Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Психология, Философия

Аймақты территориялық тұрғыдан тиімді дамыту


Аймақты территориялық тұрғыдан тиімді дамыту

Стратегияның негізгі бағыттары 2006 жылдың наурызында Қазақстан халқына жолдаған «Әлемнің бәсекеге қабілетті 50 мемлекетінің қатарына Қазақстанның кіру Стратегиясы. Қазақстан дамуындағы жаңа белес» атты Елбасының Үндеуіне сәйкес Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі территориялық даму Стратегиясының негізінде жасалған.
Аймақтың тиімді дамуы төмендегі мәселелерді шешу арқылы жүзеге асады:
• Ұлттық және аймақтық деңгейде жетекші қалаларды қалыптастыру арқылы ауылдық территорияларды қосып, агломерация құру;
• «Даму зонасын ұлғайту» Астана қаласына – Осакаровский, Нуринский аудандарын қосу және Қарағанды,Теміртау қалаларының даму зонасын ұлғайту;
• Ауылдық территорияларды дамыту;
• Қолайсыз территориялардың мәселесін шешу.
Ұттық және аймақтық деңгейдегі жетекші қалаларды қалыптастыру: Жетекші қалалардың екі түрі болады – ұлттық және аймақтық деңгейдегі қалалар.
Ұлттық деңгейдегі қалалар- Қарағанды, Теміртау қалалары, Сары-Арқао макроаймағының орталығы.
Аймақтық деңгейдегі қалалар - Балқаш, Жезқазған-Сатпаев қалалары.
Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған-Сатпаев қалаларының жетекші қалалар болу критерийлеріне келесі факторлар кіреді:
• Экономикалық жағынан дамыған ірі қала және басқару орталығы;
• Транспорт торабы және ішкі сыртқы транспорттық дәліз;
• Потенциалды ішкі және сыртқы сауда рыногына жақын шоғырлану.
Жетекші қалалар өкілдерімен кәсіпкерлермен, бизнес - ассоциацияларымен, жергілікті басшылық өкілдерімен, академия және ғылыми мекемелермен, мемлекттік емес ұйымдармен жұмысшы кездесулер барысында қалалардың негізгі мәселелері анықталып, оларды шешу мен дамыту бағыттары айқындалды.

Категория: Психология, Философия | Добавил: Admin (19.02.2011)
Просмотров: 531

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]