Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Экология

Орман ресурстарын пайдалану мәселелері


Орман ресурстарын пайдалану мәселелері

Дүние жзіндегі ормандардың жалпы ауданы 4 млрд/га астам. Жалпы ормандардың ішінен таза ормандарды жеке бөледі. Оған орманды алаңқайлар,жолдар,шалғындықтар кірмейді. Таза ормандар шамамен 3 млрд/га алып жатыр. Бір адамға есептегенде жалпы орманды жерлер шамамен 0,8 га-дан келеді.
Құрлықтың жалпы ауданына қатысты ормандар алып жатқан территориялардың пайызбен көрсетілген шамасын ормандылық деп атайды. Дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 32,2%-ға тең.
Өзінің тарихында адам шамамен 2/3 орманды аудандардағы орманды жойғаг. Мұның нәтижесінде ормандылық бастапқы 75%- дан қазір 25-30%-ға дейін кеміген. Ормандарды аудандарының кему процесі қазір де жалғасуда. Бұл процесс тропиктік ормандар үшін өте қауіпті болып отыр.
Соңғы кезде, әсіресе, шаруашылық қызметтің әсері тимеген немесе әлсіз болған ормандарды есепке алу мен қорғауға көп көңіл бөлінуде.
Аталған территориялардың дүниежүзілік шамасы 20%. Кейбір елдерде бұл шама жоққа дерлік болса, Еуропа үшін жалпы ауданы бар болғаны 4 %.
Дүние жүзінің ормандарында өсімдік массасының 1,65-1,96 триллион м³ шоғырланған. Бұған барлық жер үсті және жер асты массасы кіреді. Ағаш діңінің ағашының жалпы массасы шамамен 50%. Ормандарды сипаттайтын маңызды көрсеткіш ағаштың жылдық өсімі болып табылады.
1992 жылы Рио-де-Жанейродағы БҰҰ-ның конференциясында «Ормандарға қатысты мәлімдеме принциптерінде» былай делінген: «Ормандар атмосфераға түсіп,парниктің эффектке әкелетін көміртегі мен сутегін сіңіретін қойма болып табылады». Дүниежүзілік форумда мұндай құжаттың қабылдануы ғаламдық, эклогиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешудегі ормандардың маңыздылығын көрсетеді.
Ерте заманнан-ақ жасыл орман диқанның қажымас серігі болып келеді. Диқанның қамқорлығы нәтижесінде орман мен егін алқабы нағыз «одақ» түзіп, адам баласына қажеттіазықтық өнімдер беруде. Бұл екеуінің «одақтасуы» нәтижесінде күн сәулесінің энергиясы, ауа, су, топырақтың құнарлығы өсімдіктердің бойынан орын табуда. Орман егін алқабын эрозиядан сақтауда үлкен көмек корсетеді. Сондықтан да жер-жерде егін қорғау алқаптарын жасау кең қолданылады. Егін қорғау алқаптары егістікті аңызақ желден, құм борандардан сақтап, онда ылғалдың мол жиналуына мүмкіндік жасайды. Өткен ғасырда орыс шаруасы Игнатьев өз усадьбасын қар көшкіннен қорғау үшін оған жақын жерге қайың орманын отырғызады. Сонда ағаштарға қыста қар мол жиналады да усадьба маңындағы учаскеде мұнда соғатын аптап және аңызақ желдерге карамастан ұзақ уақыт ылғал сақталады. Бірнеше жылдан кейін Игнатьев усадьбада қазылған құдық суының кобеіп келе жатқандығын байкайды. Тіпті, жақын маңдағы деревняларда құдықтар тартылып қалған қуаңшылық жылдары да оның құдығы мол сулы болады. Бұл құбылыстың қайыңды орманға байланысты екендігін түсінген Игнатьев усадьбаны айналдыра үлкен жеміс бағын отырғызады. Сол кезден бастап ол ешқашан су тапшылығын көрмеген екен. Орманның ылғал сақтайтындығын білгеннен кейін оны шаруашылықтың әр түрлі учаскелерде кеңінен пайдалана бастайды. Сөйтіп,бұл мысалдан жер бетіндегі су режимін реттеудегі орманның рөлін көреміз.
