Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Экология

Ормандарды қорғау


Ормандарды қорғау
Ормандарды өрттерден,заңсыз кесулерден,орманды пайдаланудағы ережелердің бұзылуынан және басқа да ормандарға зақым келтірулерден қорғау үшін орман орналастыру кезінде арнайы іс шаралар жобаланады.
Іс шаралар қолданыстағы ережелер,бұйрықтар мен басқа құжаттардың негізінде және өткен тексеру кезеңіндегі шаруашылық жүргізуді талдау нәтижелері ескере отырып жобаланады.
Ормандарды өрттерден қорғау. Орман орналастыру жобаларының түсіндірме жазбасында мына мәселелер қаралады:
1) орман пайдаланушылардың шекараларын табиғи өрттердің шығуына байланысты белгілеу.
Олар әр орам немесе оның бөлігі үшін орман шаруашылығының ғылыми өндірістік орталығында жасалған және Қазақстанның ерекше өрт қаупі бар ормандардағы орман өртерінің алдын алу шараларының жүйесіндегі келтірілген ұсынымдардағы орман қоры аумақтарын табиғи өрт қауіптілігі кластарына жатқызу шкаласы бойынша анықталады.
2) әр орам немесе оның бір бөлігі үшін табиғи өрт қаупінің орташа класы, соған кірген телімдердің аудандары арқылы анықталады. Содан кейін орамдар немесе олардың бөліктері,табиғи өрт қауіптілігінің класына байланысты бір өрттік телімдерге біріктіріледі. Өртке қаупі бар телімдердің ең кіші ауданы сүлбе картасына қарағанда анық көрінеді (шамамен карта масштабында ол 10 мм 2 кем болмайды). Орманшылықтың өрт қаупі кластарына бөлінуі бойынша қорытынды мәліметтер орман орналастыру жобасының түсіндірме жазбасында келтіріледі;
3) Ормандарды өрттен қорғау іс шараларына томендегілер жатады:
Орман өрттерін болдырмауға алдын-алу шаралары(елді мекендерде өртке қарсы дәрістер жүргізу; ормандағы өрт қауіасіздігін сақтауды бақыдау; демалушыларды және саңырауқұлақ, жеміс-жидек жинаушыларды жұмылдыру);
Өрттің шыққан жерін табу (станционарлы бақылау матчаларын жасау, әуеден жәнежерден бақылау, телефон және радио байланыстарымен қамтамасыз ету);
Өртті өшіру құралдары мен күштерін ұйымдастыру (химиялық өрт станциясын ӨХС), өртке қарсы құралдар мен жабдықтарының пунктік орталығын салу,орманды қорғау қызыметімен әуе қызметін ұйымдастыру,тік ұшақта қонатын алаңдарды дайындау,өрт болғвн жағдайда,жергілікті кәсіп орындармен тұрғындарды өшіруге жұмылдыру);
Орманды өрттен қорғауды материалдық – техникалық және қаржылай қамтамасыз ету;
4) Өрт қаупі мына жағдайларда бір класс жоғары белгіленеді:
Қылқанды ормандардағы төменгі өрттердің,жоғарғы қабаты өртіне өтіп кетуі(қалып қалған ағаштардың шашылуынан,қурап қалған ағаштарда) мүмкін болатын жерлерде;
Ормандардың құрғақ жерлерінде,өрт қаупі жоғары болатын аудандардың жекеленген учаскелерінде (ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланатын жерлерді өртегенде,елді мекендер жақын орналасқанда,демалушылардың орманға келуіне қарқындылығы артқанда);
Өндірістік кәсәп орындарға және жалпы пайдаланылатын жолдар мен темір жолдарға жақын орналасқан ормандарды;
Өрт қаупі бойынша бір – біріне күрделі айырмашылығы бар алқаағаштардың орамдағы басымдылығына байланысты орамның аумағы бірнеше өот қаупі класына жатқызылуы мүмкін;
Құрамында биік беткелер,жайылымда,шабындықта және т.б шөбі қалың,орман мен қамтылмаған жерлері бар орамдар,кесу қалдықтары қалған,өртемдері және өлген ағаштары бар алқа ағаштар өрт қаупі класына жатады.
Өрт қаупіне қарсы іс шараларды жобалау кезінде,орман орналастыру аймақтарына байланысты жасалған басты жоспарлар мен өртке қарсы құрлымдардың сүлбесі пайдаланылады.
Ормандарды орман заңдарының бұзылуынан қорғау. Бұрын болған орман орналастыру кезінде орын алған орман заңдарын бұзушылықтарын талдау негізіне сүйене отырып ағаштарды заңсыз кесудің алдын-алу,орманды пайдалану ережесінің бұзылуына жол бермеу,санитарлық ережелерді бұзбау,жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау,заңдылық актілері ережелерінің бұзбау туралы ұсыныстар беріледі.
Орманшылықтардың аудандарын мастерлік учаскелермен айналымдарға бөлу.Орманшылықтардың аудандарын шеберлік учаскелермен айналымдарға бөлу,олардың аудандарының өрт қаупі кластарына бөлінуін және оларды пайдалану бағыттарын, бұрын жүргізілген талдауларды ескере отырып,жүзеге асырылады.
Орман орналстыру кезінде бөлінген аудандардың жобасы кішірейтілген түрінде сүлбелерде көрсетіледі және арнайы түсіндерме тақырыптарында жазылады. Мастерлік учаскелерімен айналым аудандары,оларды бақылау мүмкіншілігіне байланысты,дайындалатын және жергілікті тұрғындар жиі баратын орамдарды қорғау тиімділігіне ерекше назар аударылады.

Категория: Экология | Добавил: Аслан (16.02.2011)
Просмотров: 4437

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]