Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Экономика

Заттардың ұғымы және оны саралау (жiктеу)


Заттардың ұғымы және оны саралау (жiктеу)

Заттың ұғымы туралы қазiргi қолданып жүрген заңда айтылмаған, оның ұғымы азаматтық зерттеулерде берiлген. Зат дегенiмiз, азаматтық құқық тұрғысынан алып қарағанда физикалық дене peтiндe және оның адам еңбегiмен жасалған, сол сияқты табиғи күйiнде де кездесетiн (болатын) сыртқы материалдық дүниенiң бiр бөлiгi болып табылады.1
Затты заңдық жағынан саралау (жiктеу) көбiне көп оның табиғи қасиетiне (физикалық немесе экономикалық) немесе қоғaмдық маңызына негiзделедi және әр құқықтық субъектiлерiнiң белгiлi бiр заттың түрінe қатысты әрекет eтyiн айқындайды.2
Азаматтық кодекстiң 117 -бабына сәйкес заттардың өзi қозғалатын және қозғалмайтын болып eкiгe бөлiнедi. Затты қозғалмайтындар қaтapынa жатқызу eкi жағдайғa байланысты: яғни материалдық жағынан затты жерден айыруға болмайтындығына және оны opнынан қозғау үшiн шығындану қажеттiгiне байланысты. Кейбiр жағдайларда, заң қозғалатын мүлiктердi, атап айтқанда әуе және теңiз кемелерiн, iшкi суда жүзу кемелерiн, "өзен-теңiз" жүзу кемелерiн, ғарыш объектiлерiн қозғалмайтын түрге жатқызады. Қозғалмайтын мүлiкке теңестiрiлетiн объектiлер тiзiмi толық eмecтiгін еске сала кеткен жөн. Азаматтық кодексте заң актiлерi бойыншa қозғалмайтын заттарға өзге мүлiктер де жатқызылуы мүмкiн.
Қозғалмайтын заттарға меншiк құқығы мен басқа да құқықтар, бұл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттiк тiркелуге тиic (АК -тiң 118-бабының l-тармағы). қозғалмайтын мүлiктiң ерекше түрiнiң бiрi кәсiпорын болып табылады. Заң бойыншa "кәсiпорын терминi eкi мaғында кәсiпорын деп аталады (АК-тiң 102-104 баптары). Азаматтық құқықтың субъектici ретiнде мұндай кәсiпорын мемлекeттiк тiркеуден өтедi. Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын мүлiктiк кешен құқық объектiсi түрiндегi кәсiпорын деп танылды (AK-тiң 119-бабының l-тармағы). Яғни ондай кәсiпорын құқық объектici болып табылады, кәсiпорын тұтасымен немесе оның бiр бөлiгi сатып алу-сату, кепiлге, жалға беру шарттарының және басқа да мәмiлелердiң объектici болуы мүмкiн, ол әкімшiлiк тәpтiппен өзге субъектiге берiлyi ықтимал.
Мүлiктiк кешен ретiнде кәсiпорын құрамына оның қызметiне қажеттi деген барлық мүлiк түрлерi енедi. Соның iшiнде үйлер, ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар, шикiзаттар, өнiмдер, жер учаскесiне құқық, талап ету құқығы, борыштар, сондай-ақ aтayын белгiлейтiн белгiлер (фирманың атауы, тауар белгiлерi), егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, және тaғы басқа айрықша құқықтар болады. Мүлiктiк кешеннен қандай да бiр объектiнi алу заңда немесе шартта көрсeтiлуi тиic. Кәсiпорынның меншiк құқығы мен басқа да құқықтары басқа тұлғаға өткенде, сол тұлға жоғарыда аталған құқықтардың бәрiнiң бiрдей өзiне берiлуiн талап ете алады.
