Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Экономика

Заңсыз әскериленген құраманы ұйымдастыру


Заңсыз әскериленген құраманы ұйымдастыру
Қылмыстық кодекстің 236 – бабында: Заңсыз әскериленген құрама ( бірлестік, отряд, жасақ немесе өзге де топ ) құру, сондай – ақ ондай құраманы басқарғаны үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген.Қылмыстың объектісі – заңмен белгіленген әскерилендірілген құраманы ұйымдастыруды реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыс объективтік жағынан мынадай белгілермен сипатталады:а)әскерилендірілген құрама құру және басқару; б)құраманың қарулануы; в) мұндай құраманы қарудың заңға негізделмеуі.
Құраманы құру деп оған адамдар тарту, оларды қаруды қолдануға үйрету, қару- жарақ жасау, оның немесе олардың қорын жасау әрекеттерін айтамз.Заңсыз әскериленген құрамға – оның Қазақстан Республикасының заңына қайшы, оған негізделмей құрылған құрамалар жатады.Әскерилендірілген құраманы басқаруға оған қатысушылардың қызметін бөліп беру, әскери құрамалардың топтарының, олардың жекелеген іс әрекетіне, бұйрықтардың орындалуына бақылау жасау, қарулы қақтығыстарды жоспарлау әрекеттерін жүзеге асырулар жатады.
Қылмыс құрамы жағынан формальдық. Қылмыс заңсыз әскерилендірілген құраманы – бірлестік отряд, жасақ немесе өзге топты құру әрекетін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады.Қылмыстың субъектісі 16 – ға толған, кез- келген есі дұрыс адам.
Қылмыстық кодекстің 236 – бабының 2 – тармағында заңсыз әскерилендірілген құрамаға – бірлестікке, отрядқа немесе жасаққа өзге де топқа қатысқаны үшін жауаптылық белгіленген.Бұл жерде қатысу деп әскери құраманы құрмаған немесе ондай құраманы басқармаған адамның құраманың қатардағы жауынгер немесе оның белгілі бір бөлігінің командирі ретінде көрінуін айтамыз.
Осы баптың ескертуіне сәйкес: заңсыз әскери құрамаға қатысуын ерікті түрде тоқтатқан және қаруы мен әскери жабдығын тапсырған адам, егенр оның іс- әрекетінде өзге қылмыс құраманы болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатады.

Категория: Экономика | Добавил: Аслан (16.02.2011)
Просмотров: 634

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]