Жанкісі ХVIII ғасырдың аяғы, ХIХ ғасырдың алғашқы жартысында жасады деп шамалауға болады. Ақын Арқада туып - өскен және өз заманының ділмар билерінің бірі болған. Ғасырдың алғашқы жартысында, аумалы-төкпелі заман кезінде Қоқан билігіндегі Сыр бойына қоныс аударған сияқты. Ел аузында Жанкісінің қоқандықтар қолынан өлгені және өлім арты құн даулаған үлкен толқынысқа ұласқаны туралы дерек сақталған.
|