Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Қазақ әдебиеті

Жанғали Набиуллин


1936 жылдың 13 желтоқсаны күні Батыс Қазақстан облысы Жаңақала (қазіргі Бөкей Ордасы ауданы) «Жемісті » колхозында дүниеге келген.
Жемісті бастауыш, Ұялы жетіжылдық. С.М.Киров атындағы орта мектептерде оқып, 1954 жылы Фурманов орта мектебін тәмәмдаған.
1960 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын бітіріп, жоғары білім алды.
Содан кейін, қырық үш жыл бойы, аудандық, облыстық және республикалық баспасөз орындарында қызмет етті. Қазақстан Жазушылар Одағының Батыс Қазақстан облысаралық бөлімшесінде әдеби кеңесші қызметін атқарды.
Ұзақ жылдардағы шығармашылық еңбегі үшін «Жаңақала, Бөкей Ордасы аудандарының, Орал қаласының «Құрметті Азаматы» атағына ие.
Алғашқы өлеңдері «Жазушы» баспасынан шыққан «Жас дәурен» ұжымдық жинаққа енді.
Ақынның көркем туындылары
«Ақ жаңбыр» - 1967 жыл. «Жазушы» баспасы.
«Таныс әуендер» - 1968 жыл. «Жазушы» баспасы.
«Ақ сөйле, жүрегім!» - 1969 жыл. «Жазушы» баспасы.
«Орда - қаһармандар қаласы» -1972 жыл. «Жазушы» баспасы.
«Қасқағым» -1983 жыл. «Жазушы» баспасы.
«Әнші жылдар» - 1986 жыл. «Жазушы» баспасы.
«Жоғары кернеу» -1989 жыл. «Жазушы» баспасы.
«Жетінші перне» - 2001 жыл (Бірінші том).
«Жетінші перне» - 2001 жыл (Екінші том).
«Жетінші перне» - 2003 жыл (Үшінші том).
«Жетінші перне» - 2001 жыл (Бірінші том).
«Жетінші перне» - 2002 жыл (Төртінші том).
«Жетінші перне» - 2005 жыл (Бесінші том).
«Жетінші перне» - 2009 жыл (Алтынші том).
«Он сегіз жасқа толмаған махаббатым» - 2009 жыл.
Ең үздік өлеңдері 1977 жылы «Қазақ Совет поэзиясының антологиясына» енген.
1969 жылдан СССР және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. 1961 жылдан СССР және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.
Жемісті шығармашылық еңбегі үшін Қазақстан Президентінің Мақтау грамотасымен, Қазақстан Журналистер Конгресінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
2006 жылы «Жыл ақыны» номинациясы бойынша «Қыран » сыйлығымен марапатталды.

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Аслан (13.02.2011)
Просмотров: 1251

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]