Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Экология

Орман шаруашылығының негізгі проблемалары


Орман шаруашылығының негізгі проблемалары

Қаржыландырудың жоқтығына байланысты орман шаруашылығын материалды-техникалық жарақтандыру қанағаттанғысыз жағдайда, негізгі құралдардың тозуы 85 %-ға жетті.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 632 қаулысымен бекітілген республикалық “Жасыл ел” бағдарламасында қарастырылған коммуналдық меншікке берілген Шығыс Қазақстан облысының орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға арналып 2006 жылғы ағымдағы мақсатты трансферт түрінде сомасы 675,4 млн. теңге, 2007 жылы 674,0 млн. теңге сомасындағы барлығы 1 млдр. 349,4 млн. теңге қаражат бүгінгі күнге дейін бөлінген жоқ, осының салдарынан орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселе шешусіз күйінде қалуда, өйткені жергілікті бюджеттің қаражаты мен орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің ақылы қызмет көрсетуден түскен қаражатымен аталған проблеманы шешу мүмкін емес, техника мен құрал-жабдықтарды қалыпты нормаға дейін жеткізу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 53 қаулысы орындалмауда, бұл ормандарды қорғау және күзету, оларды молықтыру және ормандарды дамыту бойынша іс-шараларды жүргізуге кері әсерін тигізеді. Осының салдарынан орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінде қажетті 33 өрт сөндіру автомобилінің орнына қолда бары – 9, олардың пайдалану мерзімі өтіп кеткен. Нормаға 33 трактор, 700 бастан артық жұмыс аттары, 36 мотопомпа мен көптеген басқа өртке қарсы құрал-жабдықтар жетпіспейді. 4 орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің өрт сөндіру-химиялық станциялары жоқ.
Орман шаруашылығы Самар, Өскемен, Малая Уба мемлекеттік мекемелерін орналастыру үшін қызметтік үй-жайлар мен ғимараттардың жоқтығы олардың жұмысты қалыпты ұйымдастыруларына мүмкіндік бермейді. Қолда бар 32 кордонның 26-сына күрделі жөндеу қажет.
Облыстың аумағында тұрақты жер пайдалануға құқық беретін мемлекеттік актілердің жоқтығына байланысты қалалар мен аудандардың әкімдерінің мемлекеттік орман қорының жерлерін заңсыз алуы және жалға немесе орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес жұмыстарды жүргізу үшін жеке меншікке беру фактілері кездеседі.
Облыс әкімінің қарауына орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерін берген кезде республикалық бюджеттен трансферт түрінде 2003 жылы бөлінген 1538,0 мың теңге қаражат 1004875 гектар жерге немесе 45,9 %-ға мемлекеттік актілерді ресімдеуге ғана жетті. Осының салдарынан 13 орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің 9-нда ғана мемлекетік акті ішінара бар, олардың 4-інде мемлекеттік акті мүлдем жоқ.
Алдын ала есептеулер бойынша актілерді толық ресімдеу үшін қосымша 374,6 миллион теңгеден артық бюджет қаражаты қажет етілуде.
Шығыс Қазақстан облысының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын әзірлеген және келіскен кезде депараменттің республикалық бюджеттен мемлекеттік актілерді ресімдеу үшін қаражат бөлу туралы ұсынысы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан қолдау таппады.
Бұнымен қоса қазіргі кезде орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерінің қосымша санын, соның ішінде орман шаруашылығының инженерлерін, аңшылық мамандарын, аудармашыларды, заңгерлер мен еңбекті қорғау жөніндегі инженерлерді енгізу үшін тағы да 25,1 млн. теңге қажет етіледі, уәкілетті органнан 13 бірлік орман шаруашылығының инженерлеріне ғана келісім алынды.
Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығына тағайындалған 5 мың шақырымға жуық жол бар. Жыл сайын мемлекеттік мекемелердің күтім шабуы мен өзге де ағаш шабуын жүргізіп сүректі өткізу ақылы қызмет көрсетудің есебінен алынған ақыға көлемі 200 шақырымнан артық өртке қарсы және орман шаруашылығына тағайындалған жолдардың құрылысын салу мен жөндеуді жүргізеді. Осы іс-шараларды орындау үшін бюджеттен қаржы қарастырылған, бірақ бөлінбейді.
