар бәйгесінде жүлде алған.
Ел тәуелсіздігінің 10 жьмдығына арналған көркем шығармалар бәйгесінде "Оянған ұрпақ" деген романы жүлдегер атанды.
"Біздің команда", "Күн тәртібі", "Жетім жұлдыздар", "Сұлтанбек Қожанұлы", "Нәзір Төреқұлұлы", "Найзашың", "Әуезовке қайта оралу", "Қызыр қонған Түркістан", "Сұлуды сүю", "Қасиетті мекендегі қала", "Ахмед Ясауи қаласы", "Әзірет Сұлтан аңызы", "Зов свободы" секілді кітаптардың, "Оянған ұрпақ", "Ұмытылған ұрпақ", "Күлкі мен жас" романдарының, бірнеше драмалық шығармалардың авторы.

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Аслан (13.02.2011)
Просмотров: 1563

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]