Еліміздің басты табиғат байлығының бірі – орман. Совет Одағы орманға бай ел болып саналады. Дүние жүзілік орман қорының төрттен бір бөлігі СССР териториясында орналасқан. Бұл шексіз де шетсіз байлық деп есептеуге болады. Әрине,одан бұл байлықты қалай пайдалансақ та шексіз екен деген ұғым тумайды.
Еліміздің орман байлығы 800 миллион гектарға жуық алқапты алып жатр. Бұл – дүние жүзінде өзіне теңдесі жоқ орманды өлке біздің еліміз деген сөз. Аса орманды елдер болып саналады Канада мен Америка Құрама Штаттарын, Қытай мен Швецияны, Финляндия мен Францияны артта қалдыра отырсақ та бұл байлықты жылма-жыл арттыра тусу жолында қажырлы еңбек етіп келеді. Тоғызыншы бесжылдықта ғана 12 млн га жас орман пайда болды. Жыл сайын колхоздар мен совхоздарда диқаншылардың мол өнім алуына септігін тигізетін 74 мың га егін қорғау алқаптары жасалды. Елімізде жылына 400 миллион текше метр ағаш сүрегі дайындалатындығын айтсақ та бұл байлық қорының орасан зор маңызы айқындала түседі. Келешекте ағаш сүрегін тұтынудың арта түсері созсіз.
Республикамызда да орман байлығы жөнінен көрнекті орын алады. Қазақстан орманға кедей өлке емес. Орманды териториясының көлемі жағынан Қазақстан Россия Федерациясынан кейін екінші орында тұр. Қазақстандағы орман қорының жалпы ауданы – 21,5 млн га. Кенді Алтай ормандарының ағаштары құрылысқа, химия және целюлоза өнеркәсібінде, мебель жасауға пайдаланады. Алтайдың майқарағай ормандары ғана 371 мың га алқапты алып жатыр, ал балқарағай орманы 300 мың га жерге орналасқан. Алтай тайгасын, Шығыс Қазақстанның таулы ормандарын – республиканың жасыл алқасы дерсіз. Шығыс Қазақстанның таулы ормадарында өсетін самырсын, қарағай, шырша – аса бағалы шикізаттары. Республика ормандары материалдарынан дайындалған бұйымдар жоғары баға алады. Бөлмені көріктендіре түсетін «Арман» атты мебель халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің күміс және қола медальдарына ие болды.
Біздің республика жағдайында шөл аймағы зор маңызы бар. Қарақұм, Қызылқұм,Мойынқұм және Оңтүстік Балқаш бойында миллиондаған гектарды алып жатқан сексеуіл ормандары бұл алқаптардың мол жайылымдарын жел эрозиясынан қорғап, қоғамдық мал басын арттыруға жағдай жасауда. Орман шаруашылықтары бұл алқапта 400 мың гектардан астам жерге сексеуіл тұқымын септі.
Республика ормандарында көз жіберсек,оның солтүстігінде қайың, көктеректің көптеген ормандары тіпті Көкшетауға дейін жетеді. Одан оңтүстігінде қарағай ормандары шағын алқаптар түрінде орналасқан секілденеді. Шығыста Алтай тауын майқарағай,балқарағай, сибирь шыршасынан тұратын қылқанды ормандар мен қайың,көктерек алып жатыр. Жоңғар Алатауы мен Күнгей Алатаудың солтүстік беткейінде тянь – шань шыршасы өседі. Шөлді аймақта сексеуіл ормандары таралған. Жайық өзені бойында еменді ормандар, сондай – ақ Тобыл,Есіл және т.б өзендердің бойын талды,бұталы,қандыағашты орман өсімдіктері алып жатыр. Сырдария,Шу,Іле өзендерінің су жайылымдарында жиде,тал,тораңғы,жыңғыл,шырғанақтан тұратын ну тоғай, ал Шарын өзенінің су жайылмасында шарын шетені өседі.
Республика ормандарынан едәуір мөлшерде ағаш сүрегін алумен қатар,олар ылғал сақтау, жел эрозиясынан қорғау,егіс қорғау алқаптары,көптеген аң-құстардың мекені болып саналады. Қазіргі кезде солтүстіктегі қайыңды,көктеректі,қарағайлы ормандар диқандардың одақтасы болуда. Тау ормандары өзендердің су қорын сақтауда, су эрозиясынан қорғауда айтарлықтай роль атқарады.
