Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Экология

Орман


Орман

Осынау мол байлықтың бірі және бастысы ормандар. Орман дегеніміз байлық пен халық игілігінің көзі. Планетадағы тіршілік үшін қажеттінің едәуір бөлігін беріп отырған, табиғат байлығының бұл түрі оның мәңгілік күзетінде тұр деуге болады.
Орман байлығынсыз қазіргі заманғы адам тіршілігін елестетудің өзі қиын. Ағашты өңдеп, адам қажетіне жыртудың қарқыны артып отырған бұл кундері одан 20 мыңнан астам алуан түрлі бұйымдар жасалуда.
Орман – ауаны жақсартып қана қоймайды, ол ауаны шаң – тозаңнан тазартады. Орман - өсімдіктермен қоса,аңдар және құстар,көптеген насекомдар мен микроорганизмдер тіршілік ететін нағыз табиғи комплекс. Орман – таза ауа,демалыс орны,мол сулы өзендері бар,құнарлы топырақты аймақ…
Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың,оның ішіндегі өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Орманда ағаш, бұта,шөптесін өсімдіктер, мүк,қына, т.б. өседі. Орман қорлары бүкіл биосферадағы тіршілік үшін,оның ішінде адамзат қоғамы үшін аса маңызды. Тиімді пайдаланған жағдайда өз - өзінен қайта қалпына келіп тұратын таусылмайтын табиғи қор. Орман ағаштарынан үйлер,тұрмысқа қажетті заттар, қағаз, т.б. алынады; Ормандағы ағаштардың арасында жидектер мен саңырауқұлақтар өсіп, өнім береді. Орманды аймақтарды паналап,қоректерін содан табатын жан – жануарлар мен жәндіктер көп. Орман топырақтың құрлысына, су алмасуына, онда органикалық және минералдық заттардың жиналуына әсер етеді. Орман топырағында ылғал жеткілікті,сондықтан оның құрамында шірінді көп. Орманды жердің топырағы қышқыл, мұндай топырақта өсімдік тамыры терең бойлап,минерал заттарды мол алады, суды көп буландырып,ондағы жануарлар мен өсімдіктерге қолайлы микроклимат жасайды. Орман ағаштары, оның ішінде мәңгі жасыл,қылқан жапырақты ағаштар өз жапырақтары арқылы өздері өскен қоршаған ортаға зиянды ауру қоздырғыш бактерияларды өлтіретін, хош иісті заттар шығарады. Сондықтан да,қылқан жапырақты орманды аймақтарда көпшілік демалып,тынығатын курорт – санаторийлер орналастырылады.
Орман ресурстары – адам қоғамы үшін және биосферадағы басқа да тіршілік етушілер үшін табиғи ресурстардың аса маңызды бір бөлігі. Орман құрлыс ағаштары салынатын мекен – жай,отыратын орындық, жататын төсек,есік – терезе т.б. Орманның ауаны тазартып, ауадағы көмірқышқыл газын фотосинтез реакциясы арқылы сіңіріп,тазартып,ауаға таза оттекті бөліп шығаруы өте маңызды. Оған қоса орман дүниесіндегі жеміс – жидектер, саңырауқұлақтар,жан – жануарлар өз алдына бір байлық.
Ормандардың экологиялық жүйе ретіндегі өзіне тән ерекшеліктері бар. Біріншіден, адамның әсерінен көп өзгеріске ұшырамаған,табиғи күйде сақталған экожүйелердің бірі; екіншіден, бұл жоғары өнімділіктен сипатталатын,ағаш,детрит,гумус түрінде органикалық зат шоғырланған ең қуатты жүйе; үшіншіден, ормандар тірі затқа тән функцияларды ашық көрсететін күшті орта түзуші және ортаны тұрақтандырушы фактор; төртіншіден, көптеген жануарлардың мекен ету ортасы; бесіншіден, орман – шаруашылықтың көптеген салалары үшін бағалы органикалық өнім мен шикізат көзі болып табылады. Сонымен қатар, орманның санитарлық – гигиеналық, тынығу, стресс жағдайынан құтылуда,эстетикалық және экологиялық тәрбие берудегі маңызы зор.
Еліміздің басты табиғат байлығының бірі – орман. Совет Одағы орманға бай ел болып саналады. Дүние жүзілік орман қорының төрттен бір бөлігі СССР териториясында орналасқан. Бұл шексіз де шетсіз байлық деп есептеуге болады. Әрине,одан бұл байлықты қалай пайдалансақ та шексіз екен деген ұғым тумайды.
Еліміздің орман байлығы 800 миллион гектарға жуық алқапты алып жатыр. Бұл – дүние жүзінде өзіне теңдесі жоқ орманды өлке біздің еліміз деген сөз.
Орман алқаптарын ұқыпты пайдалану, оларды қорғау – бүкіл халқымыздың, үкімет пен партияның алға қойып отырған зор міндеттерінің бірі. Бұл талапты жүзеге асыру жолында республикада жылына 90 мың га ағаш көшеттерінің отырғызылуы – елеулі табыс. Сондай-ақ Тянь-Шань тауы мен Шелек өзенінің жоғары сағасындағы шырша ормандарын, республиканың дала ормандары ерекше қамқорлыққа алу жөніндегі шешім қабылданды. Міне, мұның бәрі республиканың жасыл байлығын сақтау, оны арттыра түсу жолындағы игі қадамдар.
Бұл күндері аса қауіпті жау - өртпен күреске бүкіл орман шаруашылығы қызметкерлері, өртке қарсы күзет органдары,бүкіл халық жұмылдырылған.
Орман байлығына немқұрайды қарау шексіз зиянға ұшыратарын есте ұстау қажет. Орманның тағдыры біздің әрқайсымыздың саналы әрекетімізге тәуелді. Орман өртінің басты себебі әрқайсымыздың жаққан отты, шылымды, жанған шырпыны мұқият сөндірмеуімізден болуы мүмкін екендігін ұмытпаған абзал.
Ел байлығы – орманды сақтай білудің маңызы зор. Орман жердің ауа, климат, су режимінде үлкен роль атқаратын биологиялық система. Орман – мол өнімнің негізі, мол сулы өзендердің жәрдемшісі. Орман – жан-жануарлар мекені, ол адамдардың жанын сергітерлік демалу орны. Ендеше өзіне теңдесі жоқ табиғат лабораториясының қызметін бұзбай, оның барынша жетіле түсуіне борыштымыз.

Категория: Экология | Добавил: Аслан (16.02.2011)
Просмотров: 3985

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]