Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Экономика

Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру


Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру

Заңсыз жолмен тапқан ақшаны заңдастыру, яғни «лас ақшаны тазарту» - тауарлар мен қызмет көрсету саласындағы кейіп беру үшін барлық негізгі әлеуметтік –экономикалық институттарда және мүмкіндік тудыратын жағдайларды өте біргірлікпен пайдалану. Заңды бизнесті ол, көбіне, өзінің ірі ауқымды заңсыз мәліметтерін бүркемелеу, заңсыз жолмен тапқан ірі мөлшердегі ақшаны шетелге аудару үшін пайдаланылады. Экономикалық тұрғыдан алғанда, «ақшаны тазарту» дегеніміз –жасырын қорлар мен капиталды ашық экономикаға енгізу. Ұйымдасқан қылмыстың мақсаты – алынған табыстың негізгі бөлігін сыбайластық байланыс арқылы заңдасытыру.
Сарапшылардың болжамы бойынша халықаралық қылмыстық ұйымның ақшасы - әр түрлі жылжымайтын мүліктерге, айналған фирмалар мен кәсіпорындарға салынған, сондай-ақ 300 млрд долларға жуығы банктік есепте. Сонымен қатар оның жылдық табысы 120 млрд доллар шамасында.
Қылмыстық жолмен табылған «ақшаны тазарту» оның кімге тиесілі екенін жасыруды және басқа жаққа ауыстырылуын қажет етеді.
Ұйымдасқан қылмыстың табысы болуы оның «ақшаны тазарту» қабілетіне негізделген. «Ақша тазартуды» бетімен жіберу – қаржы ұйымдарының әлеуметтік, экономикалық және саяси құрылымдарын ақсатады.
Заңсыз қаржыландырылатын кәсіпорындар бәсекені тұншықтырады.
Қоғамға түсетін салық салмағы артады.
Тікелей банктік құрылымдар арқылы қылмыстық жолмен табылған ақшаны тазартудың алдын алу мәселесі бірқатар халықаралық конференцияларда, атап айтқанда, 1990 жылғы Гаванада, 1991 жылғы Суздальда талқыланды. Бұл мәселені талқылаған кезде сарапшылар банктік құпияның «тазартуды» жеңілдететін және қылмыстық жолмен алынған активтерге бақылау жасауды қияндататынын тілге тиек етті.
Банк операциялары мен бақылай жасау практикасының ережелері бойынша БҰҰ Комитетінің принциптері туралы Мәлімдемеде де (Базелде қабылданған) бұл мәселелердің дұрым шешілуіне көмегін тигізеді. Бұл мәлімдемеде клиенттің жеке басын анықтаудың қажеттігін, күдікті мәмілелер жасаудан банктің бас тартуын, әкімшілік органдармен салыстырмалы құпиялық ережесінің шеңберінде ғана қарым-қатынас жасауды қарастырады.
Бірқатар елдер жасырын банк есептеріне тыйым салу жөнінде шара қабылдады, дегенмен, бұл тұрғыда Австрия, Люксембург, Швеция сияқты елдерде білгілі бір шектеулер әлі бар. Бірқатар елдердің банктерінде не барлық операциялардың, не ірі ақшамен операциялардың, не халықаралық операциялардың ішкі тіркеуін сақтаған.
Капиталдың түсуін бақылауды Швейцария қатайтты. 25 мың швейцар франкісінен артық сома түскен клиенттің есебін барлық банкілер тексеруге тиіс. Заңсыз ақша операциясына қатысқаны үшін белгіленген жаза қатайған, заңсыз жолмен алынған ақша тәркіленеді.5
Уругвайда орнаған жаңа тәртіп бойынша, шыққан тегі күдік тудыратын ірі салымдарға және оларды ауыстыру операциясына қатаң бақылау орнатылған. Мақсат –қылмыстық жолмен табылған ақшаны тазартуға тосқауыл жасау.
Бұл елде бұрын орын алған салым құпиясы және банкирлердің онша талап қоймауы ұйымдасқан қылмыстың етек алуына мүмкіндік туғызған болатын. Ал, жаңа ережеге сәйкес кез келген ірі салымның шыққан тегі миқият тексерілді, құжат арқылы расталынады. Австралия заңы бойынша банк күдікті салым түскен бойда полицияға хабарлауы тиіс.
