Голландия - География - Рефераты на казахском языке - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » География

Голландия


Нидерланд,Нидерланд корольдігі (бейресми атауы – Голландия) – Батыс Еуропадағы мемлекет. Нидерландының солтүстік және батыс бөлігі Солтүстік теңіздің жағалауында орналасқан. Жер аумағы 41532 км2. Халқы 15,6 млн. (2000). Тұрғындарының 96%-ы голландықтар. Ресми тілі – нидерланд (голланд) тілі. Халқының 50%-ға жуығы – католиктер, 40%-ға жуығы – протестанттар. Нидерланд – король (патшайым) басқаратын конституциялық монархия. Жоғары заң шығарушы органы екі палатадан (бірінші және екінші) тұратын Бас Штаттар. Астанасы – Амстердам қаласы (үкімет резиденциясы Гаага қаласында орналасқан). Әкімшілік жағынан 12 провинцияға бөлінеді. Ақша бірлігі – еуро (2002). Ұлттық мейрамы – Патшайым күні (патшайым Беатрикстің таққа отырған және оның анасы Юлиананың туған күні) – 30 сәуір. Нидерланд БҰҰ-ға (1945), Еуроодаққа (1957), НАТО-ға (1949) мүше.
Табиғаты
Нидерланд аумағының көпшілік бөлігін ойпатты жазықтар (40%) алып жатыр. Оңтүстік-батысында Арденн сілемдері орналасқан (ең биік нүктесі – Ваалсберг тауы – 321 м), қысы мен жазы жылы, жұмсақ теңіздік климат. Қаңтардағы орташа темп-расы 1 – 3ӘС, шілдеде – 16 – 17ӘС. Жылдық жауын-шашын мөлшері 650 – 750 мм-ге тең. Нидерландыда өте тығыз өзен тораптары (Рейн, Маас, Шельда өзендерінің атыраулары) бар. Аумағының 70%-ын мәдени жер бедері (егіндіктер, қолмен егілген шабындықтар), 9%-ын ормандар (қылқан жапырақты, ірі жапырақты) алып жатыр. Ормандарын ақ тиін, сусар, күзен, қоян, елік, тағы басқа аңдар, құстардың 180-дей түрі мекендейді. Кен байлықтарынан мұнай, табиғи газ, шымтезек, ас тұзы, каолин кездеседі.
Тарихы
Нидерланд аумағын адамдар жаңа тас дәуірінен мекендей бастады. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың 2-жартысынан мұнда негізінен кельт тайпалары өмір сүріп, оларды біздің заманымыз басталар кезде герман тайпалары ығыстырды. Б.з.б. 1 ғасырда Нидерланд аумағының бір бөлігін римдіктер басып алды. 3 – 4 ғасырларда оңтүстік Нидерландыны франктер, шығыс Нидерландыны сакстер, солтүстік Нидерландыны фриздер мекендеді. 5 ғасырдан бастап франк мемлекетінің құрамына еніп, ол ыдырағаннан кейін елде бірқатар ұсақ иеліктер (Голландия, Гелдерн, тағы басқа графтықтар) құрылды. 11 – 16 ғасырларда Нидерланд жерлері (Голландия, Зеландия, Фрисландия, тағы басқа) Бельгия, Люксембург, Франция, Испанияның құрамында болды. 16 ғасырдағы Нидерланд революциясының (1566 – 1609) нәтижесінде испан үстемдігінен азаттық алған жерлерде Біріккен провинциялар Республикасы құрылды. 17 ғасырда Нидерланд сауда-саттық пен теңіз саудасы жақсы дамыған алдыңғы қатарлы еур. державаға айналды. Оңтүстік-Шығыс Азияда Индонезия, Америкада Гвиана, Кіші Антиль аралдары, Африкада Кап жерлері Нидерландының отарына айналды. 1810 – 13 ж. елді Наполеон басып алды. 1815 ж. Бельгиямен біріктіріліп, Нидерланд корольдігі (1830 жылға дейін) құрылды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары Нидерландыны немістер басып алды. Соғыстан соң Нидерланд отарлық империясы ыдырай бастады. Нидерландыда 70-тен астам саяси партиялар тіркелген. 1989 жылдан бастап өкімет билігін христиан-демокр. партия мен Еңбек партиясынан құрылған коалицалық үкімет жүргізіп келеді.
