Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс өңірінде туып-өскен. Ескіше хат таныған, өлең-жырды жазып та, ауызша да айтып шығарған. Өзі тұстас талай ақын-жыраулармен айтысқа түскен. Ол атақты Майлықожа ақынмен өнер жарыстырған. Негізінен толғау ақыны. «Қанай датқаға», «Майлы ақынға» деген толғаулары бар. «Мәделінің елімен қоштасқаны», «Еш нәрсе бұл дуниеге болмас тұтқа», «Бәйтерек Байзақ едің мақтап жүрген», «Іліп алма» деген өлең-жырларында өз кезінің алуан шындығын көрсеткен. «Арыстанбайға» атты арнау өлеңі «Жас қайрат» журналында (1924, № 5) жарияланған. Көптеген өлең-жырлары, толғаулары, айтыстары қолжазба күйінде Ұлттық кітапхана қорында сақтаулы.
|