Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Экология

Экология мен экономиканың қатынасы


Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Экология мен экономиканың қатынасы
2.2 Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайына сипаттама
2.3 Экологиялық қауіпсіздік ұғымы

ІІІ. Қорытынды

Іν. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Айналадағы табиғи ортаны қорғау, яғни экология проблемасы бүгінгі таңда жер бетіндегі бүкіл адамзатты толғандырып отыр. Оның бүгінгі заманғы негізгі проблемалардың санатында аталуы әсте кездейсоқ емес. Сондықтан табиғатты қорғау жөніндегі іс-әрекетімізді жандандырып, ұлғайта түсу, онда қоғам, адамзат үшін қолайсыз, зардапты өзгерістерді барынша болдырмау және мүмкіндігінше азайту- баршамыздың қасиетті борышымыз.
Экология проблемасы қысқа мерзімді, өткінші науқан емес, ол мақсатты түрде жүргізілуге тиісті процесс. Ал өндірістің уақыт талабына сай үздіксіз жетілдіріліп, өзгерістер енгізіліп отыратыны сөзсіз. Ендеше осыған орай табиғаттың өндіріспен өзара байланысы ұдайы да өзгеріп отырады. Өндірістің дамуы нәтижесіндегі антропогендік әсерлер топырақтың құнарлығына, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіне ғана емес, адамдардың денсаулығына да үлкен қауіп төніруде. Сондықтан аталмыш мәселе жөніндегі білімді әрдайым тереңдетіп, кеңітіп отыру қазіргі заман талабы.
Халықтың өмірлік қарекетіне, әсіресе денсаулығы мен өсіп - өнуіне, тікелей немесе әлеуметтік-экономикалық жағдай арқылы жанама түрде табиғи ортаның құрауыштары мен олардың жиынтығы – атмосфералық ауа, табиғи сулар, топырақ жамылғысы, геологиялық құрылым, өсімдіктер мен жануарлар, сонымен қоса төтенше құбылыстар мен барлық биосферада жүретін процестер ықпал жасайды. Табиғат арқылы адамзат өзінің көптеген қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Қазақстанда «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заң 1991 жылы қабылданған. Осы заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық сан алуан тіршілікті сақтау мен табиғатты тиімді пайдалануы ұйымдастыруға бағытталған.
Еліміздегі экономикалық ахуалдың өзгеруіне байланысты қоршаған ортаны қорғау және табиғи қазбаларды тиімді пайдалану жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны да ретке келтіру қажеттілігі туындауда. Осыған орай ауаға тарайтын зиянды заттардың мөлшерін азайту мақсатында "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Заң және "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңы және басқа да заңдар қабылданды.
Табиғат және қоғам жүйесінде табиғат заңдылығы қатаң ескеріліп, сақталып отыруы керек. Табиғат – қоғам бірлестігі табиғат заңдылығымен берілген, олар өзара тығыз байланысты. Осы байланыс бұзылмау үшін адамзат өзінің табиғат пен қатынасын табиғат заңдарына сүйене отырып жүргізілуі керек. Табиғатқа ықпал жасау сол табиғат заңдылығының негізінде болуы керек. Бұл принципті сақтамау қоғамның дамуын тежеуге әкеп соғады. Осы орайда өндірісті экологиялазиялау – табиғат қорын түгесілмейтін, оған нұқсан келтірмейтін технология арқылы өндірісті ұйымдастыру, экологиялық еңбектің өнімділігін арттыру. Өндірісті экологиязациялау мына бағыттарда жүргізіледі: экологиялық жүйелерді сақтау, қалпына келтіру; шикізат өндіруде озық технология қолдану; шикізат қорларын үнемді пайдалану; қалдықсыз және аз қалдықты технология қолдану; табиғат қорғау шараларын кеңіту; өндірісті экологиялық талаптарға сәйкес орналастыру; табиғи ортаны ластауды азайту, жою, т.б.

2.1Экология мен экономиканың қатынасы
Негізінде жаңа экологиялық-экономикалаық жобаны экономика саласында қалыптастыру үшін экономиканы дамытудың экологияландырылған тұжырымдамасын жасау талап етілуде. Қоғам мен технологиялық саланың өзара қарым-қатынасында қоршаған ортамен экономиканың барлық құрлымдарымен функциялары, яғни өндіріс, бөлу және тұтыну тартылған десе де болады. Адамдар қоғамының материалдық игілігінде шек жоқ, ал материалдық қажеттілікті қамтамасыз ететін ресурстар шектеулі. Осыған орай, бұл байланыста экономиканың іргелі тәртіптің негізіне байланысты қалыптасатын әсте естен шығармаған жөн. Шектеулі ресурстармен қажеттіліктерді барынша қанағаттандыруда экологиялық процестерді онтайландыруда айқын көрініс табады. Экономиканың табиғи ресуртарымен қамтамасыз етлуі ұзақ уақыт табиғи заңдылыққа тәуелді екендігі мойындалмай келді. Өндіргіш күштердің соңғы онжылдықта қарыштап дамуына байланысты бұл тәуелділік қатты сезілуде. Мәселен, топырақ құнары 1%-ке төмендесе, өткен жылғы егін шығындылығын сол деңгейде сақтау үшін шығынды 10%-ке арттыру керек болады. Кесілген орманның орнына өскен жаңа ағаштың сапасы бұрынғы шырышы бұзылмаған орман ағашының кем болатыны анықталды. Көріп отырғанымыздай ресурстарды пайдалануда шаруашылық қызметтің ұқыпсыздығы, немқұрайдылық бізге өте қымбатқа түсуде. Ең бастысы - әлеуметтік және экологиялық-экономикалық зиянның аса зор болуынан қоршаған орта ластануда.
