Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Ән, өнер

ХV111 –Х1Х ғасырлардағы Қазақстан мəдениеті


ХV111 –Х1Х ғасырлардағы Қазақстан мəдениеті

Халық ауыз əдебиеті

ХVIII ғасырдың басы қазақ халқының тағдырында қасіретті із қалдырған, қаралы кезең болғандығы тарихтан белгілі. Қазақ халқының қайғылы халін бейнелейтін

“Елім-ай” əні сол тұста шықты.
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел-жұртынан айрылған қиын екен,
Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.
Мына заман қай заман, қысқан заман?
Басымыздан бақ-дəулет ұшқан заман!
Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды,
Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман.
Мына заман қай заман бағы заман?
Баяғыдай болар ма тағы заман?
Қарындас пен қара орын қалғаннан соң,
Көздің жасын көл қылып ағызамын...!
Мұнша қысым қылдың ғой қатты құдай,
Қабырғама қара жер батты құдай.
Жаяу жүрсем табаным құрысады
Тым болмаса бермедің атты құдай!
Мына заман қай заман, қай-қай заман,
Ұл айрылған атадан дай-дай заман.
Бауырынан айрылған жаман екен,
Күн бар ма екен көрісер есен-аман?

Жоңғар шапқыншылығына байланысты зарлы өлеңдермен бірге, елдің ерлігін, адамгершілікті, қайырымдылықты, ерлікті, батырлық пен батылдықты дəріптейтін өлең-жырлар, толғаулар, аңыз-əңгімелер ел арасына кең тарады. Əбілқайыр, Абылай, Есім, Жəңгір сияқты хандар, Ер Олжабай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Малайсары, Жалаңтөс батыр, Саурық батыр, Шақшақ Жəнібек, Тайлақ батыр, Бəсентиін Сарымалай тағы басқа осындай ерлігі мен тапқырлығы аңызға айналған қазақтың қасиетті ұлдары туралы деректер жыр-аңыз болып кейінгі ұрпаққа аз жетпеген. Сол жырлардың қатарындағы “Қап қағылған”, “Шаңды жорық” деген өлең-жырларда өлімнен, қауіп-қатерден тайсалмай, халықтың азаттығы үшін алысып, ақтық демі біткенше шайқасқан батырлардың ерлігі баяндалады.
Жоңғар шапқыншылығын өз шығармаларына өзек етіп, азаттық жолындағы күрес кезінде ерлігі, ақылдылығы, парасаттылығымен аты шыққан Абылай ханға
байланысты жыр толғаған ХVIII ғасырдың белгілі ақыны Бұқар жырау болған. 1693
жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданының жерінде туып, 94 жыл
өмір сүрген жырау ғұмырының бірсыпыра уақытын хан сарайында өткізіп, ел
басқару ісіне белсене қатысқан. Оның пəлсапалық ой-санаға негізделген
толғауларымен бірге нақты өмір шындығын баяндайтын өлең-жырлары да аз
болмаған. Оларда ол қазақ халқының ұлттық бірлігін, берекелі тірлігін
қалыптастыруға, əділдікті, дұрыстықты орнықтыруға күш салған.
Бұқар өмірінің барлық кезеңдерін бастан өткізіп, одан халқы үшін, ел-жұрты үшін ғибрат жасай білген ақын. Жоңғарлармен соғыста қиындықтың талайын бастан кешірген ол бір жырында: оныншы тілек тілеңіз: он ай сені көтерген, омыртқасы үзілген, аязды күнде айналған, бұлтты күнде толғанған, тар құрсағын кеңейткен, тас емшегін жібіткен, анаң бір аңырап қалмасқа. Он бірінші тілек тілеңіз: он бармағы қыналы, омырауы жұпарлы, иісі жұпар аңқыған, даусы қудай саңқыған, назыменен күлдірген, құлқынымен сүйдірген, ардақтап жүрген бикешің, жылай да жесір қалмасқа, - деп, зобалаң шақтың қасіретін көрмеуге тілек қылады.
Бұқар жыраудың бірқатар шығармаларының мазмұны Абылай ханмен байланысты.
Ол Абылайға алқалы ақыл айтып, оның жетістігін сүйсініп, мақтап, кемшілігін
сынап, мінін айтудан тайынбаған.
Бұқармен тұстас одан кейін өмір сүрген ХVIII ғасырдағы ақын жыраулардан
Ақтамберді (1675-1768), Үмбетей жырау (1706-1778), Көтеш ақын (1745-1818), Шал
ақын (1748-1819), Тəтіқара т.б. жоңғар шапқыншылығы, ерлік пен қайсар батырлық
туралы толғаған жыр-толғаулар қалдырды. Олардың ішінде “Дұшпаннан көрген
қорлығым, сарысу болды жүрекке, он жетімде құрсанып, қылыш ілдім білекке,
жауға қарай аттандым, жеткіз деп, құдай, тілекке”, дейтін жоңғарларға қарсы қанды
майданға қатысып, талай шайқасты басынан өткізген Ақтамберді, “Жалаң қия
жерлерден жазбай түсіп түлкі алған, білегі жан бүркіттің тегеурініндей Бөгенбай”