Азаматтық кодекстiң 116-бабының талаптарына сәйкес заттар айналымнан epкін берiлeтiн немесе ayыcaтын, айналымнан алынып тасталатын және айналымда шек қойылатын түрлерге бөлiнедi.
Азаматтық кодексте айналымнан алынып тасталатын (шығарылған)) зат деп азаматтық құқыққа объект бола алмайтын заттарды айтады. Бұл ретте осы заттар адамдардың меншiгiнде болмайды деген тұжырым жасалады.
Заң "айналымнан алынып тасталған" деген сөздi басқа да мағынадa қолданады - мемлекеттiк тәртiптiң және қоғамдық қауiпсiздiктiң қамын ойлап иелiк ету жолы айрықша жағдайға қойылған заттарға да қолданады. Мәселен, айналымнан шығарылған жеке заттарға мыналарды жатқызуға болады: қару, радий, гелий және т.б. Алайда, бұл заттардың көпшiлiгi мемлекеттiң дара меншiктiк объектiсi болып табылады. Азаматтар тиicтi өкімeт орнының рұқсаты бойынша бұл заттарды алып, oғaн иелiк ете алады (АК-тiң 116-бабы, 3-тармағы). Берiлyге рұқсат eтiлмейтiн заттардың түрлерi (айналымнан алынып тасталған заттар) заң құжаттарында тiкелей көрсетiлуге тиiс.
Азаматтық құқықтық объектiлерiнiң көбi айналым қабiлеттi болып келетiндiгiнен өзгеге epкін түрде берiлiп, бiр тұлғадан екiншiсiне ауыса бередi. Азаматтық кодексте басқа бiреуге беруге болмайтын материалдық емес игiлiктер жөнiнде арнайы талап бар. Мұндай игiлiктер тiзiмi Азаматтық кодекстiң 115-бабының 3-тapмағына көрсетiлген: олар - өмip, денсаулық, тұлғаның ap-намысыы және тағы басқалар.
Заттарды бөлiнетiн және бөлiнбейтiн деп бөлу оның табиғrатына тән нерсе (АК-тiң 120-бабы). Бөлiнетiн зат бөлген кезде өзiнiң бастапқы қасиетiнен айрылмайды. Бөлiнбейтiн зат бөлiнгенде мәнін (өзiнiң шаруашылық мақсатын) жоғалтып алады, сондай-ақ құжаттарына көрсетiлгенiндей, бөлуге жатпайтын заттар кездеседi (мәселен, ескерткiш).
Ендi күрделi заттар деген ұғымға тоқтала кетейiк. Егер ер тeктi заттар бiрiгiп бiр мак:сатк:а пайдаланыла әpi бүтiн бiр затты құрайтын болса, олар бiр зат деп қаралады. Oған мысал peтiндe кiтапхананы, пошта маркаларыньщ коллекциясын жәнет.б. айтуға болады. Күрделi заттарды бөлу мақсаты Азаматтық кодекстiң 121-бабында айтылған күрделi зат жөнiнде жасалғaн мәмiленiң күшi, егер шартта өзгеше белгiленбесе, оның барлық құрамдас бөлiктeрiне қолданылады.3
Азаматтық кодексте затты басты және керек-жарақ (қосалқы) деп бөледi (АК-тiң 122-бабы). Басты зат деп дербес болатын және азаматтық құқықтық қатынастың тiкелей пәнi болып табылатын затты айтады. Керек-жарқ: (қосалқы) зат басты затқа қызмет етедi, өйткенi, олардың шаруашылық мақсаты бiр болады, егер заңдарда немесе шартта өзгеше белгiленбесе, басты затқа iлесiп жүредi (мәселен, құлыптың кiлтi, қыл керiлген шыбығы, т.б.).
Азаматтық кодексте жемicтер, азық-түлiк және табыстар деген заттар да қаралған. Бұл - затты пайдалану нәтижесiнде алынған түсім.. Жемicтер деп отырғаныыыыз малдын. телi, жемiс аraштарыньщ жемiсi жене т.б., ал табыстар азаматтық айналымда пайда түсiредi, oғaн жалдамалы aқы, пайыздар және т. б., азық-түлiк (өнім) дегенiмiз өндiрicтiк мақсатқа орай затты пайдаланудан түскен өнiмдер болып табьтады.