Жетісу өңірінің үлкен транспорт жолдарын бойлай орман алқабын отырғызудың қажеттігін және оның нақты пайдасын орман өсіруші ғалым Э. О. Баум өз тәжірибесімен дәлелдеген болатын. Қажымас ғалымның ұсынысы нәтижесінде Ташкент,Қапал,Іле,Сарқанд,Лепсі,Талғар, т.б үлкен магистральдар бойындағы орман алқабының жасыл желектері жайқалып өсті. Қазіргі кезде жасыл желекті көбейту ісі жер –жерден кең қолдау тауып,бұл игілікті бастама совет адамдарының өміріне берік енді деп айта аламыз. Өйткені бір кезде ұлы ғалым негізін салған мұндай бастаманы бұл күнде кез келген жерден кездестіре аламыз.
Осынау бағалы байлықтың республикада сирек кездесетін түрлері де өседі. Астаналық облыстың ормандарында ағаштың сирек кездесетін аса бағалы түрлері – тянь-шань шыршасы,шарын үйеңкісі өседі. Шарын өзені бойында миллиондаған жылдар бойы сақталып,бізге жеткен 5 мың гектарға жуық үйеңкі орман алқабын нағыз табиғат ескерткіші деуге болады.
Жер шарындағы мемлекеттердің табиғи – климаттық жағдайларына сәйкес әр мемлекеттегі ормандардың көлемі мен түрлері әрқалай. Бразилияда 320млн., Канадада 264 млн., АҚШ-та 195млн., Анголада 60млн., Перуде 57 млн., Колумбияда 50млн., Үндістанда 46млн. Га орман бар. Ал бүкіл Африка елдеріндегі орман қорлары 760 млн. Га жерді қамтиды. Бұрынғы Кеңестер Одағындағы орманның көлемі 816 млн. га яғни жер аумағының 37%-ын алып жатты. Бұл әлемдегі орманның ¼ - н, яғни 25%-н құрады.
Орта Азия,Кавказ,Қазақстан аймақтарындағы орман көлемі Ресейдегі орман алқаптарының небәрі 3-4%-н құрайды. Аумағының кеңдігіне қарамастан қазақ жерінде орманды жерлер көп емес. Оның басы себебі жеріміздің негізгі бөлігі құрғақ,жартылай шөл,шөлді аймақтарда орналасқандығы, ал орман ағаштары негізінен ылғал мол түсетін алқаптарда өседі. Республика аумағындағы орман және бұталар алып жатқан көлем 21,6 млн.га, бұл Қазақстан жерінің 4,2%-ы ғана. Орман ағаштары республикада Солтүстік Қазақстанның орманды-дала зонасында және дала зонасының қосымша ылғал алатын ойпаңды жерлерінде өссе,Оңтүстік пен Оңтүстік Шығыстағы Қалба жотасы,Алтай-Сауыр,Солт. Тянь-Шань және Батыс Тянь-Шань тауларының ылғал мол түсетін орташа биік белдеулерінде өседі. Қазақстанның солтүстігінде шоқ-шоқ болып өсетін қайыңды орманды оңтүстікке қарай далалы алаптардағы біршама жерлерде өскен қарғайлы ормандар ауыстырады. Алтай-Сауыр тауларының теңіз деңгейінен 500- 2500 м биіктік аралығында қылқан жапырақты-қарағай,майқарағай, шырша,балқарағай,самырсын сияқты өседі. Ал Солтүстік Тянь-Шань таулы алабының төменгі белдеуінде көбіне түрлі бұталар мен жалпақ жапырақты ағаштар өседі. Олардың басым бөлігін алма,өрік,жаңғақ,қарақат тәрізді жеміс-жидекті ағаштар құрайды. Биіктігі 1500- 3000 м белдеулерде негізінен қылқан жапырақты ағаштар өседі. Олардың негізгісі – жасы 300 жылға дейін,биіктігі 40- 50 м-ге,ал жуандығы 2 м-ге жететін Тянь-Шань шыршасы. Батыс Тянь-Шань алабында – Талас Алатауы,Қаратау мен Өгем жоталарында негізінен жерге төселіп өсетін қылқан жапырақты арша ағашы,ал бұталардан – басқа жерлерде кездеспейтін алша,пісте,долана,таудың ортаңғы және төменгі белдеулерінде алма,грек жаңғағы,алмұрт,үйреңкі,өрік ағаштары өседі.