Бұл проблеманы әлеуметтік-экономикалық саланың экологияландыру жолымен келесі жағдайлардың негізінде шешуге болады:
экологиялық факторлар мен ресурстарды, оның ішінде байлықтың өзге категорияларымен тең болатын экономиканың категориялар санында қайта жаңғыртылатындарды қосу;
экологиялық шектеулер мен төлем жүйесінің кеңеюімен балансталған табиғатты пайдаланудың принципі жіәне ресуртарды пайдалануы мен өндіріс экономикасын бағындыру;
өнірістің технологиялық жарақтану негізінде сапалы өсудің стратегиясына көшуі.
Осы кунге дейін табиғат қойнауынан қанша ресурстарды алуға болады және оның салдары қандай болатындығы туралы нақты негіздеме жоқтын қасы. Біздің экономикамыздың ресурстарды тұтынуға бейімделгендігі ғана белгілі нәрсе. Арине, оны пайдаланудың өсе түсуі ұлттық табыстың өсу тепе – теңдігіне әкелмейді. Шетел тәжірибелері көрсеткендей, қай мемлекет табиғи ресустарды аз пайдаланса, сонда ұлттық табыстың өсуі жоғары болып отыр.
Ғылыми-техникалық дамудың негізінде табиғат ресурстарын жасанды жолдармен алмастыруды енгізудің дәрежелері туралы мәселелер принципті бола бастады. Арине, мұндай алмастырудың мүмкіндігі тым шекетеулі. Ал, адам баласы үшін бір қатар маңызды экологиялық жүйе мен табиғи игіліктер тіптен алмастырылуға келмейді. Мысалы, отын ресурстарының орнына күн немесе жел энергиясын пайдаланатын болса, табиғи ландшафтарды, өсімдік пен жануарлар әлемін, озон қабатын және т.б жасанды жолмен алмастыру мүлде мүмкін емес.
Қазіргі заманғы экономикалық теорияның ең бір қиындығы экологиялық факторлардың экономикалық категорияға енгізілуі. Өйткені маркстік саяси экономия тек қана адам баласының еңбек өнімін экономикалық категория айналымына еңгізуге рұқсат етті. Шындығында бағалы ретінде құн шығын мен нәтиженің синтезіндей экологиялық жағдай мен табиғат ресурстарының бірлігінен көрінеді. Қоршаған орта факторымен оның қандай да болсын құрылған формасына әсер етпейтін құн өмірде жоқ. Экологиялық факторлардың экономикалық категориялар санына енуі пайдалы шекті теориясына сай болады.
Елде өндірілген барлық соңғы тауарлармен қызмет көрсетудің нарықтық құны – экономикадағы маңызды экономикалық көрсеткіштердің бірі. Өйткені, өнімнің әрбір бірлігіне 10 бірлік қалдық массасы өндіріледі, ал табиғатты пайдалануда біршама жоғары. Осы қалдықтар ортаны ластап,адамның тіршілік ахуалын нашарлатады және олардың тұрмыс жағдайын төмендетеді. Шығындар жалпы ұлттық өнімнің есебінен шығарылмайды, ал адамдардың тұрмыс халінің бағасы арта түседі. Біздің қолымыздан келгені жалғыз-ақ нәрсе,ол – табиғатты пайдалануды мемлекет тарапынан реттелуімен қоршаған ортанынң ластануына, табиғат ресурстарына төлем жолымен ғана белгілеу болып табылады.
Экономика жақсарған сайын, экологияға көңіл көбірек бөлінетіні белгілі. Дегенмен, экологияның қордаланған проблемалары толықтай шешілді деуге ерте. Ал оны мемлекет тарапынан оңалтуға бағыт алынғаны аса құптарлық іс. Бүгінгі күні әлемнің барлық мемлекеттері экологияның саяси және экономикалық игіліктерге әсер ететін стратегиялық сала екенін ұғынды. Сондықтан да болар, қазір елімізде бес жыл бойы айтылып, пісуі жеткен, барлық экологиялық ережелер мен нор­маларды жинақтаған Экология кодексі қабылданды. Онда өтпелі кезеңнің экологиялық саясаты табиғи ресурстарды реттеудің экономикалық әдістерін дамыту­ға, жергілікті органдардың өкілеттілігі мен құқықтарын арттыруға бағытталған. Енді елдегі қоршаған ортаны ластаушылар негізінен екі түрлі ғана рұқсат ала алады. Олар қоршаған ортаға эмиссиялар және кешенді экологиялық рұқсаттар. Мемлекеттік экологиялық сараптамамен қатар, қоғамдық экологиялық са­рапшылардың институты енгізілді. Оның жұмыс істеу тетіктері нақтыланып жазылды. Қоғамдық экологиялық бақылау институты құрылды.
