Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Психология, Философия

Балқаш қаласының негізгі мәселелері


Балқаш қаласының негізгі мәселелері:
• Балқаш қаласының экономикалық және әлеуметтік даму жағынан ӨҰ «Балхашцветмет» пен Жезқазған мыс запастары кенішінің тұрақты жұмыс істеуіне тәуелділігі;
• ӨҰ «Балхашцветмет» ластануына байланысты пайда болған қаладағы ауыр экологиялық жағдай денсаулық сақтау мен ауылшаруашылығын дамытуға кедергі болып отыр;
• Ұзақ мерзімді ауруға шалдыққан балалар, сөйлеу жүйесі бұзылған балалар мен туа біткен ауру балалар санының ұлғаюы, арнайы бала бақшалар, БДҮ және коррекциялық емдік мекемелер жоқтығы;
• Балқаш көлінің ласталып, майдалануы;
• Инфрақұрылымдық объектілердің негізгі қорларының тозып кетуі мен тұғын үйлер қорының ескіруі, халықты орталықтандырылған газбен жабдықтаудың жоқтығы;
• Қала мен Ақтоғай ауданы арасындағы шекаралық жерді әкімшілік жағынан тиімсіз бөлу қаланың үндесе жұмыс істеуіне әсіресе туризм саласында жұмыс жүргізуге кедергі келтіріп отыр;
• Шағын және орта өндірістік бизнестің нашар дамуы;
• ӨҰ «Балхашцветмет» басшылығының әлеуметтік жағынан қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жауапкершілігінің аздығы, қарамағындағы жұмысшылардың денсаулық сақтау, балаларға, көлді келер ұрпаққа сақтау мәселелеріне салғырттықпен қарап отырғандығы;
• Қала сыртында шашылған тұрмыстық және өндірістік қатты қалдықтар атмосфераны, жер құнарын, жер асты суларын ластаудың бірден бір көзі болып отыр.
Аймақтың экономиалық жағдайына қарай , жетекші қалаларға байланысты инфрақұрлымдық салаларды (қатал инфрақұрылымды), адамдар ресурсын дамытып, бизнес-орта мен экологиялық жағдайды жақсартып, экономика мен институтционалдық саланы түрлендіру мақсатында жаңа өндірістер салу қажет.

Категория: Психология, Философия | Добавил: Admin (19.02.2011)
Просмотров: 490

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]