Экономикасы
Нидерланд – экспортқа бейімделген жоғары өнімді ауыл шаруашылығы бар, дамыған өнеркәсіпті ел. Экономикасында сыртқа капитал шығару, сыртқы сауда, теңіз транспорты маңызды орын алады. Мұнай, табиғи газ (жылына 90 млрд. м3 шамасында) өндіріледі. Өнеркәсіптің жетекші салалары: мұнай өңдеу (органикалық химия өнімдерін өндіру), мұнай-химия, машина жасау, кеме және ұшақ, газ және химия өнеркәсібіне қажетті құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмектер жасау, металлургия мен металл өңдеу, электротехника (Нидерланд – дүние жүзіндегі бейне және дыбыс аппаратураларын шетке шығаратын ең ірі мемлекеттердің бірі), дәмдік тағамдар шығару. Алмас пен қымбат бағалы тастарды өңдеу бұрыннан жақсы дамыған сала болып есептеледі. Ауыл шаруашылығында етті-сүтті ірі қара өсіру басым. Нидерланд – дүние жүзіндегі сүт пен сүт өнімдерін сыртқа ең көп шығаратын мемлекеттердің бірі (сары майдың дүниежүзілік экспортының 1/5; қоюлатылған сүттің 1/2 ; құрғақ сүттің 1/4; ірімшіктің 1/4 бөліктері Нидерландының үлесіне тиеді). Сондай-ақ сыртқа көп мөлшерде шошқа, құс етін, жұмыртқа, темекі, арақ-шарап пен сыра шығарады. Жылыжайда көкөніс пен жеміс-жидек (жылыжайлардың көлемі жөнінен дүние жүзіндегі алғашқы орындардың бірін иеленеді), гүлдер мен гүл түйнектерін (жылына 2 млрд-тан астам қызғалдақ түйнектерін шет елдерге сатады), саңырауқұлақтар өсіру жақсы дамыған. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары – бидай, картоп, қант қызылшасы. Балық аулау, шетелдік туризм де қазынаға елеулі пайда келтіреді. Ұлттық жиынтық өнімнің жан басына шаққандағы жылдық мөлшері 18560 АҚШ долларына тең. Негізгі сауда серіктестері – Еуроодақ елдері.[1]

Нидерланды еліне экономикалық сипатама

Халқының көбі католицизм – 36% табынады, ал ежелгі християндық конфессиялар - 3% ислам - 2% , басқалары 32% құрайды.
Недерланды Рейн, Мааса, және Шельді өзендерінің сағаларында орналасқан. Бұл өзендер әкелген топырақтан дельта мен кең көлемді жазық пайда болған. Территорияның жартысынан көбі теңіз денгейінен төмен жатыр және оңтүстігінде ғана жер 30 метрге дейін көтерілген. Жазықтың көп бөлігі Солтүстік және Оңтүстік Голландияның провинцияларынада болғандықтан, бүкіл елді Голландия деп те атайды. Жағалық сызығы тасынды шағылдардан құралған. Одан кейін теңізден тартып алынған польдер деп аталатын жерлер орналасқан.
Белгия, Нидерланды және Люксембург елдері 1948 жылы валюта және салық жүйесі сақталатын ерікті тауар айналымын қамтамасыз ететін экономикалық одақ құрды.
Нидерланды климатына тоқталатын болсақ жазы жылы. Шілде айының орташа температурасы +17С, қаңтар айының орташа температурасы -2С. Қыста Сібірден антициклон келген кезде температура 0С – қа төмен түседі, қар жауып, каналдар мен көлдердің бетін мұз басады.
Жылдық орташа жауын – шашын мөлшері 800 мм, бірақ ішкі провинцияларда бұл көрсеткіш төменірек.
