Әкесі Бортоғаш деген кісі. Алшын руын ежелден билеген ірі ақсүйектер тұқымынан шыққан Жиенбет Еңсегей бойлы Ер Есімнің Кіші жүздегі ел басқарушы биі,әскербасы, батыры қызметін атқарады. Есімнің көрші хандықтармен арадағы соғыстарына қатысады, ерлігімен, іскерлігімен танылады. Әсіресе,1620 жылы ойраттармен арада шыққан соғыста қазақтардың жауды ойсырата жеңуіне ұйытқы болады. 1627 жылы Қазақ Ордасы құрамынан бөлініп, өз алдына тәуелсіз хандық құрғысы келген Ташкент ханы Тұрсынның көтерілісін басу кезінде де елеулі рөл атқарады. Алайда көп ұзамай-ақ орталыққа сөз жүзінде ғана бағынып, Кіші жүзде дербес билік құра бастаған Жиенбеттің өзі деханның қаһарына шалынады. Жыраудың інісі Жолымбеттің бір жеңілтек ісін сарайды қорлау деп санаған Есім бұл мәселеге ақынның өзін де іліктіреді. Жырау ойраттармен шекара - шығыс бетке айдалады. Бір деректерге қарағанда, Жиенбет сол айдауда өледі, енді бір деректердің айтуынша,1643 жылы Есім хан дүниеден көшкен соң, туған жеріне қайтып оралады.
|