Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Экономика

Қандай ғылымның болмасын пайда болуы


Қандай ғылымның болмасын пайда болу ушін тарихы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардын ішінде баска салалардан өзінің ерекшелерімен оқшауланатын Бухалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болып, күнделікті омірде қолдануы барысында қоғомның әлекметтік-экономикалақ жағдайларына қарай өзгеристерге ұшырап келе жаткан ғылым болып табылады. Бухалтерлік есеп туралы белгілі ғалым Б.Де Солозано «Бухалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес және де бухалтерлік есепсіз әлемді басқару мүмкин емес, адамдар да бірін-бірі түсінбес еді»-деген болса, оның әріптесі П.Самуэльсон «Біздің ғасырымыз-машина ғасыры, сондай-ак ол Бухалтерлік есеп ғасыры болып табылады»,-дейді. Ал осы ғылымды зерттей келе Р.А.Фаулки «Есеп-бұл барлык бизнестің тілі, яғни философиясы»,-деп айтса, Л.Фон Мизес «Есеп-бұл бизнестің арожданы, ұяты»,-деп жазған. Бухалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтин, өңдейтин, есептейтін және оны пайдаланушылардың қолдануына ыңғайлы етип жеткізіп беріп отыратын жүйе болып табылады. Бухалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында «Есептей алмаған, басқара алмайды», - деген сөздің жайдан-жай айтылмағандығын атап өтеуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындау қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның кірістері мен шығыстарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есеп қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдалданушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің мәліметтерін кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім қабылдау үшін пайдаланатын болса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса жабдықтаушы (мердігер) кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және тағы да басқалар пайдаланады. Кез келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса, басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Елімізде жүргізіліп бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады.

Категория: Экономика | Добавил: Аслан (16.02.2011)
Просмотров: 2006

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]