Көлемі жағынан Қазақстан ормандарының жартысынан астамын шөлді аймақтардағы сексеуілді ормандар алып жатыр. Сексеуілдің Қазақстанда 2 түрі өседі. Қара сексеуіл бүкіл Бетпақ даланың,Сарысу өзен бойының орталығында,Іле өзен сағасының оң жағалауында және Шу өзен мен Мойынқұмның аралығында таралған. Ақ сексеуілді орманды алқаптар Қарақұмда, Мойынқұмда, Балқаш төңірегі мен Қызылқұмдаөседі. Сексеуілді орманның құмды алқаптардың жылжуын тоқтатуда маңызы зор және қой,түйе үшін қызы-жазы жақсы жайылым. Сексеуілден басқа Қазақстанның шөлді аймақтарын кесіп өтетін Сырдария,Шу,Іле, т.б өзенднрдің бойларында түрлі ағаш – бұталар өсетін тоғайлы ормандар кездеседі. Олар жыл бойы сумен жақсы көлеңкелі,сулы тамаша демалыс орындары болып саналады. Қазақстанда орман ағаштарын тиімді пайдалану,т.б мәселелерімен Көкшетау қаласында орналасқан Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты айналысады.
Орман зиянкестері,ағаш, бұта өсімдіктерін зақымдайтын жәндіктер,кейбір кене түрлері,омыртқалы жануарлардан қоян,тышқан тұқымдас кемірушілер жатады. Қазақстанда орман зинкестерінің ішінде жиі кездесетіні жәндіктер,қоректену түріне қарай:жапрыақ жегілер,дің кемірушілер, тамыр зинкестері немесе топырақ мекендеушілер және жеміс,тұқым зинкестері деп бөледі. Бұлардан көбелектер,құмырсқа,шыбындар,ткачтер тез көбейіп кететін болса,жапырақ жегілер,бізтұмсықтар,улы алагүліктер, т.б біркелкі көбейіп,әсіресе жас ормандарда,саябақтарда,егін қорғау алқабында белгілі бір аймақта таралады. Дің зиянкестері негізінен қоңыздар, кейбір жарғақ қанаттылар және көбелектер. Бұл зиянкестер ағаш тінін,сүрегін кеміреді,сапасын кемітеді,ағашты қуратады. Тамыр зиянкестеріне зауза қоңыздары,қара қоңыз,тақа мұртты қоңыздардың дернәсілдері жатады.
Орман милиорациясы-орман шаруашылығының құрғақшылық,ағаштардың құрауы мен топырақ эрозиясына қарсы күрес шараларының жүйесі. Ол қорғаныштың орман алқаптарын өсіру,құмды жерлерді ормандандыру,басқа да агротехникалық,гидротехникалық,ұйымдастыру – шаруашылық шараларын жүзеге асыруды қамтиды. Орман өскен жерлердің топырағы атмосфера жауын-шашын суларын тез сіңіреді,осының әсерінен судың жер бетімен ағысы болмайды. Орман милиорация топырақты су және жел эрозиясынан жақсы қорғайды,жел жылдамдығын азайтады,егіс танаптарының ылғалдылығын арттырады.
Адамдар ерте кездердің өзінде өзен суының және құдықтағы судың деңгейінің ормандардың болуына тәуелді екенін байқаған. Әсіресе, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ормандар мен су мәселесіне көп көңіл бөліне бастады. Орман грунт суларын қоректендіреді. Олар беттік су ағысының көп мөлшерін жер астына өткізеді. Грунт сулары өзендерді қоректендіре отырып, олардағы су деңгейінің қыс пен жазда жоғары болуын қамтамасыз етеді. Көктемде және жаздық жауын кезінде өзендерге су ормансыз жерлерден беттік ағыс бойынша келеді. Бұл судың топырақ эрозиясының өнімі басқа да агенттермен ластануына әкеледі.
