Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Психология, Философия

Астана қаласының Осакаровск ауданың «даму аймағы»


Астана қаласының Осакаровск ауданың «даму аймағы»
Қазақстан Респубикасының астанасына жақын орналасуына байланысты Осакаровск ауданының « даму зонасы» Астана қаласының даму аймағына ұқсас, келешекте ол Қарағанды, теміртау қалаларының даму аймағына қосылуы мүмкін .
Алғашқы кезеңдегі міндеттерді шешуде астана қаласының даму зонасының концепциясын жасау қажет және инфрақұрылымдардың экономикалық потенциалын дамытудың жоспарларын құру қажет болып отыр. Даму концепциясы мен іс шаралар жоспарын жасауда Астана қаласының стратегиялық даму бағыттарын ескере отырып, « Ұлттық және айматық дәрежедегі жетекші қалаларды қалыптастыру» тарауында келтірілген негізгі мәселелерді де шешу қажет.
Осакаровск ауданының стратегиялық даму бағыттарына транспорттық қатынас, автокөлік жолдарын реконструкциялау мен өндірісті жаңа кәсіпорындар ашу арқылы одан әрі әртараптандырып, ауылшаруашылық секторын дамыту қажет болып отыр. Жалпы ауылшаруашылық өнімдерін ұсақ тауарлы сипаттан ірі және орта шаруашылық есебінен бұл ауданның ауыл шаруашылығын индустриалдық негізде (кәсіби фермерлік шаруашылық) деңгейіне көтеру керек. Бұл ауданның ауыл шаруашылығын жандандырудың бірден бір шарасы ретінде астана қаласының нарықтарын ауылшаруашылық өнімдермен қамтамасыз ететін аймақаралық сауда-саттық мекемелер кооперациясы құрылу керек.
Қазіргі кезде Қарағанды Теміртау агломерациясы мен Осакаровск ауданының Астана қаласының жүйелік «даму зонасына интеграциясы» болып отыр: оған территориалық орналасу жақындығы, экономикалық қарым қатынас, еңбек миграциясы кіріп отыр. Даму зонасын дамытудағы ең негізгі фактор, бұл бизнеске жағдай жасау: инфрақұрылымдарға инвестициялар тарту, аймақаралық басшылықтардың жақсы қарым қатынасы және т. б. Бизнес икейін өз бетімен дамып, кеңістікті игеріп алады, себебі зоналық (агломерациялық) тиімділік бизнес жүргізудің шығындарын азайтады.
Астана Қарағанды алты тараулы жоғары жылдамдықты автотрассасының соғылуы жүйелік даму зонасын одан әрі дамыта түседі. Территорияны маятникті еңбек миграциясы мен тығыз экономикалық қатынас құрап отыр.
Астана Қарағанды трассасының өн бойына жоларалық қонақ үй қызметі, сауда нүктелері, жөндеу шеберханалары орналасатын болады. Қарағанды Теміртау агломерациясы, Осакаровск ауданы Астана қаласының дамуына өз үлестерін қосатын болады және қаланың еңбек ресурсына, құрылыс материалдарына, тамақ өнеркәсібі мен ауылшаруашылық өнімдеріне деген сұранысын қамтамасыз етіп, отыратын болады. Қарағанды Теміртау агломерациясының еркін экономикалық зонасы бойынша жер учаскелері беріліп, жоғары қосымша құнды өнім өндіруші жаңа өндірістер құру үшін инфрақұрылымдар жолға қойылады. Астана қаласының кәсіпорындары мен Қарағанды облысының басқа аудандарының кәсіпорындарына Қарағанды қаласында құрылған транспорттық логистикалық қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, қызмет көрсетудің басқа да түрлері дамиды: консалтингтік, ғылыми-зерттеу, медициналық, мамандарды дайындаудағы және қайта оқытудан өткізудегі жарнамалық қызметтер көрсетіледі.

Категория: Психология, Философия | Добавил: Admin (19.02.2011)
Просмотров: 437

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]