Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Экология

Түтін тұмшалаған қала


Түтін тұмшалаған қала

Аспанмен таласқан биік құбырлар еңбек белсенділігінің белгісі ретінде Кеңестік хроника мен қырықыншы және елуінші жылдардың кинематографиясының кадрларында ғана қалды. Енді, қоршаған ортаны қорғаушылар – экологтардың дәуірі келді. Қаланы тұмшалаған түтін адамға ой салатын да болды. Қарапайым адамның да, табиғат ананың да жай-күйін ойлап, алаңдары анық. Бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі – адамның зәру мұқтаждығын табиғаттың онша зәру емес мұқтаждықтарымен алмастыру.

Әрбір адамға мына өмірде жарық та, жылу да аса қажеті болып табылады. Ал олардың кез-келгенін өндіру олардың өздерінің тұрып жатқан айналасын ластап, қоршаған ортасына зиян келтіретін процеспен байланысты болып келеді. Оның үстіне, бұл процестердің бәрі де үздіксіз жүреді, соған байланысты, одан бөлінетін зиянды заттар да үздіксіз бөлінеді деген сөз. Рас, оның еңбек интенсивтілігі жыл бойына өзгеріп отырады. Бұның бәрі де ЖЭО-мен (жылу электр орталығы), оның өз кезегінде, қаланың жылу мен электр қуатын пайдалануына байланысты жұмысымен, сыртқы ауа мен аймақтық климаттық ерекшеліктерімен тығыз байланысты болып келеді.

Елордамыз үшін жылу мен жарықтың қайнар көзі болып табылатын ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 «Астана-Энергия» АҚ-ның құрамына кіреді. ЖЭО-1 1961 жылдан бері жұмыс істесе, ЖЭО-2 1979 жылдан іске қосылған. Әрбір осындай нысан электр қуатына, бу және ыстық суға органикалық отын қуатын өндіру үшін энергетикалық кешен ұсынады. Органикалық отынды жағу – химиялық тотығу процесі. Оның әсерінен түрлі заттар тотығы мен жанбайтын қалдықтар пайда болады. ЖЭО-на тікелей әсер ететін нысан – атмосфера болып табылады. Гидросфера мен литосфераға, дәлірек айтсақ, су мен жерге әсер етудің өзіндік зардаптары бар. Түтінді газбен сыртқа бөлініп жатқан зиянды заттар астаналық өзен, үйлер мен көшелерге, алаңдар мен саябақтарға шөгеді. Сондай-ақ, ЖЭО-ның аймағында жай қана көміп тастаған өндірістік қалдықтардың пайда әкеле қоймасы анық. Әсіресе, қатты отынды жағудан пайда болған күл-қож қалдықтары (КҚҚ). ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 алаңы қаланың солтүстік-шығысындағы, кәсіпорындық аймақта орналасқан.

Қала күннен-күнге өсіп, энергетиктер мен экологтар өздерінің жаңа талаптарын қоюда. Сонымен қатар, елорданың жасыл келбетін автомобиль транспортының көбеюі де бұзады. Сондықтан да, «Астана-Энергия» АҚ-ның қызметкерлері ЖЭО-ның зиянды әсер етуін жоюға бар күштерін жұмылдыруда: жаңа бағдарламалар жасалып, тың технологиялар енгізіліп, әсері жоғары табиғатты қорғайтын іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Ол үшін өздері де, мемлекет те қаражат бөліп отыр. ЖЭО-1-дің қаланың эко жүйесіне әсерін азайту мақсатында ескірген технологиялық жабдықтарды ауыстырды. Соның әсерінен, 2004 жылға қарағанда, 2005 жылы көмір күлін (жану жүйесінің жақсаруы есебінен) 1077, 912 тоннаға, ал күкірт ангидриді 29,476 тоннаға, азот тотығы 4,454 тоннаға азайды. Энергетиктер осы бағытта жұмыс жүргізуде, мәселен, 2006 жылы ЖЭО-1-де батареялық типтің екінші буынды эмульгаторлы КВТ-128-150 қазан қондырғысы іске қосылған. Эмульгаторларды енгізу – түтін газдарын тазалау жүйесіндегі жаңа технологиялық қадам болып табылады. «Астана – Энергия» АҚ-ның ЖЭО-2-де 2005 жылы №3 және №5 қазан қондырғыларында бұрынғы күлтұтқыштардың орнына тура осындай эмульгаторларды ауыстырды. Түсіндіре кетейік, бізге қажетті жарық пен жылуды өңдейтін кезде, бір қазанға сағатына 75 тонна көмір қажет. Ал ЖЭО-2-дің 180 метрлік құбыры айналаны ластайтын заттарды жеті жарым шақырымға дейін таратып жібереді.