Жердің әрбір аймағында өзіне тән экологиялық проблемалар бар. Осыған байланысты нақты мәселені шешу саясатын ұстанған дұрыс дер едім. Алайда, мемлекеттердің көбіне тән экологиялық саясаттың жалпы даму бағыты – тұрақты даму жолы. Бұл тұрғыда көп жетістіктерге жеткен Батыс Еуропа елдері мен Америка болып отыр. Оларда өткен ғасырдың 60-70-жылдары байқалған қоршаған ортаның ай­тарлықтай тозуынан соң ауа мен суды ластанудан қорғайтын жергілікті және аймақтық мәселелерді шешу жөніндегі бағдарламалар әзірленді және жүзеге асырылуда. Нәтижесінде, Батыс Еуропадағы күкірт қышқылының шығарындысы екі еседен астам азайды.
Ал Қазақстанның жер қойнауының, егіншілік үшін пайдалы жер ресурстарының байлығы экологиялық зардаптарға ұрындырды. Сонымен қатар, әскери базалар мен полигондар, оның ішінде ядролық, тәжірибе аумақтарының орналастырылуы және тың жерлерді, оның ішінде өзен-көлдер мен жайылымдардың ормандық және тау ландшафтарының жыртылуымен байланысты болған азып-тозулар көп зиян келтіріп отыр. Соның кесірінен судың, топырақтың, ауаның ластануы, жердің тозуы мен жануарлар мен өсімдік әлемінің азуы, экожүйелердің тепе-теңдігінің бұзылуы кейбір жерлерде қайтып орнына келмейтіндей бағыт алды.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі экологиялық қауіпсіздік идеясына қосылып, Рио-92 қорытынды құжат­тарына қол қойды. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасы осы тұғырнаманы бекітетін басты құжат болып табылады. Ол Президент Жарлығымен былтырғы жылдың 14 қарашасында күшіне енді.
Нарықтық экономика мемлекеттік қоршаған ортаны қорғау органдарының барлық дәрежелерінде іс пен жауапкершілікті нақты бөлісуді талап етеді. Ал жауапкершілік пен экологиялық апат салдарын жою жоғарыда аталған Кодексте жан-жақты көрсетілген.
Қоршаған ортаны қорғау жүйесі әлеуметтік-экономикалық объект ретінде аса күрделі жүйелердің біріне жатады. Оның күрделілігі адамның ластаушы және ластанған өнім­ді тұтынушы ретінде көрінуінде. Ал апаттың алдын алу туралы айтсақ, қоршаған ортаға әсерді бағалау қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тікелей немесе жанама әсер етуі мүмкін болатын кез келген шаруашылық және өзге де қызмет түр­лері үшін міндетті болып табылады.
Әлемнің барлық елдерінде экологиялық таңбалау өндірілетін өнімнің, оның алынатын және жасалатын жолының тазалығын көрсетеді. Экологиялық таңбалау тұтынушыларды қоршаған ортаға қауіпті өнімді сатып алудан қорғайды. Өнімдердің барлық түрлерін өндіру, пайдалану және жою, кәдеге жарату және өңдеу кезінде қоршаған ортаның ластануынан сақтайды. Жабдықтардың, технологиялық үдеріс­тердің, өндірістердің және өнімдердің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Медицина адамның өзінің туып-өскен мекенінде өніп-піскен өнімді жеп қоректену адамның денсаулығына пайдалы екенін көлденең тартады. Өнеркәсіптік тауарларды айтсақ, біз өзіміздің кәсіпкерлерді көтеру үшін отандық өнімді сатып алатын болуымыз керек деген Президенттің ұсынысы жан-жақты қолдау тауып, кәсіпкерлер мен тауар өндірушілер де сапалы әрі халыққа жағымды, халықаралық стандарт­тарға сай өнім өндіруге ұмтылуы қажет. Қазір бұл ұмтылыс мемлекет тарапынан қаржылай ынталандырылады.
Академия экологияның барлық қолданбалы саласында, экологиялық ақпаратты тарату, экологиялық мінез-құлық және сана-сезім қалыптастыру, экологиялық білім беру саласында жұмыс істейді. Сонымен қатар, академияның негізгі қызмет бағыттарының бірі – оқу құралдарын әзірлеп тарату. Академияда дүние жүзі мойындаған халықаралық сапа стандарттарына өндірушілерді үйрету жүзеге асы­рылады. Бұл Бүкіл әлемдік сауда ұйымына мүше болуға ынталы мемлекет үшін сәйкестік өлшемдерінің бірі болып табылады. Елімізде тұңғыш рет жоғарыда айтылған “Экологиялық таза өнім” стандарты бекітіліп, өндіріске енгізілуі де ака­демияның үлесінде.
