Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Экономика

Қазақстанның банктік нарығы


Қазақстанның банктік нарығы жетілмеген бәсеке нарығы болып табылады. Бұнда тауардың дифференциациясы маңызды орын алады, яғни сапаны жақсарту, атақты ұлғайту арқылы банктің банктік өнімінің бөлінуі.
Бұндай жағдайларда банктер жарнаманың әр түрлі әдістері арқылы өзінің атағын күшейтуге және қоғаммен байланыс бойынша қандай да бір шаралар арқылы өзінің репутациясын жақсартуға ұмтылады.
Олар біздің республикамызға өтіп жатқан әр түрлі маңызды шараларға демеуші ретінде қатысады, акционерлер жиналысын жүргізеді, жылдық есеп беруді құрайды, жарнамалық проспекттер мен буклеттерді шығарады, теле және родио жарнамаға айтарлықтай сомада шығын жұмсайды. Бірақ менің ойымша, клиенттерді ұлғайту үшін уақыт қажет, өйткені экономикалық және саяси жағдайдың тұрақсыздығынан, банктердің жұмыс уақытының кішігірім аралығынан, шетел валютамен салыстырғанда ұлттық валютаның құбылуынан және басқа да сипаттамаларынан тұтынушылар өз ақшаларын сеніп тапсыру ықтималдығы төмен болады. Бұдан басқа заңнамалық база, көбінесе, өткізу нарығын шектейді.
Бізде бірінші ретті және екінші ретті бағалы қағаздар нарығы өте әлсіз дамыған. Бұл ірі кәсіпорындардың қолында тұрған экономиканың даму деңгейінің төмендігімен сипатталады.
Белгілі бір кәсіпорында жұмыс істейтін кызметкер сол кәсіпорыннын барлық акцияларының азғантай үлесін ғана иемденеді және оны сатуға құқығы жақ.
Бірақ бұған қарамастан, маңызды элементтерінің бірі - кең ауқымды компьютерлік жүйе Интернет болып табылатын телекоммуникация жүйесінің қарқынды дамуынан халық әлемдік желілердің барлық құндылығын бағалай бастады.
Пластикалық карточкалар, «Банк-клиент» жүйесі сияқты банктік өнімдер басқа да автоматтандырылған қызметтерге казіргі кезде сұраныс күннен күнге артып жатыр.
Автоматтандыру және жалпыға бірдей ғаламдастыру қажетті ақпаратты табу және өндеу әдістерінің кысқаруына әкеледі.
Халықтың әр түрлі топтары арасындағы қарапайым дауыс беру жолымен анықталатын кез келген банктің атағының деңгейін білуге мүмкіндік беретін интернет сайттары бар. Интернет желісіндегі жарнамалар тұтынушылардың кең аудиториясынан өте тиімді құралдардың бірі болып табылады.
Біздің \¥\¥\Ү серверімен клиентке үсынатын негізгі мүмкіндіктердің ішінде ағымдық шот, депозитарий мен және басқа қызметтер мен өзара байланыс туралы ақпараттарды алудың мүмкіндіктерін атап кеткен жөн. Ақшалай аудармаларды орындау туралы айтар болсақ, біздің елде бұл міндеттерді іске асыру үшін уақыт керек. Бірақ бұл жерде қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударып отыр. Қазіргі уақытта банк желілердің даму қарқыны шапшаң өсіп отыр. Іс-жүзінде барлық пайда болып жатқан желілік технологияларды банктер өз қолына алуда. Бірақ менің ойымша, жаңа банктік қызметтерге қарамастан, классикалык операциялар нарық қажеттеріне сәйкес өзгерістерге ұшырап отырса да, өз негізінде қалады. Соңғы жылдарда еліміздің банктік жүйесі қарқынды даму үстінде. Біздің банктер қызметтерін реттейтін заңнамамыздың кейбір кемшіліктеріне қарамастан, жағдайдың жақсы жаққа қарай ауысып отырғаны көрінеді.
Қазіргі уақытта банктердің көбісі өздерінің қызметкерлерінің кәсібилігіне және жаңа технологияларға басты назар аударып отыр.
Мысалы ретінде, өз әріптестерінің кәсібилігін тұрақты жетілдірудің және біліктілігін жоғарлатудың саясатын жүргізіп отырған Халық банкті келтіруге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы»
Қазақстан Республикасының заңы. 30.03.1995
2. «Қазақстан Республикасының Үлттық банкі туралы» Қазақстан
Республикасыньщ заңы. 30.03.1995
3. Мақыш С.Б. Коммерциялык банктер операциялары. Алматы:
ИздатМаркет, 2004ж.
4. Питер С. Роуз. Банковский менеджмент. (Перевод с английского 2-го
изд.-М:Дело,1999)
5. Сейтқасымов Г.С. Ақша, несие, банктер. Алматы: Экономика, 1996ж.
6. Сейткасымов Г.С. Банковское дело. Алматы: Қаржы-Қаражат, 1998ж.
7. Орысша-қазақша қазіргі экономикалык терминдердің түсіндірме
сөздігі. /жауапты редактор: Досаев Қ.О./ Алматы: Экономика, 1999ж
8. Орысша-қазақша сөздік. Алматы, 1978ж.
9. Лаврушин О.И. Банковское дело. М, 2000 г.
10. Жуков Е.Ф. Банки и банковские операции: Учеб. для ВУЗов. - М.:
Банки и биржи: ЮНИТИ, 1997. -471 с.
11. Исин. С. Банковские услуги: проблемы оценки себестоимости и
ценообразования //Банки Казахстана. №7. 2006г.
12. Банки Казахстана. № 10, 3. -2007
13. Банки Казахстана. № 2, 10. -2007
14. Қаржы-Қаражат-Финансы Казахстана. № 12, 2007 жыл.
15. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі.
2007г.
16. "Банковские технологии" 2006г.
17. Альянс Банктің 2007 жылгы есеп беруі
18. Банки Казахстана №1 «О текущей ситуации на финансовом рынке»
2007ж. стр.2
Банки Казахстан № 13, 2007ж. « Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының жай-күйі ту

Категория: Экономика | Добавил: Аслан (16.02.2011)
Просмотров: 803

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]