Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Қазақ әдебиеті

Есенғали Раушанов


1957 жылы 5 қазанда Қарақалпақ АКСР-інде туған.
1973 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Келінтөбе совхозындағы №192 орта мектепті бітірген соң, 1975-1977 жж. Кеңес әскери күштері қатарында Солтүстік Кавказ әскери округінде қызмет атқарды. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Өлеңдері 1973 жылдан бері жарияланып келеді. 1983 жылы "Бердәулет пен Жоламан" атты поэмасы Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің, Қазақстан Жазушылар одағы, Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитеті мен "Жалын" баспасының озық шығармаларға жариялаған бәйгесінде бірінші орын алды.
1983-1987 жж. "Жалын" және "Арай" журналдарында поэзия болімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, 1988-1995 жж. "Білім және еңбек" ("Зерде") журналының бас редакторы қызметін атқарды. Қазір "Жазушы" баспасының директоры.
Өзбек классигі Хамза Ниазидің өлеңдерін өзбек тілінен тікелей аударып, жеке кітап етіп шығарды. Ортағасырлық тарихи танымдық жәдігер "Темір жарғышары" да тұңғыш рет қазақ тілінде Е.Раушанов тәржімасымен сөйледі.
Өлеңдері орыс, литва, болгар, чех, украин, озбек, қырғыз тілдеріне аударылған.
Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының жөне Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты. Мәскеуде өткен жас ақын-жазушылар фестивалінің, сондай-ақ Қазақ КСР-і шығармашьшық жастарының "Жігер" фестивалінің тұңғыш лауреаты. Қазақ КСР-і сыйлықтарымен және тәуелсіз Қазақстанның он жылдығы медалімен марапатталған.
Шығармалары: Бастау. Өлеңдер. А., "Жалын", 1980; Келінтөбе. Өлеңдер. А., "Жалын", 1984; Шолпан жұлдыз туғанда. Өлеңдер. А., 1986; Ғайша бибі. Өлеңдер. А., "Жазушы", 1992; Қара бауыр қасақалдақ. Өлеңдер. А., "Жалын", 1995.

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Аслан (13.02.2011)
Просмотров: 1140

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]