Мыңдай стандарты бекітетін Техникалық комитет (ТК) пен Индустрия және сауда министрлігі. Біздің “Экологиялық таза өнім” Техникалық стандарттау жөніндегі комитеті Техникалық реттеу және метрология комитетінің (Мемстандарт) былтырғы жылғы 25 сәуірдегі №159 бұйрығымен құрылып, №60 болып реестрге енгізілген болатын. Халықаралық экология академиясы мекемесінің базасында жұмыс істейді. Ең алдымен, “Экологиялық таза өнім” стандарты уақыттың өзі тудырған қажеттілік екенін баса айту керек. Қазір отандық кәсіпорындар экологиялық таза өнім өндіру мәселесіне өте үлкен мән бере бастады. Бұл, әрине, еліміздің экономикасы адамдар арасында өздерінің тұтынар өнімдері мен тағамдарына мән беріп, оның саламаттылығын қалыптастыруға көңіл бөлетін және осы үшін ақы төлеуге әзір топ қалыптастыратындай дәрежеге көтерілгенін айғақтаса керек. Шын мәнінде ол жаңа қалыптасып, тығырықтан шығу жолына түскен мемлекет үшін үлкен жетістік. Біздің тауар өндірушілер тұтынушылардың талабынан шығу мақсатында өндіріс пен сатуды ынталандыратын экологиялық сертификаттар мен маркалауды қабылдай бастады. Екінші жағынан алғанда, тауарда “ЭКО” белгісінің болуы отандық тауар­лардың бәсекеге қабілеттілігінің бір сипатын көрсетеді.
Дүниежүзілік сарапшылар Қазақстандағы ауыр экологиялық ахуал жайлы сөз қозғап жүр. Бұл шындық екені де даусыз. Алайда, бізде өндірілетін өнімдер экономикасы дамыған елдерге қарағанда экологиялық жағынан анағұрлым таза болып келеді. Дәлірек айтсақ, адам ағзасына зиянды химиялық жолмен өндірілген немесе өсірілген өнімдерден гөрі табиғи, я болмаса залалсыз, қарапайым жолмен өндіріледі. Алайда біздің елімізде өнім өндірушілердің бәріне қойылатын арнайы талаптар бар.
Халықаралық стандарттарды енгізу мемлекет тарапынан ынталандырылады. Қазір Елбасының Жолдауында, кездесулерінде халықаралық стандарттарға ауыл шаруа­шылығы салаларын енгізу туралы нақты тапсырмалар берілуде. Оны жалғастырып, әрі қарай нормативтік базасын жетілдіріп, жұмыс істеу тетіктерін нақтылау мемле­кеттік органдардың құзыретінде. Дегенмен, біздің академия үкіметтік емес ұйым ретінде өзінің ұстанымдарын үнемі ұсыныстар түрінде мүдделі мемлекеттік орган­дарға енгізіп отырады.
Қазақстанда экономика түзелген сайын халықтың үлкен қалаларға шоғырлануы тәрізді урбанизациялық күрделі мәселе көтеріліп келеді. Бұл қалалардың эколо­гиялық мәселелері жүйелі шешілетін бағдарламалар әлі жоқ. Бұл мәселе біз үшін ғана күрделі емес. Әлемдік техногендік өркениеттің негізгі көрінісі ғылым мен білім және өркениет шоғырланған ірі қалалардың көбеюі болып отыр. Үлкен қала-мега­полистер бүкіл планетадағы халықтың дұрыс орналасуын қалыптастырады. Көптеген болжаушы ғалымдар (футурологтар) өркениеттің болашағын тек қана өзара байланыс­қан қалалар деп ұғындырады. Ал аздаған ғалымдар, оның ішінде экологтар жерде қалалар мен олардың ортасындағы бос жатқан экологиялық кеңістіктер болған күннің өзінде мегаполис қалаларда тұтынылатын өнімдерді өндірудегі экологиялық зиян олардың ықшам орналасу тиімділігінен едәуір асып кететінін дәлелдейді.
Тағы бір тоқталатын мәселе – сумен қамтамасыз ету және суды төгу. Бұл Қазақстанның барлық үлкен қалалары үшін өте күрделі мәселе болып қалып отыр. Оны реформалау үрдісі тиімділікті арттырып, шығынды азайтуға бағытталуы тиіс. Жер асты суларын тазартудың жер үсті суларын тазартудан шығыны үш есе аз екені белгілі. Кейбір аудандарда су жетіспеушілігінен халық суды құдықтардан, өзен мен бұлақтардан алады. Мұндай сулардың сапасы күмәнді. Мұнда қаржылық және экологиялық тәртіп болуы керек. Су тағамдық және шаруашылық-тұрмыстық қолданыста болады. Осыған байланысты оның сапасына қойылатын талаптар да жоғары болуы керек.
