Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Экология

Шығыс Қазақстан облысының 2005-2007 жылдарға арналған “Жасыл ел” өңірлік бағдарламасының” орындалуына қысқаша талдау


“Шығыс Қазақстан облысының 2005-2007 жылдарға арналған “Жасыл ел” өңірлік бағдарламасының” орындалуына қысқаша талдау

Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментімен “Шығыс Қазақстан облысының 2005-2007 жылдарға арналған “Жасыл ел” өңірлік бағдарламасын” әзірленді және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 31 мамырдағы сессиясында бекітілді.
Бағдарламада қарастырылған іс-шаралардың басты орындаушылары орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері болды, осы бағдарламаға сәйкес осы мақсаттарға 2005 жылы – 251176 мың теңге көлемінде бюджет қаражаты бөлінді, оның 124669,0 теңгесі орман шаруашылығын ұстауға, ормандарды молықтыру және ормандарды дамытуға 15000,0 мың теңге, орман шаруашылығы мекемесінің материалдық-технкалық базасын дамытуға 9444,0 мың теңге бөлініп толық игерілді.
“Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молайту әрі орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 53 қаулысына сәйкес орман күзеті қызметкерлерінің қосымша штаттына республикалық бюджеттен 71559,0 мың теңге трансферт бөлінді, 2005 жылдың екінші жартысынан бастап орман мастерлері мен орман күтуші-қорықшыларының саны нормаға дейін келтіріліп, қосымша 518 орман күтуші мен 106 орман мастері жұмысқа қабылданды.
2006 жылы орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелері үшін сомасы 368,8 миллион теңге бюджет қаражаты бөлінді, 2007 жылы 456698,0 мың теңге бөлінді.
2005-2007 жылдардағы көктемгі кезеңде орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелері қолданыстағы 9 орман тұқымбағына орман тұқымын екті, сүректік түрлердің плантацияларының іргетасы қаланды. Орманның табиғи жаңартуына әсер ету бойынша іс-шаралар жүргізілді.
Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің қарауындағы орман шаруашылығының мекемелері мемлекеттік орман қорының учаскелерінде 2005 жылы 220 гектарға, 2006 жылы 223 гектарға, 2007 жылы 400 гектарға, барлығы 843,0 гектарға немесе сүрек түрлерінің 4,2 миллионнан артық дана стандартты көшеттерін отырғызу жүргізілді. 2310 гектар алаңда табиғи жаңаруға әсер ету бойынша шаралар жүргізілді. Осы уақыттың ішінде 3153,0 гектар алаңда орманды қалпына келтіру жүмыстары жүргізілді. 2005-2007 жылдары 270 гектар алаңда орман дақылдарын толықтыру жүргізілді, осы кезеңде 1524 гектардағы орман дақылдарына күтім жасалды.
Бағдарламаның маңызды бағыты елді мекендерді көгалдандыру және олардың маңайында жасыл аймақтарды құру бойынша жұмыстарды жүргізу үшін адам, қаражат және техника ресурстарын жұмылдыруды көздеу болды.
Шығыс Қазақстан облысының аумағында 895 елді мекен шоғырланған, оларда 861,43 гектар алаңды алып жатқан бұрын құрылған 269 саябақ пен сквер бар. Саябақтар мен скверлердің жай-күйі қанағаттанарлық, бірақ кеуіп қалған және ауруға ұшыраған ағаштардан тазарту бойынша жұмыстарды жүргізу мен кесілген ағаштардың орындарына жаңасын егу, су құбыры мен суару желісін қалпына келтіру қажет етіледі.
Бағдарламаға сәйкес облыстың аумағында 2005 жылы елді мекендердің маңайында алаңы 12,0 гектар 7 жасыл аймақ құру жоспарланған;
2006 жылы – алаңы 51,4 гектар 12 аймақ;
2007 жылы алаңы 29,8 гектар 13 аймақ, Өскемен қаласында “Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті” саябағының іргетасын қалау көзделген, аталған іс-шараларын орындау 2005 жылы 20,1 млн. теңге көлеміне қалалар мен аудандардың қаражаттарының есебінен жүргізу жоспарланған;
2006 жылы – 53,4 млн. теңге және 2007 жылы – 42,6 млн. теңге.
Қалалық және аудандық бюджеттерде қаражаттың болмауына байланысты, жасыл аймақтарды құру бойынша көзделген жұмыстардың көлемі жүргізілген жоқ, елді мекендерді көгалдандыру бойынша Өскемен қаласынан басқасында негізінен аумақтардағы заңды және жеке тұлғалардың күшімен жүргізілді.
2005-2007 жылдары “Жасыл ел” бағдарламасына студент жастарды тарту бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді.
Студенттер отряды Өскемен, Семей, Риддер қалаларында, Бесқарағай, Көкпекті, Зайсан, Күршім аудандарында жұмыс істеді.
Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінде ШҚМУ, ШҚМТУ, Риддер аграрлы-техникалық және Семей теріүлдір колледжының студенттерінен құрылған құрамында 450-ден астам студент бар студент отрядтары құрылды және орманды қалпына келтіру жұмыстарына тартылды.
“Жасыл ел” бағдарламасының түрлі акцияларына 9 үкіметтік емес экологиялық ұйымдардың, 806 өзін-өзі басқаратын мектеп ұйымдарының, 316 балалардың қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты.
Қалалар мен аудандардың әкімдерінің деректеріне сәйкес аудандық бюджет қаражатының, тұрғындардың, заңды тұлғалардың меншік қаражатының есебінен 2005 жылы аудандардың аумағындағы елді мекендерде және олардың маңайында 237778 дана сүректік түрлердің көшеттері, 54354 қума метрге бұта, 2006 жылы 102291 ағаш, 33321 қума метрге бұта, 2007 жылы 1444845 ағаш пен 43975 қума метрге бұта отырғызылды.

Категория: Экология | Добавил: Аслан (16.02.2011)
Просмотров: 979

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]