Ормандардың грунт суларын арттырып, бетік ағысты кемітуінің негізгі себебі,ондағы топырақтың су өткіөгіштігінің жақсы болуына және оның бетіне ылғалдың біртекті түсуіне байланысты.
Орман күшті экожүйе ретінде өздігінен тазару мен техногенездің бұзушы күштеріне қарсы тұру қабілетінің жоғары болуымен сипатталады.
Орман экожүйелерін ластанған суларды тазарту үшін де қолданады. Орман экожүйелері судың бактериалдық және физикалық қасиеттеріне қолайлы әсер етеді. Егіс танабынан алынған жауын суының коли-индексі 18-ге тең, ал 45 метрлік орман белдеуі арқылы өткенде 9-ға дейін кеміген. Судың мөлдірлігі 5 есе артқан.
Орман кесілгенде,оның су қорғау және басқа да қасиеттері жойылады. Екінші реттік сукцессия нәтижесінде орман қалпына келсе, бұл қасиет те қалпына келеді.
Өсімдіктердің тікелей су қоймасындағы суды тазартудағы маңызы зор. Америкада осы мақсатта гиацинттердің бір түрі қолданылады. Бізде шахталар мен шайынды суларды тазалауда қамыс, регоза пайдаланылады.
Анторпогенді қысым жағдайында ормандардың тұрақтылығын сақтау мәселесі. Ормандардың қоршаған ортаны тазарту функциясы, олардың зақымдануымен, тұрақтылығының төмендеуімен, жойылуымен байланысты. Ормандардың зақымдануының жалпы заңдылықтары мен одан қорғау іс-шаралары төмендегідей:
1. Ормандардың зақымдануы күкіртті ангидрид пен оның туындыларымен ластанудан болады. Сонымен қатар азот тотықтары, фтор,хлор, фотохимиялық смог өнімдері де айтарлықтай зин\янды әсер етеді.
2. Улы заттар өсімдіктерге не құрғақ тұнбалар түрінде, не қышқылдық жауын-шашынға айналғанда әсер етеді. Ең алдымен ассимиляциялаушы аппарат зақымданады. Сонымен қатар токсиканттар, әсіресе қышқылдық жауын түрінде,өсімдіктердің әр түрлі бөліктерінен биогендік және басқа да заттардың сілтіленуі, топырақтың қышқылдануы, тамыр жүйесінің улануы мен бұзылуы арқылы әсер етеді. Жер асыт мүшелеріне минералдар меғн қосылыстардан токсиканттардың әсерінен бөлініп шығатын алюминий күшті уландырушылық әсер етеді.
3. Улы заттардың өсімдіктерге әсері баяу улану немесе күюі түріндегі күшті зақымданулар түрінде болуы мүмкін. Ормандардың жойылуыда баяу немесе бірден болуы мүмкін.
4. Улануға және жойылуға көбіне қылқан жапырақта ормандар ұшырайды. Бұл құбылыстың себебі – ұзақ өмір сүретін қылқанның улануы. Сондықтан қылқан жапырақты ағаштардың зақымдануының бірінші белгілеріне қылқанның өмір сүру уақытының кемуі мен ағаштың қылқандарының санының кемуі жатады. Сондықтан бұл ағашты қалаларда жиі өсіреді.
5. Жалпақ жапырақты ағаштардан улы заттардың әсерінен емен,бук және басқа қатты сүректі ағаштар тез зақымданады. Жұмсақ, жапырақты ағаштар тұрақтырақ. Сондықтан қалаларда, өндіріс орындарының айналасында олар қылқанжапырақты ормандарды ауыстырады. Өте күшті ластанған жерлерде жапырақты ағаштарды жағдай талғамайтын шөптесін өсімдіктер алмастырады.
6. Улы заттарға қыналардың сезімталдығы жоғары. Оларды ластанудың индикаторы ретінде пайдаланады. Токсиканттар мен көптеген мәдени дақылдар тез зақымданады.
7. Ластанған атмосферада ағашты және көптеген көпжылдық өсімдіктердің өмір сүру жасы қысқарады. Бұл ағзалардың созылмалы улануына және жасқа байланысты токсиканттарға деген сезімталдықтың артуына да байланысты.