Он жыл құлдыраған Қазақстан экономикасы 2000-жылдан бастап жоғары қарқынмен өсе бастады. Шынайы ІЖӨ (ішкі жалпы өнім) –нің жылдық орташа өсімі 10 пайыздан асты. Елдің мол көлемдегі қазба байлықтары мен минералды ресурстарына деген əлемдегі жоғары сұраныс, мал шаруашылығы мен бидай өндірісі бар аймақтарда ауыл шаруашылығының гүлденуі, экономикалық реформалардың қолдауын көрген қызмет көрсету саласының екпінді
дамуы, жекешелендіру саласындағы алға басушылық пен тікелей инвестициялардың келіп құйылғаны –қоршаған ортаны қорғау саласындағы іс-қимылдарды қарастырған алғашқы Шолу жазылғаннан кейін елдің экономикалық ахуалының мейілінше өзгеруіне мұрындық болды. Аталған кезеңдегі басты мəселе кедейшілікті жою (халықтың 28% - ы күнкөріс қалтасының ең
төменгі көлемінен аз келетін табыс тауып отырды), қоршаған орта сапасының нашарлауын ауыздықтау, атап айтқанда, қоршаған ортаға экономикалық тірлікке байланысты тиетін əсерді өсірмеуге тірелді. 2006-жылы Қазақстан Республикасының Президенті елдегі тұрақты дамуға (ТД) жоғары басымдылық берілетінін жариялады. ҚР Үкіметінде 2000-2002 жылдар аралығындағы кезеңде экологиялық мəселелер аясындағы құзыреттерді қайта бөлістіру бағытында өзгертулер орын алды, ол кезде су қорлары мен ормандарды қорғау үшін жауапкершілік Қоршаған ортаны қорғау министрлігінен (ҚОҚМ) Ауыл шаруашылығы министрлігіне (АШМ) көшті. Бұған қоса, Тұрақты даму жөніндегі əрекеттердің ұлттық жоспары күшін жойды. Оның орнына 2003-жылы ҚР Үкіметі 2004- 2015 жылдар аралағындағы экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын қабылдады. ТД-дың маңыздылығы 2006-жылы қабылданған 2007-2024-жылдар аралығында ТД-ға көшу тұжырымдамасынан (ТДКТ) көрініс тапты. Табиғатты қорғау саласындағы заң қабылдау бағытында болған елеулі жетістік деп 2007-жылы қабылданған Экологиялық Кодекстің сомдалуын атауға болады. Тұрақты даму мен қоршаған ортаны қорғау ісінің кешенді саяси негіздері 2002-жылдан бері экологиялық реформаларды, соның ішінде жаңа бюджеттік жəне салық жүйесі, бағалар мен сауданың либерализациясы, мемлекеттік кəсіпорындардың жекешелендірілуі, іскерлік пен кіші бизнестің етек жаюы, мемлекеттік басқаруды жетілдіру, сондай-ақ стратегиялық жоспарлауға деген көзқарас тұрғысында жүзеге асыру ісі мейілінше алға басты. Стратегиялық жоспарлау Қазақстаннның экономикалық жəне əлеуметтік дамуының ұзақ мерзімді перспективаларын жəне экономикалық əрекеттерді мемлекет тарапынан реттеуді айқындау ісінде мемлекеттің қолданатын маңызды құралына айналды. Стратегиялық жоспарлаудың бір іргетасы деп Қазақстаннның 2030-жылға дейінгі дамуының стратегисы немесе «Қазақстан-2030» деп аталатын бағдарламаны атауға болады. Оны ҚР президенті 1997- жылдың қазан айында жария еткен болатын. Бұл стратегия кең ауқымды саяси мақсаттарға жетуге бағытталған барлық стратегиялар мен тиісті жоспарлар үшін сілтеме.

2.2 Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайына сипаттама
Зерттеу жұмысында қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар мәселесі, ауыл шаруашылығы саласының нарықтық қатынастарға көшуге байланысты оның жаңа мазмұны мен құрылымы, ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі қарастырылған. Аталмыш мәселе тарихи тұрғыда зерттеліп, оның жетістіктері мен кемшіліктері жан-жақты қарастырылды.
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырға күрделі өзгерістермен аяқ басты. Он жылдан астам уақытта еліміздің тәуелсіздігі мен қатар жүргізіліп келе жатқан саяси және экономикалық реформалардың маңыздылығы мен қолданбалылығына тоқталар көз жетті. Бұл мәселенің өзектілігі әлемдік қауымдастықта еліміздің нарықтық бағытта дамушы ел деп тануымен арта түсті. Себебі, Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткеніндей, «мемлекетіміз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы тиіс».
Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы – ауыл шаруашылығы болып табылады. Оның маңыздылығы – ең алдымен халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, ал өңдеуші өнеркәсіпті қажетті ауыл шаруашылық шикізатымен. Ауыл шаруашылығының еліміздің экономикалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатын баршымызға белгілі. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем нарығында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, ел халқының жартысына жуығының әлеуметтік жағдайы ауыл аймақтарымен тығыз байланыста. Ауыл республика экономикасы дамуындағы маңызды фактор болса, ауыл халқы еліміздіқ қоғамдық – саяси тұрақтылығының да шешуші факторы болып есептеледі. Республика халқының 44 пайызы бүгінде ауылдық жерлерде тұрады. 2003-2005 жылдары Елбасының шешімімен Ауыл жылдары деп жарияланған еді. Осыған сәйкес, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың үш жылдық бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Ауыл шаруашылығы ұлттық экономикамыздың негізін құрайды. Ауылдың әлеуметтік жағдайын, тұрғындардың тұрмысын түзеу үшін қатарынан үш жылды ауылға арнау елімізге үлкен өзгерістер әкелді. Ауылдық жерді дамыту ұғымы тек қана, ауыл шаруашылығын дамытудан әлдеқайда үлкен нәрсені көздейді. Бұл ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуы болып табылады. Демек, бүгінгі таңда ауылды жандандыру ауылдағы саяси, әлеуметтік әрі әкономикалық байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас құрамдас бөлігі ретінде қарастыруымызға болады. Ауыл дегеніміз – сайып келгенде, халықтың тұрмыс салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары [1]. Осынау саяси-моральдык және әлеуметтік факторлардың өзі-ақ бізден ауылға барынша байсалды қарауымызды талап етеді. Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы жаңа концептуальдық-ғылыми көзқараспен талдап, алғаш рет тарих ғылымына бұл мәселеге жаңа ғылыми тұжырым жасау міндетін туғызды. Бірақ осыған қарамастан, бұл мәселе бойынша қазақстандық зерттеушілер арасында тарихшы ғалымдар да біраз жұмыстар тыңдырды. Олардың арасында М.К. Қозыбаев, Б.А. Төлепбаев, Г.Ф. Дахшлейгер, К. Нұрпейіс, және т.б. бар [2].