Өнеркәсіп өндірісінің ( капиталистік дүниедегі өнеркәсіп өндірісінің 1,3 % ) және сыртқы сауда айналымының ( 4,6 % ) көлемі жағынан Нидерланды капиталды дүниедегі алдыңғы он елдің қатарына жатады. Теңіз саудалық кеме қатынасында да Нидерландының үлесі едәуір. Елдің экономикалық дамуына оның Еуропадағы аса маңызды теңіз және континенттік жолдардың тоғысатын жерінде орналасуы аса зор ықпалын тигізеді. 2 – ші дүние жүздік соғыстан кейінгі елдің экономикасының құрылымы елеулі тұрде өзгерді. Соғыс кезінде қираған шаруашылықты қайта құру, экономиканықуатты техникалық прогрестің жоғары талабына сай арттыру пройесі аса күрделі жағдайдан өтті.
Өнеркәсіптің салалық құрлымында түбірлі өзгерістер болды, ауыр өнеркәсіптің үлесі артты, әсіресе металургия, химия, мұнай өңдеу, электртехника өндірісінің қуаты артты. Отарлық рынктың азаюы себепті тоқыма өнеркәсібі өндіріс көлемін 2,5 есе кемйтті. Нидерланды өндіріс пен капиталдың шоғырлауы өте күшті. Экономикада ірі манаполиялар үстемдік етеді. Мысалы: « Ройын дачи – Шелл » американдық « Сантдард ойл оф Нью – Джерси » компаниясымен бірлесе отырып, мұнай айырудың 1\2 бөлігінен астамын, мұнай өндіруді, табиғи ғаз өндірудің 1\2 бөлігін бақылайды. Шетелдік инвестициялар ұдайы өсуде, оның 1\3 бөлігін американ капиталының үлесіне тиеді.
Мемлекеттік және жартылай мемлекеттік компаниялардың ролі артуда. Мысалы: Химия өнеркәсібіндегі ірі компаниялардың бірі « ДСМ » ( « Датч Статсмайнс »), елдегі бірден – бір қара металургия концерні « КНХС » акцияларының 1\3 бөлігі мемлекеттің құрамында. Еуропа экономикалық ынтымағы құрамына кіру Нидерлан экономикасының жеке салаларының дамуында диспропорция туғызды, өндірістік күштердің біркелкі орналаспауын, әлуметтік теңзідікті күшейттеді. 1970 жылдардың басында дағдарыс белгілері күшейіп, өндірістің өсу қарқыны баяулады, жүмыссыздық көбиді. Халықтың жанбасына шаққанда жалпы ұлттық табыстың мөлшері жөнінен Нидерленды капиталистік дүниеде 12 – орында ( 2553 доллар, 1971 ж ) көрсеткіш. Ірі меншік иелерінің байлығы артуда, соғыстан кейінгі дәуірде миллионерлер саны 940 – тан 6,7 мыңға жетті.
Экономикалық географиялық аудандары. Батыс индустриялы – сауда ауданы ( Солтүстік және Оңтүстік Голландия, Утрехет, ішінара Гелдерланд провинциялары; басты орталықтары – Амстердам, Роттердам, Утерхт қалалары ). Солдтүстік Барбант индустриялды ауданы ( орталықтары Тилбург, Эндховен қалалары. Линбург и ндустирялды аудан орталығы Маастрихт қаласы ).

королевский дворец Paleis Noordeinde...

Амстердам қаласы

Қазақстан республикасының Нидерландымен халықаралық қарым – қатынысы
1991 жылы 31 желтоқсанда Нидерланды патшалығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сувереренитетін қабылдады.
1992 жылдың 10 қыркүйегінде дипломатиялық қатынастар орнатылды. 2000 жылыдың 20 желтоқсанында Атырау қаласында Нидерландық Тұрғын Консульство ашылды.
2003 жылы 20 тамызда Амсердам қаласында Қазақстан Республикасының Бас Консульствасы құрылды. 2005 жылдың 18 ақпанында Амсердам қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас Консульствасы Нидерланды патшалығындағы Дипломатиялық қайта ұйымдастырылды.
Саяси қарым – қатнастары.