8. Адам үшін жасалған ластаушы заттардың шекті рұқсат етілетін концентрациясын көптеген өсімдіктерге қолдануға болмайды. Себебі, өсімдік ағзасының сезімталдығы жоғары.
9. Атмосфераның ластануының ормандарға тигізетін зиянды әсерін кеміту үшін орманда – биологиялық іс-шаралар қолданылады. Оларға: өсімдіктердің анағұрлым тұрақты түрлері мен формаларын анықтау мен пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыру, фитоценоздарды жылдам жаңарту, жаңа қолтұқымдарды шығару және т.б жатады.
Ормансыздану – табиғи әсердің немесе анторпогендік факторлардың салдарынан белгілі бір аумақта орманның жойылуы. Бір кезде құрғақ құрлық бетінің көпшілік бөлігін ормандар алып жатқан. Алайда өркениеттің дамуына байланысты қазір құрлықтың құрғақ бөлігінің үштен бірін ғана орман алқабы алып жатыр. Егіншілікпен алғаш айналысқан адамдар егін егетін жерлерін тазарту, ұлғайту үшін ормандардың ауқымды бөлігін өртеп отырған. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіті дамытуға сәйкес ормандар тез әрі жедел жойыла бастады. Жыртылатын және жайылымдық жердің көлемін көбейтумен қатар,құрлысқа және отынға ағаш көбірек қажет болады. Соның салдарынан ХХ ғ. дейін Еуропаның барлық бөлігінде, Африканың солтүстігінде және Американың бірқатар аймақтарында табиғи ормандар іс жүзінде жойылып кетті. Тропикалық ағаштардың арасында берік және көрікті ағаштар ерекше сұранысқа ие болды. ХХ ғ. бұл ағаштың қоры таусылмастай саналатын орасан зор алқапты алып жатқан дамушы елдерде өндірілді. Қазіргі кезде тропикалық ормандар құрғақ жердің бар болғаны 7%-ын алып жатыр,яғни бұл осыдан 100-200 жыл бұрынғы көлемінің екі еседен астам кемігендігін көрсетеді. Бұл ормандардың көлемі өте апатты жылдамдықпен, нақтырақ айтқанда, жыл сайын 1,25 % көлемде жойылып келеді. Әсіресе Индонезия,Мексика,Бразилия,Колумбия және Африка елдерінде орман қарқынды жойылады. Латын Америкасында ХІХ ғ. 90 ж. жыл сайын 6 млн га-ға дейін орман жойылады. Ал Африка 1980ж. бері 50 млн. га-дан астам тропикалық ормандарынан айырылды. Қылқан жапырақты тайгалық ормандардың аса ірі аймақтары Ресейде,Канадада және АҚШ-та сақталынған. Ресейде дүние жүзіндегі ормандардың ең үлкен көлемі 7,7 млн. км ², яғни тропикалық емес орманның 45%-ы шоғырланған. Еуропада іс жүзінде барлық орман жасанды жолмен жасақталған,ағаш өндіру тек жоғары өнімді ормандарда ғана жүргізіледі. Қазіргі кезде орман алқабының азаюы және ормандардың азуы – ормансыздану – экологиялық проблемалардың басты біріне айналды. Дамушы елдердегі ормансызданудың себебі,дәлірек айтқанда, ағашты отыр ретінде пайдалануға келіп тіреледі. Осы аймақтағы халықтың 70%-ға жуығы әлі күнге дейін тамақ пісіру және тұрғылықты үйлерін жылыту үшін ағашты және ағаш көмірін