“Жасыл ел” бағдарламасында өртке қарсы іс-шаралар үшін департаментке 2007 жылы 57 миллион теңге бөлу қарастырылған, барлық нақты бөлінгені 10 млн. теңге. Ормандарды өрттен күзету мәселесі өртке қарсы іс-шараларды жеткілікті қаржыландырған кезде тиімдірек шешілер еді. 2007 жылы өртке қарсы іс-шараларды қаржыландыру мемлекеттік орман қорының 1 гектар көлеміне небәрі 4,6 теңгеден ғана келді.
Салыстырсақ, сол 1 гектар үшін “Семей Орманы” мемлекеттік орман табиғи резерватында бұл көрсеткіш – 693,6 теңгені, Батыс-Алтай табиғи қорығында – 28,6 теңгені, Марқакөл мемлекеттік табиғи корығында – 22,7 теңгені, Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық паркінде – 29,2 теңгені құрайды, демек, мемлекеттік орман қорының қорғалатын аумағының күзетілетін бірлігіне бөлінетін қаржының ең аз бөлігі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің орман шаруашылығы мекемелеріне келеді.
Тәжірибе көрсеткендей, бөлінетін қаражаттың көлемі орман шаруашылығының мекемелері бойынша мөлшері 4-6 тонна жанар-жағармай материалдарының қорын құруға ғана жетеді, ал алаңы 20 гектар және одан да үлкен көлемдегі бір өртті сөндіруді ұйымдастыру үшін кем дегенде 3-4 тонна жұмсалады, демек, бөлінетін қаражат насихат және үгіт, жолақтарды жырту және оларға күтім жасау, өртке қарсы жол аралықтарын құруға арналған және т.б. кешенді алдын алу шараларын орындау үшін жеткіліксіз.
Өрттерді өшіруге қатысатын орман күзеті қаржының жоқтығынан арнайы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етілмеген, от пен түтіннен қорғану құралдары, сондай-ақ тиісті мөлшерде азық-түліктері жоқ.
Облыстың аумағы таулы бедерлермен және көлік желісі жетілмеген аудандарымен сипатталады. Осындай жағдайда күзетудің тиімді әдістерінің бірі - авиацияны пайдалану. Жоспарлы ұшу сағаттары көлемінің жеткілікті болуы ормандар мен жануарлар әлемін қорғау бойынша іс-шаралардан басқа өзге де жоспарланбаған міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Даладағы өртті бақылау бойынша патруль жасау қажеттілігі жиі болады, ал авиациялық орман күзетінің қолдағы бар ресурстары мемлекеттік орман қорына кірмейтін жерлерді күзетуге пайдалануға мүмкіндік бермейді. Авиациялық патруль жасаумен қатар жоғалған және адасып кеткен адамдарды іздестіру, тасқынға бақылау жасау, жол-жөнекей бағыттарда адамдар мен жүкті шұғыл тасымалдауға және т.б. ұйымдастыруға мүмкіндік болады.
Шығыс Қазақстан облысының аумағында екі тексеріс кезеңінде орман орналастыру жұмыстары іс жүзінде жүргізілген жоқ, ал соңғы орман орналастырудың материалдары негізінен камералық әдіспен алынған. Осының салдарынан жұмыс үдерісінде орман орналастыру материалдарының табиғатымен көптеген сәйкес келмеушіліктерімен кездесуге тура келеді, бұл кеспеағашты бөлу бойынша жұмыстарды жүргізген кезде орманды иеленушілер мен орманды пайдаланушылардың арасындағы дау мен келіспеушіліктің негізгі себебі болып табылады.
Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне берілген орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің 40 орманшылығының 19-ы қазіргі уақытта ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген, оларға барлық есеп айырысу кеспеағашы көлемінің 60 %-дан астамы келеді. Мемлекеттік орман қорының учаскелерін ұзақ мерзімді орман пайдалануға беруге байланысты жапырақты шаруашылық бойынша бас пайдалану шабуын жүргізу жанданды, осыған орай, кеспеағашты бөлу бойынша жұмыстың көлемі біршама көбейді.

Категория: Экология | Добавил: Аслан (16.02.2011)
Просмотров: 1910

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]