АҚШ-та банк құпиясы туралы Заң жұмыс істейді, Конгресс сол заңға сәйкес «ақшаны тазартудың» алдын алу операциясын заңдастыруға әрекет жасады. Қазір банк мекемесі 10 мың доллардан асатын әрбір салым бойынша валюта операциясы жөнінде есеп және басқа да есептер жүргізеді.
АҚШ-тың «Жасырын ақша қаражатын инвестициялау жөніндегі операциялар туралы» Заңы күдікті қаржы операциялары туралы құқық қорғау органдарына өз еркімен хабарлаған банкті айыппұлдан босатады. Қылмыстық ақшаны тазарту, іздестіру, басып алу және тәркілеу жөніндегі Еуропа Конвенциясын республикада практика жүзінде іске асыру мамандандырылған мемлекеттік органдар құруды қажет етеді. Мысалы, Францияда қылмыстық капиталды іздестіру жұмысымен экономика және қаржы министрлігі жағынан арнайы құрылған «Тракфин» тобы айналысады. Егер ірі ақша аударымы жайында банктен келіп түскен ақпарат күдік тудырса, материал прокурорға беріледі. Содан кейін полицияға және кеден қызметіне тергеу жүргізу жайында нұсқау беріледі.
Швецияда құрылған арнайы қаржы полициясының міндеті-қару-жарақты, мұнайды контрабандылық жолмен сатып, жасырын есірткі сатып түсірген ақшаны Швеция банктері арқылы «тазартуды» көздеген халықаралық қылмыстық топтарды анықтау, оларға тосқауыл болу.
Бұл өзекті мәселені шешу үшін Қазақстан дүниежүзілік қауымдастықпен тығыз байланыста болуы тиіс.
Мұндай қызметі БҰҰ шеңберінде үйлестіруге талпыныс Бас хатшының Экономикалық және әлеуметтік Кенестің екінші сесиясына 1990жылы ұсынған баяндамасцында, БҰҰ-ның есірткімен күресуге бағытталған әрекеттің қоғамдық жоспарында болды. БҰҰ жұмысының дүниежүзілік бағдарламасында да қаражаттың заңсыз түсімі және банк жүйесін заңсыз пайдалану арқылы жинақталған ақша қаражатының зардаптармен күресу үшін қабылдануға тиісті шаралар ұсынылған.
Ақшаны тазартумен күрестегі қылмыстық жазалау саясаты, ең алдымен, ұйымдасқан қылмысты сыбайластықтың материалдық құндылықтарын іздеп табуға, бақылауға алуға және де тәркілеуге бағытталуы тиіс.
Қылмыстық қызметтен түскен табысты тазалау, анықтау, алу жәнем тәркілеу туралы 1990жылғы Европалық конвециясының ережелеріне сәйкес елдер «лас ақшаны» тазартудың мына қасақана іс-әрекеттерін қылмыс ретінде саралау үшін заңдық шаралар қолдануғатиіс,- олар ,
А) материалдық құндылықтың заңсыз екендігін жасыру немесе негізгі құқық бұзушылықты жасаған кез келген адамға, оның өз іс-әрекеті үшін заңдық салдардан құтылуына көмектесу мақсатында, сол материалдық құндылықтың қылмыстан келген табыс екенін біле тұра адамның материалдық құндылықты конверсия жасауы немесе беруі ;
Б) материалдық құндылықтың немесе оған тиесілі құқықтың жаратылысын , тегін, орындалуын, қозғалысын немесе анық кімге тиесілілігін жасырып қалу немесе бұрмалау, егер де адам бұл материалдық құндылықтың қылмыстық жолмен келгенін білетін болса,
В) материалдық құндылықты сатып алуды иемденуді немесе пайдалануды, егер сатып алған, иемденген немесе пайдаланған кезде оны алған адам құндылықтың қылмыстық жолмен келген табыс екенінбілген болса . Қылмыстың тікелей объектісі –қаржылық-несиелік қатынастар, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтің заңдылығын реттейтің қоғамдық қатынаста.
Қылмыстықтың заты –біле тұра заңсыз жолмен алынған ақща қаражаты немесе басқа мүлік.
Қылмыстық қызметтен алынған табысты тазарту, анықтау, алу және тәркілеу жөніндегі 1990жылдың 8қарашасындағы европалық Конвенцияға сәйкес «табыс» термині қылмыстық жолмен алынған кез келген материалдық пайданы білдіреді.