Ақылға салып, ойлап қарасақ, егер де, қазанда күлтұтқыштар тұрмаса немесе жаңа үлгідегі эмульгаторлар болмаса, не болатынын көзге елестету қиын емес. Себебі, дәл осы қондырғылар 2005 жылы ЖЭО-2-нің зиянды заттарының бөлінуін 1300 тоннаға дейін азайтқан болатын. 2006 жылдың наурыз айында алдын-ала жүргізілген сынаққа байланысты, күлдің бөлінуі 350,0 мг/нм3 болған. Бұл ЖЭО-1 мен ЖЭО-2-дегі қазандардан бөлінген күлден 8,5-9 есе аз. Эмульгатор қондырғылары, сонымен қатар, түтін газдарының суармалы сумен жүз пайыз қатынаста болғандықтан, күкірт диоксидінің бөлінуін де азайтады. Вентури құбырлы күлтұтқыштар күкірт тотықтарының үш пайызын жойса, эмульгатор болса, күкірт диоксидін 15-20 пайызға дейін азайта алады.

ЖЭО-2 қазандарына оны кеңейту және қайта құру бағдарламасы аясында, одан да, тиімді, күшті – электрлі фильтірлі құрылғылармен жабдықталатын болады. Ол қаланың қарқынды өсуіне, соған байланысты, сұраныстың көбеюіне байланысты болып тұр. Жоба бойынша, ЖЭО-2-де негізгі және қосымша құрылғыларды орнату қарастырылуда. Оның басқаларға қарағанда, артықшылығы, тиімділігі мен техникалық, экономикалық және экологиялық көрсеткіштері жағынан байқалады. Кез-келген энергетикалық құрылғылар экологтардың рұқсатынсыз пайдалануға берілмейді. ЖЭО-2-ні қайта жөндеу және кеңейту жөніндегі жұмыстар жобада үш кешенге бөлінген. Жобаны жүзеге асырғаннан кейін, электр қуаты - 120 МВт-қа және жылу - 483 Гкал/с көбееді. Нәтижесінде, кешенді шараларды енгізу зиянды заттардың бөлінуінің деңгейін азайтатын болады.

Алайда, қазіргі таңда, экологтар көмір күлінен шығатын газды басты проблема деп санамайды. Олардың айтуынша, көзге көрінбейтін дұшпан, яғни, азот тотығы анағұрлым қауіпті болып саналады. Олар бірінші кезекте, жоғарғы тыныс алу жолдары арқылы өтіп адам ағзасына, сондай-ақ, Астанаға көрік берген, қылқан жапырақты ағаштарға зиян келтіреді. АО «Астана-Энергия» АҚ-ы ЖЭО-2-дегі №1 және №2 қазандарда оларды азайту үшін, түрлі шаралар жасауда. Энергетиктер азот тотығын жою жөнінде жобаларды төменгі үрлеу немесе оны жағудың үш сатылы әдістерін жүзеге асыруда. Басқаша айтқанда, отынды жағудың үш қабатты әдісі. Мұнда жағу кезінде, азот тотығының пайда болу процесін баяулатады және атмосфераға тотығып үлгермеген, яғни, адам денсаулығына зияны жоқ азот бөлінеді.