деп осы батырды мадақтайтын Үмбетей сияқты ақындардың мұрасы қазақ
мəдениетінің алтын қазынасы болып табылады.
ХVIII ғасырдағы орыс патшаның қол астына өтуі қазақ халқының тағдырындағы бетбұрыс кезең болды. Бірақ мұндай өзгерістерден қазақ халқының тағдыры жеңілдеген жоқ. Мұны халық жақсы түсінді. “Былай барсаң қоқан бар, қоқаңдаған əкең бар, Былай барсаң қалмақ бар, күшіңді ептеп алмақ бар,Былай барсаң қытай бар, жапырағыңды бұтай бар, Былай барсаң орыс бар, балаңды берсең қоныс бар”,-деп ақ патшаға бағынуға, бодандыққа мəжбүр қазақтар Қайырлы ақын айтқандай, “Айқайлап шыққан ақбөкен, қашып қайда құтылар – құрулы қақпан жатқан соң, жылқыдан шыққан қашаған, қашып қайда құтылар – мойнына бұғау түскен соң”, - дегеннің керіне ұшырады.
Қазақ даласына қаулап еніп келе жатқан отаршылдық саясат пен оның зиянды зардаптарын, халықтың мұңын, наразылығын жыр еткен халық поэзиясының өкілдері аз болған жоқ. Солардың бірі “Кенесары - Наурызбай” дастанын жазған Нысанбай жырау. Өзінің көркемдік қасиеті, шеберлігі, шешендігі, ұтқырлығымен ерекшеленетін бұл туындыда Кенесары, Наурызбайлардың халықтың қамын жеген нағыз халық көсемдері болғаны, олардың серіктері Бұғыбай, Байзақ, Құрман, Бұхарбай, Ағыбай сияқты батырлардың ерліктері суреттеледі.
ХIХ ғасырдың алғашқы жартысындағы халық поэзиясының көрнекті өкілдері
қатарына Сыр бойының жырауы Жанкісі, Аягөз өңірінен шыққан найманның
атақты ақыны Дулат Бабатай ұлын жатқызуға болады. Адалдықты, əділдікті
орнатуға ат салысқан олар билеуші хан, төрелердің əділетсіздігін, құлқын
құмарлығын айыптады. Солардың бірі – Дулат ақын Барақ сұлтанды: “ Құрық
бердің ұрыға, Момынды алдың қырыңа, малсыздарды таптадың, малдыларды
жақтадың, тентекті жасқап қақпадың, арамдарды ақтадың, өсекшіні мақтадың,
арамдық болды баққаның, қашан сенің ашылар, момындарға құрылған, қанды қара
қақпаның. Қарағысыз ел мен жұрт, төрелік түскен дағыңа, ие болмай айрылдың,
атаңның алтын тағына, қара толқын жау толды, шығыс, батыс жағыңа, тұлпардан
туған тұқым ең, ере алмадың жабыға”, -деп өлтіре мінейді.
Өз заманының шынайы шежіресін жасаған өр ақын Махамбет Өтемісов (1803-1846) болды. Оның шығармаларында өткір тілмен, орамды сөз ұйқастарымен қазақтың қайсар жігіттерінің, оның ішінде Исатай сияқты бөлек туған қаһарман тұлғалы ерлерінің бейнесі сомдалған. Махамбет жырлары қазақ халқының бостандығы мен теңдігі жолындағы жорықтарда жұртқа рух берген, қайрат-жігер үстеген туындылар.
Махамбет заманында өмір сүрген, бодандық ноқтасын киген қазақ халқының ауыр халін керемет суреттеген “Зар-заман” ақындық мектебінің өкілдері Шернияздың (1807-1867), Шөже (1808-1895), Орынбай (1813-1890), Шортанбай (1818-1881), Сүйінбай (1822-1895), Балқы жырау (1839-1911), Мұрат Мөңке ұлының (1843-1906), Кердері Əубəкірдің (1858-1912) қазақ мəдениетін қалыптастырып, дамытуға қосқан үлесі көп. Олардың заманында ел билеу тəртібін өзгертіп, халықты бұрыннан қалыптасқан салт-дəстүрден, əдет-ғұрыптан айырып, елді орыстандырудың шаралары іске асырыла бастады. Қазақтардың арасында
отарлаушы орыстарға арқа сүйеген пысықтар көбейді. Солардың арам пиғылды іс-
əрекеттерін ақындар ашық та айқын əшкереледі.
Х1Х ғасырдың екінші жартысында ақындық өнер одан ары қарай дами түсті. Сол кезеңнің ерекше көзге түскен ақыны Жамбыл Жабаев (1846-1945) болды. Жамбыл жастайынан еңбекші бұқараның мұңын жоқтап, жырын жырлайды, бай-
манаптарды, дін иелерін өзінің отты да өткір жырымен түйреп отырды. Бұған
«Шалтабайға”, “Қалиға”, “Сараң бай мен жомарт кедейге” деген өлеңдері дəлел.
Жамбылдың айтыскерлік атағын шығарған – Құлмамбетпен айтысы. Ол көптеген
дастандар шығарды. Солардың ішінде “Өтеген батыр”, “Сұраншы батыр”
дастандарын атауға болады.
Жамбылмен аты қатар шыққан ақындардың бірі – Шашубай Қошқарбаев. Жасынан домбыра, сырнай, гармонь тартып, ақындық, əншілігімен аты шықты.

Категория: Ән, өнер | Добавил: Аслан (10.02.2011)
Просмотров: 1537

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]