Қазақстан Республикасы мен Нидерланды патшалығы арасындағы қарым – қатынастардың орналасуындағы маңызды елеулі кезең Бсатурис патшалығының шақыруы бойынша Н. Назарбаев Призедентінің 2002 жылы 27 – 28 қарашада Нидерландаға алғашқы ресмеи түрде ат басын бүруы болды. Іс сапар барысында Бсатринс патшасымен Я П Балкененде атты пример – министрмен, Парламет палатасының спикрлері Г. Брожкс және Ф. Бейсеклоспен келіс сөздер жүргізді, олардың нәтижесі бойынша инвестицияларды өзара қорғауға келісім шарттарға, Регулеррлы ауа қатынастары жөніндегі келісім шарттарға қол қойды. Нидерландия жағы Қазақстан Республикасының нарықық экономикадағы демократиялық қоғам құруын, сондай – ақ Қазақстанның әлем қамтамасызетуіндегі рөлін, Орта Азиялық аумақтағы қауіпсіздігі мен тұрақтылығы жоғар бағаланды. Призедент Н. Назарбаев « Қазақстан – инвестициялары мен сауда – саттық үшін » тартылуды нарықт атты бизнес – форумның жүмысына қатысты, және Нидерландықтардың іскерлік орталығын Қазақстан Республикасындағы инвестициялар үшін басты бағыттармен таныстырды.
Парламет аралық байланыстарда нығая түсуде. 2003 жылдың шілдесінде екінші палата администрациясының басшысы В. Х. Де Боформен басқарылған Нидерландық парламеттік делегейия Алматы қаласында өткен ОБСЕ Парламеттік форымының жұмысына қатысты.
2004 жылы сәуір айында Нидерландия Парламетінің Екінші палата мүшелері мен Қазақстан Республикасының Парламет Мәжілісінің депутаттарының арасында кездесу болып өтті. Қазқстандық және голландиялық парламеттермен « Батыс Шығыс парламеттік мәжілісінде жобасы » бойынша Бешкет қаласында болып өткен парламет аралық симинарға қатысты.
Министрлік аралық бірлестік дамып келеді. 2003 жылдың қазанында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министірі Нидерландық Оңтүстік Батыс және Батыс Еуропа сыртқы істер министрі Я. А. Ван Хоорнды қабылдады, ол Қазақстанда Галландиядық үкіменттік делегеция құрамымен келеді.
3.2. Нарықтық экономикалық қарым – қатынасы.
Нидерландиялықтар патшалығы Қазақыстанның Еуропадағы ең белсенді әріптестерінің бірі болып табылады, бұрын нарықтық – экономикалық қатынастардың жоғарғы денгейде куә бола алады. Нидерландық компаниялар Қазақстан Республикасының мұнай, газ тасмалдау және ауыл шаруашылық секілді экономикалық түрлі салаларда жұмыс жасауда. 2005 жылдың қотындысы бойынша Нидерланды Қазақстан Республикаындағы берілген инвестициялар жағынан АҚШ – тан кейінгі екінші орынға шықты ( 10,2 млрд доллар ). 2005 жыл Қазақстанның Нидерландымен сыртқы нарықтық айналым 1018,3 млн долларға жетті. ( Қазақстандық экспорт 877,8 млн долларды құрады, ал импорт 140,5 млн доллар болды ). Бұл 2004 жылдың көрсеткіштерінен 1,1 есе көп ( Қазақстан экспорт 464,6 млн, импорт 179,4 млн ).
Экспортта асыл емес металдар мен олардан алынатын бұйымдар, минералды өнімдер, машиналар, құрал – жабықтар мен механизмдер, электрон техникалық жабықтар, химиялық өнімдер және т.б. басып озды. Нидерландыда жануарлар өсіру, өсімдіктес өнімдер, азықтық өнеркәсіп өнімдері, Химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп саласының өнімдері, асыл емес металдар мен одан алынатын бұйымдар, машиналар, қондырғылар мен механизмдер, жерүсті, ауада және суда жүзетін транспорттар, оптикалық приборлармен аппараттар, фотографиялы және басқалар, сағаттар, музикалық аспаптар импорталған.
Нидерланды Қазақстан экономикасындағы басты Еуропалық инвестор. 2005 жылы 30 мамырда Галландиялық инвестициялары көлемі 10,159 млрд долларды құрады ( оның ішінде тікелейлі 4,970 млрд, порафельдіктер 10,6 млн, басқасы 4,789 млрд долларды құрады. ), бұл Қазақстанға шетелдік инвестициялар « Poyal Outch Shell » мен қатар, келесілер болып табылды. «FBN FMRO Banh N V », «Agip Cfsri an Sea B V ». ( Қашағат кен орнында жұмыс жұргізуде ), «Zucarco B V » «Каспий құбылы конерциумға қатысады », сондай – ақ « Floodgfte Hjlgin» ( ААқ « Васильков атыны » құрылымда 60% акциясы бар.