пайдаланады. Ормандарды жоюдың салдарынан дүние жүзінде 3 млрд-қа жуық адам ағаш отынының жетімпеушілігін сезінуде. Оның бағасы жыл өткен сайын өсуде,ғалымдардың есебі бойынша тіпті,отбасылық қаражаттың 40%-ға жуығы отын сатып алуға жұмсалады екен. Ал өз кезегінде адамдардың отынға деген сұранысының артуы, тағы да ормандағы ағаштарды кесуге апатып соғады. Ормандардың азуы-ағаштардың көріктілігінің бұзылуына септігін тигізеді,қырқылған ағаштардың орнына егіншілікті түрдегі ағаштар өсіп шығады. Егіншілікті ағаштар, әрине әдеттегідей биологиялық әртүрлілік қасиетін сақтай алмайды. Ағаштарды ішінара кесу ормандарды сиретеді, сөйтіп олар селдір тоғайға айналады. Яғни басқа экожүйені құрайды. Бұзылған ормандар көп жағдайда өртке душар болып, зиянды жәндіктердің шабуылына тап келеді. 1996 ж. Монғолияда өрт 3 млн. га орманды жойды,1998 ж. Ресейдің Қиыр Шығыстағы 2 млн. га орманын тып-типыл етті. Ал ауаны химиялық жолмен ластаудың салдарынан,қышқыл жаңбырдың жаууынан ауқымды орман алқаптарының жойылып кететіні және бар. Ормансызданудың тағы бір көзі сол аймақтың шөлденуі мен топырақтың эрозияға ұшырауы болып табылады. Орман өсімдіктері топырақтың құнарлылығын сақтап қана қоймайды, оның құнарлылығын арттыра түседі. Егер орманды жоятын болсақ, топырақтың құнарлылығын жаңбыр суы жуып, бұл жер көп ұзамастан шөлге айналады. Орман алқабының азаюы,құрлықтағы биомассаның кемуіне биосфераның көмірқышқыл газын сіңіруін тежейді. Ең соңында бүкіл жер шары ауа райының өзгеруіне ықпал етеді.
Ағаш сүрегі біздің күнделікті тұтынуымызға пайдаланылып келе жатқан қағаз, жасанды жібек, нитроклетчатка,оқ-дәрі,целлулоид,фото-кинопленка,нитролактар,бояулар,жасанды тері, пластмасса,этил және метил спирті,ағаш сүрегі сіркесі, сірке қышқылы,жүзім қанты,жасанды каучук, т.б алуан түрлі заттарды беруде. Орман құрлыс материалы, бал және канифоль саңырауқұлақ және автомобиль шинасы,жеміс-жидек,фанера,әсем мебель,глюкоза,дәрі-дәрмектік шикізат, техникалық майлар т.с.с халық шаруашылығы мен тұрмысқа керек заттар. Тұрмыста және халық шаруашылығы мен өнеркәсіпте ағаш сүрегінен көп пайдаланатын материал жоқ. Өңделуі жеңіл,өзі әсем де берік,бұл шикізат қазіргі кезде өмірден берік орын алып отыр. Тіпті ғылымның сан алуан жетістіктеріне ие болып отырған, осы заманғы адамдар үшін бүгінде көмір,газ,мұнай сияқты отын көздері мен ағаш сүрегі өзінің бәсекелестігін еш жойған жоқ.
Планета ормандары биосфераның құрамды бөлігі, ол – тіршіліктің қалыптасуы мен дамуына,жер бетіндегі тепе- тендіктіңсақталуына айтарлықтай әсер етіп отыратын басты факторларының бірі. Құрлық бетінің үштен бірін алып жатқан бұл жасыл мұхит орасан мөлшердегі күн энергиясын сіңіреді. Бұл энергия «жасыл лабороторияда» үшін пайдаланылады.
