Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Экология

Шығыс Қазақстан облысының орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының жай-күйі туралы


Шығыс Қазақстан облысының орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының жай-күйі туралы

Шығыс Қазақстан облысының алаңы - 28305,6 мың гектар, географиялық жағынан республика бойынша орманды алқаптарының біршама көлемі орналасқан.
Орман қоры жерінің алаңы 3600 мың гектарды, немесе республикадағы құнды қылқан жапырақты сүректердің жартысының қоры шоғырланған облыс алаңының 12,8 % құрайды және 167,74 миллион текше метрді құрайды. Орман көмкерілген алаң - 1769,3 мың гектар, облыстың ормандылығы – 6,3%.
Шығыс Қазақстанның аумағы биологиялық әртүрлілігімен ерекшеленеді.
Облыстың аумағында жануарлар мен құстардың 394 түрі мекен етеді, соның ішінде 32-сі сирек және құрып бара жатқан түрлерге жатқызылады, өсімдіктердің 3000 түрі өседі, олардың 181-і сирек кездесетіндері.

Облыс: Шығыс және Семей болып екі аймаққа бөлінеді. Шығыс өңірінің аумағының жер бедері таулы, Семей өңірінің аумағы-жазық.
Облыстағы мемлекеттік орман қорының аумағында республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қосқанда 592,3 мың гектар орманы жоқ ормандық жерлер бар, соның ішінде 204,0 мың гектар өртенген жерлер мен ағашы шабылған жерлер, демек, орманды қалпына келтіруді қажет ететін алаңдар үлкен.
Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіндегі орман шаруашылықтарының мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 2187,8 мың гектарды құрайды, соның ішінде орман көмкерілген алқаптар 1,2 мың гектар жерді алып жатыр; мемлекеттік орман қорының жалпы алаңы 34,8 мың гектары қолдан отырғызылған екпе ағаштар (орман дақылдары).
Шығыс аймағының орман қорының қазіргі жер жағдайы орманды алқаптарының басымдығымен (67 %), және ормансыз алқаптармен (33 %), жайылымдар және шабындықтармен (16 wacko және басқа да пайдаланылмайтын алқаптармен (17 wacko сипатталады.
569,9 мың гектарды қылқан жапырақты екпе ағаштар алып жатқан немесе орман жамылған жерлердің 47,6 % және 78,7 миллион текше метр көлемінде жалпы қоры бар.
Қылқан жапырақты ағаштардан майқарағай, балқарағай, қарағай, шырша және аздаған самырсын, жапырақты ағаштардан - көктерек, қайың, терек облыстың Шығыс аймағының басты ағаштары болып табылады. Шығыс аймағы ормандарының біршама бөлігі далалық-және-топырақ қорғаушы санатына жатқызылған.
Облыста қызметі бірінші кезекте орман қоғамдастығына және жануарлар әлемін қорғау мен ұтымды пайдалануға бағытталған табиғат қорғау ұйымдарының жолға қойылған және тұрақты жүйесі жұмыс істейді.
Облыстың аумағында Марқакөл және Батыс-Алтай қорықтары, Катон-Қарағай ұлттық паркі сияқты республикалық маңызы бар ірі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарауындағы “Семей орманы” мемлекеттік табиғи орман резерваты (республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ туралы мәліметтер 1 қосымшада) мен облыс әкімдігіне ведомстволық қарасты 13 орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі бар.
2007 жылдың 10 айында 2006 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда департаментке ведомствалық қарасты мекемелер бойынша аң және балық аулау ережесін бұзушылықты анықтау санының, сондай-ақ орманды заңсыз шабу фактісінің төмендеуі байқалады, бұл табиғат қорғау іс-шараларын өткізудің тиімділігіне негізделген, сонымен қатар ағымдағы жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқық бұзушылық, сондай-ақ ормандардағы өрт қауіпсіздігі мен санитарлық ережелердің талаптарын бұзушылықтардың санының өскендігі байқалады.
2007 жылы табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін сомасы 6182,2 мың теңгенің айыппұлы салынды, немесе 2006 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 141,5 %, 6665,2 мың теңге өндірілді, немесе 179,8 %.
2007 жылы иесіз істердің жалпы саны 2 есеге дерлік азайды, демек, орман заңнамасын бұзушылықты ашудың, айыппұл мен келтірілген зиянды өндірудің деңгейі артты.
Ормандарды өрттерден, заңсыз ағаш шабу мен басқа да орман заңнамасын бұзудан қорғау мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерімен және табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларымен жүзеге асырылады.
1992 жылдан бастап 2004 жылға дейінгі кезеңде ағаш отырғызу мен ағаш тұқымын себу көп есе қысқарды, осы жұмыстар көлемінің сан мәрте азайып кетуі тұқымбақтардың және орман тұқымы шаруашылығы объектілерінің бір бөлігінің жойылып кетуіне, ағаш отырғызу материалын өсіру көлемінің қысқаруына әкеп соқты.
Орман шаруашылығы саласындағы қызметкерлер саны 1992 жылдан бастап 2003 жылға дейінгі уақытта күрт қысқарып кетті, бұл орман шаруашылығы саласын қаржыландырудың азаюымен байланысты. Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен табиғат қорғау мекемелеріндегі инженер-техник қызметкерлерінің 30 % жуығының жоғары білімі жоқ. Орта техникалық білімді мамандар жетіспейді. Кеңестік өкіметтен кейінгі кезеңде ормандарды молықтыру көлемінің азайып кетуінің маңызды себептері мемлекеттің орман шаруашылығын мемлекеттік жеткілікті қаржыландырылмаудан басқа, білікті кадрлардың жетіспеуімен қатар, сапалы отырғызу материалын жедел өсіру жөніндегі жаңа әдістер мен технологиялардың, ормандарды молықтырудың және тез өсетін ағаш тұқымдарының өнеркәсіптік плантацияларын орман шикізатын құрудың тиімді тәсілдерінің жетіспеуі, орман саласына жергілікті атқарушы органдарды, өзін өзі басқару органдарын және тұрғындарды, сондай-ақ экономиканың жеке секторын кеңінен тартпай, ормандарды иелену және пайдалану функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік институттарға ғана бағдар ұстанған ормандарды басқару жүйесінің орынсыз орталықтандырылуы болып табылады.

1998-2007 жылдардағы кезең аралығында мемлекеттік орман қорының аумағындағы ормандарды молықтырудың динамикасы

Қазіргі кезде өңір бойынша соңғы 50 жылдағы орман шаруашылықтарының қызметіндегі қолдан егілген ағаштардың көлемінің барлығы 33,5 мың гектарды құрайды.

Категория: Экология | Добавил: Аслан (16.02.2011)
Просмотров: 2512

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]