Іскерлік қатынастың белсендігін Одан әір артыру мақсатында 2005 жыл сәуірде Амстрдам қаласындағы « TN6 Bank » штаб пәрерінде «NЭN » НАРЫҒЫНДАҒЫ Нидерландық орталық және Нидерландық экономикалық министрлігі ұйымдастырған Қазақстан жөніндегі бизнес – симинар өткізілген болатын. Симинарға Нидерландық экономикалық қаржы сыйымдылықтары секторнынрын келтірген 57 басты компаниялар қатысты. Алғаш рет галланды тілінде шығарылған « Doing bintss in Kfzfkhstfn 2005 – 50066 Europe » атты бизнесдің видио – презитациясы болып өтті.
Примерминистірдің орынбасары экономика министірі Х. Я. Бринхоспен, Сыртқы істер департаметтінің басшысы Б. Ботпн, Химиялық қаруға тиім салу жөніндегі ұйымның Бас директоры Р. Пфиртенпен келіс сөздер жүргізумен қатар, іс – сапар бағдарламасы бірқатар галландиялық компаниялардың өндірістік қуаттары мен танысуды, халықаралық « дөңгелек үстел » отырысына қатысуды қатыды, бұл « Клиген дейл » халықаралық қатынастар институтымен ұйымдастырылды.
2005 жылы сәуір айында Индустрия мен сауда саттық вице – министрі Ж. Айтжанова мен Сауда – саттық министрі К. Ван Генниг арасында, экономика министірлігі мен бюжеттік жоспарлаудың халықаралық экономикалық қатынастарды департаметтінің халықаралық бизнесті дамыту жөніндегі директоры Б. ван Болхаус арасында келіс сөздер жұргізілді.
3.3. Халықаралық сауда қарым – қатынасы.
Қазақыстанның Нидерландпен қарым – қатынасы жергілікті түрде белсенді дамып келеді. Бұл ел Қазақстандық экспорттың жалпы көлемінде елеулі орын алады. 2000жылы Қазақстан мен Нидерланд арасындағы тауар айналым 304 млн. Долларды, оның ішінде экспорт 240 млн. долларды құрады. Екі ел арасындағы сырттқы сауданың елеслі түрде өсіміне Роттердам мен Амстрдам сияқты ірі теңіз айлақтарының болуы ықпалды етеді. Қазақстандығы 10 – жуық бірлескен кәсіпорын тіркелген. Олардың қызмет жеміс – жидек өнімдерін өндіруге, қызметтер көрсетуге, халық тұтынатын тауарларды өндіруге бағытталған. Бірқатар жетекші голландтық фирмалар Алматыда өздерінің өкілдіктерін ашты.
Нидерланд үкіменті дамытуға ықпал ететін, экспортқа жәрдемдесу бағдарламасына Қазақстанды қосу туралы шешім қабылдады. Осы бағдарламаға сәйкес даму жобалары бойынша голландық тауарлар жеткізілімі құнының 40 пайызына дейін жабуға арналған Нидерлан үкіментінің грантин бөлуді көздейді. Өнеркәсіп, корпорация, банк ісі, инвестиция, мәдениет және білім салаларында біздің елдеріміздің жан – жақты ынтымақтастығына негіз қаланған.
Бірақта факторлар іс жүзінде халықаралық өмірдің барлық салларында Қазақстанның Голландиямен қатынасы одан әрі дамытудың перспективалылығы айтуға мүмкіндік берді. Олардың қатарына Голландияның тиімді географиялық жағдайы, әлемнің ірі айлақтарының осы елде орналасуы, экономикалық салалық құрлымы жатады. 1994 жылғы қаңтарда Маастрихтегі « Глобэл пэнэл » халықаралық конференциясына қатысуы негізінде Н.Назарбаев Нидерланды Пример – министрі Р. Любберспен кездесті. Екі жақты ынтымақтастықты, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Категория: География | Добавил: (02.03.2012)
Просмотров: 1403

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]