Орман қоршаған ортаны оттегімен байытып, ондағы жинақталған көмір қышқыл газын кетпеуін «қадағалап» отырады. Өзінің өсу процесінде көптеген мөлшерде оттегін бөліп шығара отырып, орман планетаның ауа құрамын реттеуге қатысады. ЮНЕСКО-ның мәліметіне қарағанда біздің планетамызда 43 миллиард адам организмнің тіршілік әрекетіне жететін мөлшердегі оттегі жұмсалады екен. Ал, техниканың дамуының өзі қаншама оттегін «жұтып» келеді. Өйткені ,бір автомобиль ғана 950 км жол жүргенде бір адамның бір жылдық оттектік нормасын тұтынады. Олай болса, техника барынша қарқынмен дамыған қазіргі кезде пайдаланылып келе жатқан оттегін мөлшерін есептеу оңай емес. Мұндай аса маңызды проблема-қоршаған ортаның оттегімен қамтамасыз етілуін шешудегі негізгі қайнар көздің бірі орман болады деп айта аламыз. Биосферадағы оттегінің 60 проценттен астамын құрылық бетінің өсімдіктері, оның басты құрам бөлігі-ормандар бөліп шығарады. Орманның бір гектары жыл бойына шамамен 18 миллион текше метр ауаны тазартып, бір сағатта ғана 8 кг көмір қышқыл газын сіңіреді екен. Бұл 200 адамның бір сағатта бөліп шығаратын көмір қышқыл газы. Ал егер дәлірек есептеп,әр адамды оттегімен қамтамасыз етуді ойласақ онда әрбәр адамға жер бетінде 0,1 – 0,3 га жасыл алқап қажет болатындығы есептелген. Бұл мәселе біздің елімізде айтарлықтай шешімін тапты: мәліметтердің көрсеткеніндей СССР-де жан басына шыққанда 5 га, ал Қазақстанда 0,7 гектардан келіп отыр.
Егін егу үшін ашық алқап дайындау мақсатында орманды аяусыз кесу, тіпті оны өртеу сияқты зор зиян келтіруден адамдар оның зардабын да тартты. Табиғи жамылғысынан айырылған жер жалаңаштанып, тез арада топырақ эрозиясы басталды,жел эрозиясы күшейді. Мәселен, бәрмәзге белгілі Ливия шөлі орналасқан аймақ бір кезде карфагеннің жасыл желекті,гүлді алқабы болған. Орманды аяусыз кесуден жасыл алқаптың бейнесі-шөл бейнесіне айналды. Бұл сияқты мысалдар көптеп кездеседі, ол жасыл байлық – орманға шаруашылық көзбен қараудың,оны қорғаудың қажеттігін білдіреді. Өйткені, жасыл байлықтың пайдаланылуы оның кесілуі әлдеқайда оңай, ал қалпына келтірілуі,керісінше, өте қиын және ол ұзақ мерзімді қажет етеді. Оның үстіне жер бетіндегі ормандардың пайдаланылу қарқыны мен оның қалпына келтірілуі бірін – бірі теңестіре алмайды. Жүргізілген есептеулерге қарағанда 1947-1952 жылдардың арасында ғана планетамызда 25 млн. га орман кесілсе, оның орнына осы мерзімде 2,65 млн.га ғана ағаш отырғызылған екен. Бұл мысалдар жасыл байлықты пайдалану мен оның байлық қорын қалпына келтірудеқарқынды жұмыстар жүргізу қажеттігін көрсетуде. Тек соңғы 300 жылда ғана жер бетіндегі ормандардың ауданы үш есе дерлік кемігендігі анықталып отыр. Ормандар плнетамыздың 27 процентін алып жатыр. Ормандардың жыл өткен сайын азайып бара жатқандығына жол беруге болмайтындығы белгілі. Өйткені орман – планета ландшафтының құрам бөлігінің бірі, ол-табиғи боиценоз, ол-басты байлықтың бірі, оман-жер атмосферасында оттегін өндіруші жасыл лаборатория, ол-климатты реттеуші фактордың бірі, т.т.
Орман жер бетіндегі тіршіліктің мәңгілік күзетінде тұрып қана қоймастан, оны қоршаған табиғи ортаға да әсер етеді. Өзен, бұлақ суының молдығы орман алып жатқан ауданға да байланысты, ылғалды өз бойына көп жинақтай отырып, орман табиғатта су көздерін сақтаудағы зор рөліне мынадай көңіл аударарлық мысал келтіруге болады. Кавказдағы әлемге белгілі «Есентуки» минералды су көзі бұдан 60 жыл бұрынғыға қарағанда суды тәулігіне жеті есе кем береді. Тексере келгенде мынадай жайт анықталған. Су көзінің айналасындағы тау беткейінің орманы өткен ғасырдың соңы мен үстіміздегі ғасырдың басында көп кесілген. Ал қазіргі кезде тау беткейі ормандары бұл төңіректе біртіндеп қалпына келтіріле бастаған кезде шипалы су мөлшері де көбейе түсті.

Категория: Экология | Добавил: Аслан (16.02.2011)
Просмотров: 10601

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]