Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Ән, өнер

Шопеннің фортепианолық шығармашылығы


Шопеннің фортепианолық шығармашылығы
ХІХ ғасырдың 30 – 40 жж. әлемдік музыка Европаның шығысынан келген үш ірі көркем құбылыспен байыды. Шопен, Глинка, Листтің шығармашылығынан тарихта музыкалық өнердің жаңа парағы ашылады. Бұл үшеуі дәстүрлі мектептің бастаушылары ретінде,XIX ғасырдың екінші жартысындағы жалпыевропалық музыкалық мәдениеттің тағы бір маңызды жағын ашты. Өз халқының арман – мұраты, қасіреті, үстемдік етуші психологиялық құрылымы
Шопен өз шығармашылығын фортепианолық музыкамен шектеп қойды. Басқа аспаптарға жазған бірнеше шығармасы бар(фортепиано, скрипка, виолончельге арналған трио, фортепиано мен виолончельге арналған полонез бен дуэт, виолончельге арналған соната, дауысқа арналған әндер қатары). Бірақ Шопен фортепианолық шығармашылығының ішінде көркемдік, көп қырлылық пен биікке жетті.
Шопен үшін рояль – универсалды аспап. Онымен сырласуға болады, оған жанның құпия қозғалысы мен асыл ойларды сендіруге болатын, ал рояль кең драмалық концепцияларды іске асырып, толғандырып жүрген мәселелерді дыбыстар арқылы өмірге келтіретіндей болған.
Шығармашылық шектеулігінде ұлы шебердің данышпандылығын көруге болады. Өз табиғатына жақын саланы таңдап, сол салада адам ішкі өмірінің терңдігін, формалардың әсемділігі мен байлығын аша алып, шығарамашылылығында басқа жанрлардың жоқтығын толтыра алды.
Фортепианоның өзгешелігін сақтап, осы аспаптан бүтін оркестрдің бояулар палитрасын, адам дауысының мәнерлілігін сөздерді шығара алатын. Оның музыкасы сөйлейді, ән айтады, кейде көрініп, қолға ұсталады.
Шопен жасаған жаңа жанрлар мен формалардың түрлілігі, музыкалық сөйлеу саласында ашқан жаңалықтары өте зор, фортепианолық музыкасының шегінен шығып, музыкалық өнердің барлық салаларын байытады.
Шопеннің шығармашылығын құрайтын көркемдік негіздері Отанының тарихымен, адамдарымен, табиғатымен, салттарымен, мінездерімен байланысты. Образдық ойлау бағытын, айырмашылықтарына қарамастан, Бетховендікіне ұқсатуға болады. Шығарманың жанрына, формасына, көлеміне қарамастан, Шопеннің бірінші шығармашылық итермеші күші оның негізгі тақырыбымен байланысты.
Шопеннің балладалар мен сонаталары, скерцо мен фантазия – Бахтың үлкен органдық шығармалары сияқты – өзгеше симфониялар, кез келген екі жолды прелюдия не болмаса мазурка түпкі ойының тереңдігі мен білдірілген сезімі үлкен поэма, толғандыратын драмаға өседі.
Шопеннің музыкасына, басқа романтиктердікіне сияқты, тұрмыста қалыптасқан ән- билік жанрлар кірді. Бірақ ұлттық- тұрмыстық өнердің элементтерін өз шығармашылығында қолданған жоқ. Шопенде тұрмыстық жанрдың әрбіреуі көп мағыналы және көп қырлы, осы қасиет әртүрлі мазмұнды және әртүрлі мінезді образдарды сүреттеудің әдісі. Жиі бір жанрлы шығармада басқа жанрды кездестіруге болады: полонезге – мазурка, ноктюрнға – хорал, скерцоға бесік жыры (колыбельная) енеді.
Тұрмыстық пен кәсіби жанрдағы шығармалардың тығыз әрекеттесуі мен сіңісуіне байланысты бір жанрлы шығармада басқасының ерекшеліктері кездеседі: прелюдия мазурка немесе жерлеу маршы сияқты (c- moll, A- dur прелюдиялары), ноктюрн – баркаролла(G- dur ноктюрны), баркаролла, скерцо (cis- moll) немесе этюд (a- moll op. 25) балладаның белгілеріне ие болады.
Шопеннің көптеген темалары орасан кең жанрлық байланыстарға ие.
Ұлттық- тұрмыстық өнермен бар байланыс Шопеннің музыкасын қабылдауды жеңілдетеді. Әртүрлі шығармаларда Отан кейпін суреттейтін мазурка мен полонез, марш пен хорал элементтерінің пайда болуы шығарманың идеялық- көркемдік концепциясы мен драматургиясын ашудың кілтін береді.
Шопен музыкасының мәнерлілігінің негізі – мелодия. Оның мелодиялары шексіз әртүрлі, мәнерлі, суреті мен саздылығының аяқталғандығы әбден жетілген, сонымен қатар олар берік сақталған интонациялардың байланысыуынан құралады.