Кеңес өкіметі кезеңіндегі жүргізілген ауылдағы реформалар күткен нәтижесін бермеді, аграрлық сектордағы әлеуметтік-экономикалық жағдай нашарлап, өндіріс көлемі қысқарып, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейі төмендеп, әлеуметтік жағдай жылдан-жылға шиеленісті. Осы тұрғыдан қарағанда, Кеңес үкіметінің Қазақстанда жүргізілген волюнтаристік саясаты халыққа жасалған қиянаты, дүниенені өзгертудің зорлыққа негізделген концепциясының жарқын бір көрінісі іспетті. Сондықтан да тоталитарлық жүйе кезінде біржақты, кейде субъективті және коммунистік идеология рухында зерттелген аграрлық мәселелерді қәзіргі заманның талабына сай, өткен тарихқа сын көзбен қарап, оларды жаңаша зерделеп, сараптау міндеті туындайды.
Бүгінде Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет жағдайына қол жеткізгенде тарихымыздағы осы олқылықтың орнын толтыруға жағдай жасалуда. Қоғамтану ғылымдары, соның ішінде ең алдымен тарих ғылымы үшін тарих шыңдығын қалпына келтіру – жауапты міндет, бірақ бұл өткенді зерттеумен ғана орындала қоймайды, ол бүгінгі болмысты да зерттеуді, ертеңгі ұстанар бағытты да айқындауды қажет етеді. Осыған байланысты, ауыл шаруашылығы тарихымен белсенді айналысып жүрген тарихшы-ғалым Т. Омарбековтың мына пікірін айтпай кетуге болмайды: «Шындық толыққанды мағынада айтыла бастады. Егер осыған дейін бұйрықшыл әміршіл-әкімшіл социализм бюрократтық жүйе жағдайында біздің өмір сүріп, еңбек еткенімізді, яғни шындықты жартыкеш, екіұшты ғана айта алғанымызды ескерсек, тарихымыздағы «ақтаңдақтарға» деген халқымыздың қазіргі ерен ынтасын түсінуге болады» [3, 3-б.]. Өтпелі кезеңнің зардабы ауыл шаруашылығына және бүкіл аграрлық секторға қолайсыз болды. Аграрлық дағдарыстың табиғаты, негізгі себептері және одан шығу жолдары ғылыми және көпшілік әдебиетте аз жазылған жоқ. Осы өзекті көкейтесті мәселе, республика Президентінің еңбектерінде, түрлі Заң және атқарушы органдардың күнделікті іс-тәжірибелерінен күн тәртібінен түспегені белгілі. Бірақ та ел экономикасының маңызды және өмірлік қажет саласының әлеуметтік проблемаларын, әкімшілік басқару жүйесінен нарықтық жүйеге көшуге байланысты, аграрлық саланың тұрақты және тиімді даму бағыттарын анықтау қажеттігі туындап отыр. Бүгінгі таңдағы ауыл шаруашылығындағы алға басулар нарықтық қатынастарға көшу ауыл шаруашылығын реформалауды да талап етеді. Аграрлық салада тың өзгерістер жасау үшін, өткен тарихи кезеңнің келеңді, келеңсіз тәжірибелерінен үйрене отырып алға басқанымыз жөн – деп түсінеміз. Сондықтан да, социализм тұсындағы аграрлық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы кезеңі, нарыққа өтпелі кезеңдегі аграрлық қатынастардың, олардың ішкі құрылымының ерекшеліктерін, аграрлық қатынастардың негізі болып табылатын жер қатынастарының қалыптасу заңдылықтарын, аграрлық өндірістегі дағдарыс себептерін қарастыра отырып, азық-түлік қауіпсіздігі, ғылыми-техникалық прогресс және оның ауыл шаруашылығындағы ерекшеліктерін, кооперация мен жекешелендіру процесінің нәтижелерін, орталықсыздандыру саясатының ауылдық аймақтарға жасаған ықпалы және ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеру мәселелері зерттеу тақырыптың өзектілігін анықтайды. Соңғы жылдары осы сала бойынша, қол жеткізген ең үлкен жетістік ретінде агроөнеркәсіптік кешеннің дамуының тұрақты арнаға түскендігін айтуға болады. Осы өткен жылдар ішінде осы салаға қатысты Жер, Орман, Су кодекстері, астық, ветеринария, егіншіліктегі міндетті сақтандыру туралы заңда, көптеген заң аясындағы актілер, сондай-ақ жоғарыдағы сөз болып отырған үш жылдық бағдарламадан тыс Ауылдық аумақтарды дамытудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Міне, осы құжаттар негізінде, еліміздің ауыл шаруашылығы саласының алдағы жүрер жолы да айқындалды. Саяси, экономикалық, идеологиялық қатынастармен көп қырлы болып келетін ауыл