«Мүлік» термині-заттық немесе заттық емес қозғалатыне немесе қозғалмайтын мүліктің кез келген түрін қамтиды, сондай-ақ адамның сол мүлікке немесе ондағы үлесін куәлендіретін заңдық құжат немесе қағаз.
Ақша қаражаты түсінігіне, ұлттық та, шетелдік те валюта, қолма-қол ақша да, қолма-қол емес те кіреді.
Баю, порнография, жезөкшелік мақсатында сексті пайдалануға, балалар мен кәмелетке толмағандарды сатуға тыйым салу жөніндегі Европа Кенесінің 1991 жылғы 9 қыркүйектегі ұсынысы да балалар мен кәмелетке толмағандарды тән ләззаты үшін пайдаланудан түскен табысты алу үшін және тәркілеу мүмкіндігін қарастырады.
Объективтік жағы:
1) біле тұра заңсыз жолмен алынған ақша қаражатымен немесе басқа мүлікпен қаржылық оепарция жасау.
Мысалы, бағалы қағаздарды шығарумен байланысты қаржылық оепарциялар жасау, несиелеу, ақша қаражатын депозитке салу, салықтар жинастыру және де қаржы заңымен реттелетін басқа операциялар;
2) басқа мәмілелер жасау. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мінедттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер, мәмілелер деп танылады;
3) ақша қаражатын немесе басқа мүлікті кәсіпкерлік немесе басқа экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалану.
Кәсіпкерлік - өз емншігіндегі, қарызға алған және басқа қаражттар мен мүлік есебінен, осы қызметке қатысушылардың барлығы үшін өзара тиімді нәтижелер мен табыстар алу мақсатында ынталы, күшіндегі заң шеңберіндегі, шаруашылықтық және басқадай қызмет. Қызметтің бұл ашық, заңды формасы қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын «тазартуға» пайдаланылады.
Басқадай экономикалық міндетті орындау мақсатында ғана емес, бұл қаражаттың кез келген қозғалысында, оның ішінде, заңсыз иемденген мүлікті тазарту мақсатындағы мәмілені асыру барысында бұл іс-әрекеті аяқталған деп санауға болады.
Субъективтік жағы. Кінәнің формасы- қасақана жасағандық. Ең басты мақсаты тек табыс табу болып саналатын адамдарды қылмыстық жауапкершіліктен босатуға болмайды. Олардың пайдалануындағы заңсыз екендігі белгілі ақша қаражатының шыққан тегіне немқұрайды қарау жанама ниеттің көрініс табуы болып табылады. Саралау үшін себеп пен мақсаттың маңызы жоқ.
ҚК-тің бабында мынадай ауырлататын мән-жайларды қарастырады:
егер қылмысты:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
2) әлденеше рет;
3) адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаған болса.
Қызмет бабын пайдалану дегеніміз – мемлекеттік билік органының лауазымды адамының, мемлекеттік қызметкердің немесе жергілікті өзін-өзі басқару органы қызметкерінің, сондай-ақ коммерциялық және басқа мекемеге басқарушылық міндет атқаратын адамның заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе мүлікті заңдастыруы (тазартуы). Қызмет бабында берілген өкілеттік олардың қылмыстық жолмен тапқан мүлікті заңдастыруын жеңілдетеді.6
Қылмыстың субъектісі – жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.
Заңсыз жолмен табылған ақша қаражаты немесе басқадай мүлік нақты кімнің қарамағында болса, сол адам жауапкершілік көтереді.
Ондай мүлікті заңдстыруға біле тұра көмек көрсетуші адамдар, мысалы, нотариустар, ломбард қызметкерлері, қылмыстық бірлестікке көмектесушілер немесе қатысушылар болып саналады.
Ұйымдасқан топ, қылмысты сыбайластық жасаған немесе ірі мөлшерде жасалған әрекеттер сияқты саралаушы нышандар бар болғандығы жауапкершілікті қарастырады.

Категория: Экономика | Добавил: Аслан (16.02.2011)
Просмотров: 1183 | Комментарии: 1

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]