Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Қазақ әдебиеті

Дихан-Баба Әбілев


Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Мойылдыбұлақта туған. Семей ауылшаруашылығы техникумын, Алматыдағы Коммунистік Журналистер институтын (1937), Қазақ КСР Ғылым академиясының аспирантурасын (1948) тамамдаған. 1927-1934 жж. халық ағарту, баспасөз қызметтерінде болды. Баянауыл аудандық "Ленин туы" газеті редакторының орынбасары, республикалық "Қазақ әдебиеті" газетінің жауапты хатшысы, Бас редактордың орынбасары, 1937-1939 жж. Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, 1961-1962 жж. Көркем әдебиет баспасының Бас редакторы. 1942 жылдан 1946 жылға дейін Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Тұңғыш өлеңі - "Қызыл әскерге" 1925 жылы Семейдегі "Қазақ тілі" газетінде жарияланды. Алғашқы шығармалары жинағының кейбірі мыналар: "Шалқыма" (поэма), "Бармақ" (поэма, 1937), "Қуат" (поэма, 1938), "Сүйемін" (өлеңдер, 1939), "Мұңсыз Мәрия" (поэма, 1940). Жауынгер ақынның "Москва түбінде" (1942), "Майданбек" (Өлең-роман, 1943), "Бибінұр" (1949), "Жұлдызды жігіт", "Дала солдаты" (1945) поэмалары от ішінде, оқ астында туған. "Жүректен" (1945), "Тұлға" (1948) өлеңдер жинақтары да осы тақырыпты өзек еткен. Соғыстан кейінгі бейбіт заманда ақын Риддер кеншілерінің өмірінен "Алтай жүрегі" атты өлең роман (1955) жазды. Оның С. Торайғыров өмірінен жазған "Ақын арманы" (1964), "Арман жолында" (1968), "Баянауыл баурайында" (1975) атты прозалық роман-трилогиясы қалың жұртшылықка кеңінен мәлім. Кезінде осы аталған сүбелі туындылардың бәрі дерлік орыс тіліне аударылған. Драматургия жанрында жазған "Қарулас достар" (1948), "Майра" (1954), "Біржан сал мен ақын Сара" туындыларын жазды. Сондай-ақ қазақ тілінде орыс, украин, түрік, армян классиктерінің поэмаларын аударған.
"Қызыл Жұлдыз", "Еңбек Қызыл Ту", "Қүрмет Белгісі" ордендерімен, көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Қазақстанның Халық жазушысы.

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Аслан (13.02.2011)
Просмотров: 2137

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]