Қысқы жұмыс кезінде, бір сағатта - 126 тонна. ЖЭО-2-де осыншама күл пайда болады. ЖЭО-2-ні іске қосқаннан бері, күл үйінділерінде 1 миллион тоннадан көп күл және қож қалдықтары жиналады. Күл үйінділері үлкен кеңістікті алып жатыр. Ескі үйінділерді толтыру үшін күлдерді жинайтын жаңа сыйымдылықты, қаладан жер алып, құру қажет. Екібастұз тасты көмір күлі құрылыстарда шектеусіз қолданыла береді. Және де бүгінде ЖЭО-2-нің күл үйінділеріне арналған аймақта тиімді құрылыс материалдар зауытының құрылыс жүргізілуде. Ол зауытта жиналған күлдің 50 пайызы пайдаланылады. Ал бұл, жылына 250 тоннаны құрайды. Пайдалы жағы - өндіріс қалдықтарын қайта пайдалану және күл үйінділерінің қызмет мерзімін ұзарту.

Күлді қоймалжың, яғни, «сұйық құм» күйінде жинайды. «Қойма» ретінде дамбалы, биіктігі жиырма метрлік күл үйінділері бар, жасанды көлшіктер қолданылады. Сол жерлерде олар ондаған жылдар бойы сақтала береді. Әрине, күл түбіне шөге береді, ал су, бүкіл күл үйіндісінің периметрі арқылы қойылған сүзгі арқылы өтіп, техникалық қолданыста пайдалануға беріледі. Таза техникалық және ішуге жарамды суды ЖЭО-2-де пайдалануды азайту үшін, жобада сумен жабдықтаудың екі айналым жүйесі қарастырылған. Бұл бізге белгілі, ГКТ (гидро күлден тазарту) және айналмалы суыту жүйесі. Мұндай жүйелерді сақтау – ЖЭО-2-дегі күл үйінділеріндегі су ресурстарын қалыпты пайдалану мен оны сақтау жөніндегі негізгі іс-шара. ЖЭО-2 сағат сайын 600 шаршы метр техникалық суды алуда, бұл дегенің, табиғи ортаның таза суды пайдалану көлемі азаяды дегенді білдіреді. Одан өзге, күл үйінділерінің картасы арқылы, қоршаған ортаны төменгі деңгейге дейін азайтатын белгілі бір іс-шараларды жүргізу жоспарланып отыр.

Тура осы сынды іс-шаралар, алғашында Тұзды жылғаға, одан кейін, Есілге тасталатын, құрамында майы бар, салқындататын агрегаттармен де жүргізілуде. Өңделген суды қайта пайдалану арқылы астаналық сумен жабдықтау сорғы стансаларын іске қосып, қала тұрғындарының мұқтаждығы үшін қолданылатын таза су қорын үнемдеуге болады.

Салыстырмалы анализ арқылы, экологтар бүкіл кешеннің өте тиімді екеніне көз жеткізді. Демек, астананың тұрғындары мен қонақтары еркін демалатын болады. Яғни, бұл жағдай қалаға қажетті жылу мен электр қуатын өндіретін өндіріс көбейсе де, сол қалпында қалады. Энергетиктердің ойлап тапқан жоспарлары болашаққа арналғаны түсінікті де, демек, әлі де талай іс-шараларды қамтиды деген сөз. Яғни, ескірген жабдықтар ауыстырылып, жаңа технологиялар енгізіледі.

“Астана-Энергия” АҚ (ЖЭО-1 және ЖЭО-2) бойынша өндірістік қалдықтар мен зиянды заттарды бөліну мониторингі

Категория: Экология | Добавил: Аслан (16.02.2011)
Просмотров: 1584

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]