3aтты пайдаланудан түскен нәтиженi оның заңды меншiк иесi еншiлейдi. Егер заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, Азаматгық кодекс түскен өнiмдi, жемiстi және табысты заң бойынша оның меншiк иесiнiң пайдалануына басым құқығы берiлyiн қамтамасыз етедi.
Азаматтық кодекс жануарларды да объект ретiнде қарастырады. Азаматтық кодекстiң 124-бабына сәйкес жануарларға қатысты қатынастарғa егер заңдарда өзгеше көзделмесе, жалпы ережелер қолданылады.
Азаматтық кодексте epeкшe объектiлердiң бiрi ретiнде азамaттық немесе заңды тұлғаның интеллектуалдық меншiгiн қарастырады, oғaн интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi және оларға теңестiрiлген заңды тұлғаны дараландыру құралдары жеке немесе заңды тұлғаның өзi орындайтын жұмысының немесе қызметiнiң өнiмдерi (фирмалық атау, тауар белгiсi, қызмет көрсету белгiлерi және т.б.) жатады. Шығармашылық интеллектуалдық қызметiнiң нәтижелерi мен ерекше құқықтардың объектici болуы мүмкiн даралану құралдарын пайдалануды үшiншi жақтар құқық иеленушiнiң келiciмiмен ғaнa жүзеге асырады.
Азаматтық кодексте aқпapaт жөнiнде арнайы бап бар, онда қызмет және коммерциялық құпиялардың мән-жайы айқындалған, былайша айтқанда, коммерциялық және басқалай құндылық бар ақпараттарға қатысты мәселелерге мән берiлген. Үшiншi жаққа белгiсiз болуына байланысты ақпараттың нақты немесе потенциалды коммерциялық құны болып, oнымен заңды негiзде epкін танысуға болмайтын және ақпаратты иеленушi оның құпиялылығын сақтауға шара қолданатын ретте, қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат азаматтың заңдармен қорғалады. Мұндай aқпapaтты заңсыз әдicтермен алған адамдар, сондай-ақ еңбек шартына қарамастан қызметшiлеp немесе азаматтық - құқықтық шартқа қарамастан контpaгeнттep қызметтiк немесе коммерциялық құпияны жария етсе, келтiрiлген залалдың орнын толтыpyғa мiндеттi (AK-тiң 126-бабы).
Азаматтық құқық объектici ретiнде ақшаның бiрсыпыра өзгешелiктерi бар. Ақша төлемнiң заңды құралы болып табылады: ақшаға шaғылып жасалған мiндеттемелердiң қандайын болсын ақша төлемi етуге болады. Тектес қасиеттерi бар заттардың iшiнде ең өтiмдici (ауыстыруға қолайлысы) ақша. Ақшалай сома төленгенде ақшаның саны eceпкe алынады, ал оның iрi-ұсақты бiлдiретiн белгiсiне мән берiлмейдi. Мысалы, 100 теңге қарызды жиырма теңгемен немесе eкi елу теңгемен және т. с. берiп өтеуге де болады.
Теңге Қазақстан Республикасының бүкiл ayмaғындa өз құны бойынша қабылдануға мiндeттi заңды төлем құралы болып табылады (AK-тiң 127-бабы).
Қазақстан Республикасы аумағындa шетел валютасымен есеп айырысуды: peттepi, тәртiбi мен шарттары заңдарда белгiленедi. Валюталық қазыналар деп танылатын мүлiк түрлерi және олар арқылы мәмiлелер жасау тәртiбi заң құжаттарында белгiленедi. Валюталық қазыналарғa меншiк құқығы Қазақстан Республикасында жалпы негiздерде қорғалады (AK-тiң 128бабы).

Категория: Экономика | Добавил: Аслан (16.02.2011)
Просмотров: 1590

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]