Жаяу Мұсаның туып-өскен жері- қазіргі Павлодар облысы,Баянауыл ауданы.Әкесі Байжан кедей шаруа болған.Жаяу Мұса жасынан өнерпаз талапкер болып өседі,өз бетімен оқиды.Кейін Омбы қаласына барып,орысша оқуға түседі.Сол қалада оқып жүрген кезінде, жаз айларында еліне келіп-кетіп жүріп,шонжар Шорман тұқымдарының парақорлығын,бұқараға көрсеткен зорлық-зомбылығын әшкерелеп газетке жазады.Сол жылдарда дуанбасы боп сайланып,полковник шенін алған Шорманның Мұсасы Омбыдағы губернаторға Жаяудың үстінен шағым жасайды, патшаға қарсы адам деп жала жауып,Тобыл қаласына 12 жылға жер аудартады.Бірақ Жаяудың өтініші бойынша жер аудару жазасы әскер қызметіне ауыстырылып,ол арбакеш болып жұмыс істейді.Генерал Черняев әскерінің қатарында Жаяу Мұса Петербург қаласында,Поьша,Литва жерлерінде болады.Кейін Черняев әскерінің Орта Азия экспедициясына қатысады, сол сапарда Шоқан Уәлихановпен кездеседі. Жаяу Мұса Арқадағы Біржан сал мен Ақан сері бастаған әнші-ақындар тобының әріден келе жатқан дәстүрін дамыта түсті.Ол әрдайым халықтық - бұқарашылдық бағытты берік ұстайды,сол замандағы қазақ ауылының шындығын батыл суреттейді.
|