Мелодиялық желінің кантиленалылығы мен саздылығы Шопен мелодикасының шығу тегі вокалдық екеніне көз ашады. Бұл қасиеттер славяндық мелостың әуендігі, лирикалық сырластығы мен итальяндық bel canto әсемділгінің қосылуынан пайда болды. Шопеннің мелодикасын речитативті – декламациялық айналымдар байытады, әуенділік пен речитативтілік әрекеттескеннен мелодиялық образдардың экспрессивтілігі өседі.
Аспаптық сарынның өзгешелігі қозғалыстың, айналымдардың, ауысулардың иілгіштілігінде және мелодияның дыбыстық диапазонының еркін, жеңіл ауысында байқалады.
Көбінесе Шопеннің мелодиялары әшекейлі. Шопен, Бетховен сияқты әрбір интонацияны, ұсақ мелодиялық айналымдарды мағыналық маңыздылыққа толтырады. Кез келген мордент, форшлаг, өтпелі және қосымша дыбыстар интонациялық мәнерлілік пен өсімталдық жағынан тірек тондармен тең келеді. Шопен олардың экспрессивтігін жоғарылатады, бұл – XIX ғасырдың музыкасында жаңа қасиет болып табылады.
Шопен әшекейлігінің қайнар көзі – ұлттық аспаптық мелодияларының өрнекті түрлендіруі мен машақатты итальяндық ән салудың шеберлілігінде.
Шопеннің мелодиялары хроматика мен диатоникаға бірдей тартылады. Екеуі де поляк ұлттық мелоспен және сезімдердің жаңа романтикалық құрылысын көрсету үшін тапқан шығармашылық жаңалығына байланысты.
Шопен мелодикасының түрлілігі оның ритмикалық байлығымен байланысты. «Романтикалық» ритмика, классикалық ритмикаға қарағанда, иілгіш және аққыш. Шопенде бұл қасиеттер құрылымдық айқындылық пен билік музыкадан келген ритмикалық анықтылықпен бірігеді. Күінгіш – абыржыған ритмика және билік ритмдердің серпімдлілі мен анықтылы Шопеннің бай және күрделі ритмикасын құрайды. Сонымен, Шопеннің мелодикасында вокалдық пен аспаптық, әндік және сөйлеу, әндік және билік, хроматикалық және диатоникалық бастаулардың негізгі синтезі өтеді.
Шопеннің музыкасында мелодиялық бастау, музыкалық сөйлеудің компоненттеріне әсер етіп, өте маңызды орын алады.Шығарманың бүкіл фактурасы мелодизмге толы.
Шопеннің лад – гармониялық тілі оның мелодиялық ойлау қабілетінің табиғатымен байланысты. Фактурадағы мелодиялық желістің иілгіштігі мен ширақтығы, жасыры немесе айқын қарама- қарсы полифония күрделі дыбыстық үйлесуге, көп жақты айқындылыққа ие болатын, альтерацияға ұшыраған гармонияларға әкеліп соқтырады.
Мелодия мен гармонияның сіңісуі гармониялық фигурацияның ерекше түрін тудырады. Бұл жерде фигурацияның өзі бүкіл шығарманың тақырыбы мен ұзақ дамытылатын материал болады.
Шопен алыс тональдық сфераларды жақындататын энгармонизм саласында қызықты ашу істейді.
Шопен – ірі жаңашыл, музыкалық жанр мен формаларды жасаушы.
Лирикалық аспапты миниатюра Шопеннің шығармашылығында жаңарады. Шопен аспапты лириканың алғашқы қызметін сақтайды – сөздік белгілеуге берілмейтін эмоцияларды көрсету. Шопеннің әр қилы лиризмі кішігірім формалы шығармаларды ішкі мәнділікке толтырады.
Шопен прелюдияны шығармашылықтың дербес түрі ретінде бекітеді, этюд жанрының дамуындағы жаңа бағыттың бастаушысы болады, мазурка, полонез билік жанрлардың алдына жаңа көркемдік талап қояды.
Ірі форма саласында сонаталық циклды және сонаталық форманы түсіндіру көге түседі. Шопен – аспапты балладаның шығарушы; оның шығрмашылығында скерцо ірі планды дербес композицияға дейін өседі.
Шопеннің шығармашылығы – романтикалық өнердің ерекше құбылысы. Тілдің классикалық анықтығы, форманың ақылға салынуы шопендік музыканың ажырамайдын қасиеттрі. Сөйлеудің романтикалық еркіндігі, баяндаудың импровициялылығы қатаң логикалық ойлаумен тузетіліп, әрбір бөлшек, әрбір құрылым нақты бір- бірімен пропорциялық ара қатынаста және бір бүтінге тәуелді және бағынышты болатын, қырланған, үйлесімді формаларға ұйымдастырады.

Категория: Ән, өнер | Добавил: Аслан (10.02.2011)
Просмотров: 675

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]