Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Экология

Үздіксіз орман орналастыру құжаттамасының құрамы және оған қойылатын талаптар


Үздіксіз орман орналастыру құжаттамасының құрамы және оған қойылатын талаптар
Орман орналастыру жобасы мен осы Ережелерде қарастырылған барлық құжаттама,толық көлемде жасалатын орман орналастырудың материалдары үздіксіз орман орналастырудың негізі болып табылады.
Орман қоры мен орман пайдалану және орман шаруашылық қызметі бойынша жинақталған мәліметтер банкі құрылады.
Кейін, шаруашылық шаралармен қамтылған немесе орманға жағымсыз жағдайларда болған мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жыл сайын тексеру жүргізіледі және орман иеленушісіне жыл сайын мына құжаттар беріледі:
орман қорының жағдайы мен келесі жылдардың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша болған өзгерістері туралы мәліметтер;
орындалған орман шаруашылық шараларының сапасын бағалау ведомостары;
жобаланатын орман шаруашылық орналастыруды жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулар бойынша атқарылады.
Есепке алу – есеп беру құжаттамасын алу және орман қоры,орман пайдалану,ормандарды қорғау және күзету бойынша анықтамаларға түскен ресми сұрауларды орындау тәртібі негізгі орман орналастыруды жүргізу туралы келісім шартпен белгіленеді (орман иеленушісінің тиісті бағдарламалық құралдармен қамтамасыз етілуі мен мамандардың мәліметтер банкімен жұмыс істеуі ескеріледі)
Үздіксіз орман орналастыру объектілеріне мемлекеттік орман қорын есепке алу жылдары орман қорын есепке алудың N 1 пішіні бойынша тиісті құжаттама беріледі.
Орман қорын есепке алу жұмыстарын негізгі орман орналастырудан 6 жыл өткеннен кейін жүргізілген жағдайда,есепке алу алдындағы соңғы 2 жылда аралап журіп таксацияланғандардан басқа барлық алқаағаштардың таксациялық көрсеткіштері актуализацияланды.
Актуализация Қазақстан ормандарын таксациялау үшін қабылданған алқаағаштардың өсу барысының кестелері бойынша жүргізіледі. Мұндай кестелер жасалмаған жағдайда алқаағаштардың орман орналастырудан кейінгі жасы бойынша ғана актуализация жүргізіледі.
Тексеру кезеңнің жартысы өткеннен кейін орман қорында елеуі өзгерістер болған жағдайда, орман иеленушісінің тапсырысы бойынша басты пайдалану кеспе ағашы мен аралық пайдалану және, қажет болған жағдайда, ормандарды ұдайы өндіру шараларының көлемдері мен түрлері қайта есептелуі мүмкін.
Қайта есептеу орман қоры бойынша жаңа мәліметтер базасын табиғи өсуіне актуализациялау арқылы жүргізіледі. Қайта есептеу материалдарын қарау және бекіту тәртібі кәдімгі орман орналатырудағыдай.
Үздіксіз орман орналастыру кезінде қабылданатын және тапсырыс берушіге өткізілетін барлық құжаттар пішіні мен мазмұны бойынша кәдімгі орман орналастыру кезінде қабылданғандарға сәйкес болады.
Құжаттардың дәлме-дәл пішіндері тапсырыс берушінің дербес компьютеріне шығарылады, сондай-ақ олардың таспаға жазылуы мен магнит таспалары арқылы тапсырылуы қамтамасыз етіледі.
Жаңартылған картографиялық материалдар (планшеттер, орман карталары немесе олардың фрагменттері) жүктелімі мен дәлділігі бойынша белгілі бір кезеңде орман қорында болатын өзгерістерді ескере отырып құрастырылады ;
Жоспарлау кезінде орман пайдаланудың барлық түрлерінің және орман шаруашылық шаралардың кезектілігі, ұйымдастырылуы бойынша оңтайлы шешімдер табу;
Ормандардың жағдайы мен орман ресурстарын пайдалануда орман өсіру және табиғат қорғау талаптарының сақталуын бақылауға алу, анықталған кемшіліктерді жою және орман қоры динамикасы мен экологиялық жағдайағы жағымсыз өзгерістерді болдырмау;
Орман мониторингін мәліметтермен кезінде камтамасыз ету.
Үздіксіз орман орналастыру кезінде қойылған мақсаттарға сәйкес төмендегідей мәселелер шешіледі:
Орман қоры, орман пайдалану мен орман шаруашылық қызметі бойынша (актуализацияланған жағдайында) жинақталған мәліметтер банкін сақтау;
Орман кадастары мен ормандарды мемлекеттік есепке алу және орман шаруашылығы бойынша есеп беру құжаттамасын жүргізу;
Орман пайдалану мен орман шаруашылық қызметті жоспарлау (жыл сайын);
Орман пайдалану мен орман шаруашылық қызметі бақылауға алу;
Орман пайдалану мен орман шарушылық қызметі перспективалық жоспарлау мәселелерді негізгі орман орналастыру кезінде (қажет болған жағдайда – негізгі орман орналастыру арасындағы кезеңде) шешіледі.
Үздіксіз орман орналастырудың барлық мәселердің бағдарламалық құралдары арнайы жобамен құрамына сондай-ақ бағдарламар кешені мен орман қорын есепке алу, жоспарлау, бақылау мәселерді кіреді.
Осы мәселелердің тізбесі, олардың шешу тәртібі мен әдістері үздіксіз орман орналастыруды жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулармен анықталады.

Категория: Экология | Добавил: Аслан (16.02.2011)
Просмотров: 633

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]