шаруашылығы экономикасының даму заңдылықтарын қарастырғанда, аграрлық сектордың оның ерекшеліктеріне байланысты, табиғи-биологиялық заңдарға тәуелділігі бұл сала үшін ерекше аграрлық қатынастардың тән екендігін көрсетеді. Қазақстан экономикасы әміршіл-әкімшіл экономикадан нарықтық, одан әрі аралас экономикаға өту жолында. Өйткені, нарық экономикалық жүйеден гөрі шаруашылық жүйеге барынша жақын болып табылады. Ауыл шаруашылығында бұрын қалыптасқан қоғамдық психологияны, еңбек қатынастарын күйретіп, дағдыларын күйретіп, жаңаны қалыптастыруды көздейді. Міне, сондықтанда нарықтық қатынастарға өту жағдайында, аграрлық саладағы шаруашылық жүргізудің және меншіктің көптүрлі формалары – аграрлық нарық қалыптасуының жалпы экономикалық алғы шарты деуге болады. Қоғамымызда түбірімен өзгеріп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, ауыл шаруашылығы саласындағы реформалар қажеттігі күн талабы болып отыр. Бұл процессте ауыл шаруашылығында қалыптасқан ерекшеліктерді ескеруге үйретеді және бүгінгі таңда ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын нақтылап, белгілей түседі. Біздің зерттеу жұмысымыз, міне осыны көздейтіндіктен де өзекті. Бүгінгі таңда іске асырылып келген аграрлық реформаның нәтижелерін талдау төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Қазақстандағы аграрлық дағдарыс себептерін зерттеудің жүйелі тәсілі оның сонау қайта құру кезеңіне дейінгі уақыттан бастау алғанын көрсетеді. Әлі күнге дейін елімізде азық-түлік мәселесі шешілмегендігі шындық. Демек, ауылдағы аграрлық қатынастардың дамуы, ауылды жандандыру, ауылдағы саяси, әлеуметтік, әрі экономикалық байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас құрамдас бөлігі. Міне, осының бәрі де біздің зерттеуіміздің өзектілігін және ғылыми жұмысымызды терең талдауды талап етеді.
Зерттеудің зерттелу деңгейі. Бүгінде еліміз ауыл бағдарламасында көрсетілгендей, дамыған елдердің аграрлық салада қол жеткізген тәжірбиелерінің саяси-экономикалық әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдалана отырып, агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдарына сәйкес, ауыл шаруашылығын тұрақты дамытудың ең басты іс-шараларын нақтылау міндетін қойып отыр. Қазақстанның ауыл шаруашылығының тарихына көптеген жұмыстарда үкіметтің жекелеген аграрлық саясатындағы мәселелер қарастырылған. Мәселен, республиканың аграрлық саласындағы қайта құрулар мен колхоз құрылысының даму тарихына арналған Б. Төлепбаевтың, М. Кенжебаевтың, Г Халидуллин, Р. Исатаевтың ғылыми-зерттеу жұмыстары бар. Онда ауыл шаруашылық өндірісінің даму мәселелері тек 1980 жылдардың аяғына дейінгі кезеңді қамтыған. Зерттеу тақырыбының толық тарихнамасын игеру үшін, жалпы республикадағы ауыл шаруашылығындағы аграрлық қатынастар мен ауылдың әлеуметтік – экономикалық жағдайына көңіл аударғанды жөн көрдік. Қазақстанның аграрлық дамуын талдауға жасалынған қадамдардың бірі – деп К.А. Берденова, С.И. Иманбердиеваның “Аграрная политика тоталитарного государства как фактор кризисного состояния сельского хозяйства Казахстана” деген бірлескен зерттеуін атап өтуге болады. Бұл еңбекте 60-80-жылдар аралығындағы Қазақстандағы ауыл шаруашылығындағы дамуы тарихта сыңайы қөзқараспен талдау жасалынған [4]. Бұл жұмыс жаңа тарихи принципі тұрғысында жазылып, 60-80-жылдардағы бүкіл Кеңес Одағындағы аграрлық саласында етек алған тоқыраудың себептері айқындалған. Оның негізгі себептерін авторлар ауыл шаруашылығы саласындағы социалистік меншіктің орын алуының аграрлық теория мен практиканың алшақтығы салдарлары ретінде түсіндіреді. Ауыл шаруашылығын басқарудағы әміршіл - әкімшіл әдіспен ұйымдастырылып, мемлекеттік ресми органдардың толық біржақты үстемдігіне негізделгенін, ол жағдайда аграрлық салада ешқандай да нарықтық механизм қажет еместігін айқындап берді. Әйтседе авторлардың зерттеуінде тотолитарлық жүйе кезеңіндегі аграрлық өндірістегі келеңсіз мәселелерге және олардың себептерін толық ашу жеткіліксіз деуге болады. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын, Кеңес өкіметінің ауыл шаруашылығын басқаруда жүргізген саясатын арнайы зерттеп ортаға салған еңбек. Осы тақырыпты ғылыми түрде зерттеуге үлес қосқан тарихшылар С.А. Байтілен, К. Рыспаев, Қ.Қ. Байсаринаның, еңбектері үлкен қызығушылық тудырады. Зерттеуші С.А. Байтілен «Кеңес мемлекетінің Қазақстандағы аграрлық саясаты; ауыл шаруашылығындағы экстенсивті бағдар және дағдарыс (1965-1990 жылдар)» деген тақырыпта жазылған докторлық диссертациясында кеңес қоғамының аграрлық салада ғана емес, қоғамның барлық саласында дағдарыстық құбылыстар орын алғандығын атап көрсетеді [5]. Осыған байланысты, тарих ғылымдарының докторы, Қ.Қ. Байсаринаның «Қазақстанда ауыл шаруашылығының дамуы; тарихы және сабақтары (1946-1965 ж.ж) деген тақырыпта жазылған докторлық зерттеу жұмысында соғыстан кейінгі жылдарда ауыл шаруашылық өндірісін дамытудың басты бағыттары, оның қайшылықты тағдыры, өмірге енгізілу әдісі, түрі мен тәжірбиелері сол секілді аграрлық саясаттың ащы сабақтары, қиыншылықтары мен зардаптары зерттелген [6,8-б]. Кеңес үкіметі тұсындағы ауыл шаруашылығында жүргізілген реформалар, өндірісті ұйымдастыру мен ұйымдық шарауашылық мәселелері, соның ішінде колхоз құрылысының тарихы жөніндегі мәселеге объективті баға берген зерттеулер назардан тыс қалған жоқ. Осы тақырыптарға ғылыми түрде үлкен үлес қосып жүрген тарихшы ғалымдар: Т. Медеуов [7], О. Мұқатова [8], Е.Т. Берлібаев [9]. Аграрлық сектордағы меншік және шаруашылық нысандардың қалыптасып дамуы, олардың тиімділігін арттыру мәселесі сонау ХХ ғасырдың басынан-ақ Н.К. Кондратьев, А.В. Чаянов және тағы басқа әлемге белгілі ғалымдардың еңбектерінде көп мән берілген. Соңғы жылдары осы тақырыпта Қазақстанның бірқатар экономист ғалымдарының, оның ішінде Б. Баймұқанов, Ж. Шарақымбаев, Қ. Шалғымбаева, З. Байтеков [10], А. Қошанов [11] еңбектерінде агробизнесті қалыптастырумен қатар, аграрлық сектордың экономикасын дамыту мәселелері зерттелген. Ауыл шаруашылығы саласындағы жекешелендіру процесі және оның нәтижелерін көрсету барысында экономистер М.Т. Оспанов, Р.Р. Аутов, Х.Е. Ертазин [12] және М.К. Сүлейменов [13] еңбектерін атап өтпеске болмас. Кең көлемдегі материалдар арқылы мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын реформалау және нарықтық мәндегі жаңа шаруашылық құрылымдарын құру жолдары, олардың қызметін мемлекеттік реттеу тегеуріші көрсетіліп, аграрлық азық-түлік нарығы, агробизнестің маркетингтік сфера мәселелері талданған. Дегенмен, республика өңіріндегі аймақтардың табиғи, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктеріне байланысты аграрлық қатынастарды қалыптастыру, дамыту, олардың тиімділік мәселелері әлі де толық зерттелмеген. Ауыл шаруашылығына тікелей қатысты шешімін таппаған мәселелердің барын жоққа шығара алмаймыз.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында аграрлық саясаттың негізіндегі жаңа ережесі – жерге меншіктік құқықтың болуы аса маңызды болып табылады. Сондықтан, жер кодексінің мәні, сол заң арқылы ауылдың әлеуметтік экономикалық жағдайына әсерін айқындайды. Қазіргі кездегі Қазақстаның аумағындағы жер қатынастарының даму тарихы – бұл өте күрделі әрі қызықты да тақырып. Реформалау процесінде қалыптасқан жерде меншік пен шаруашылық жүргізу түрлерін талдау мен жер қатынастарын жетілдіру мәселелерінің маңыздылығы сөзсіз. Аталған мәселе бойынша іс жүзінде әлі де толығымен зерттелмеген деуге болады, алайда, бұл тақырып, көптеген ғалымдарды, саясаткерлердің ғылыми қызығушылығын тудырады. Бұған дәлел ретінде, бірақтар жазбаша қайнар көздерді, археология мен тарихи мәліметтерді айтуға болады. Қазақстанда феодалдық жер қатынастарын дамуын көптеген қазақстандық және шетелдік ғалымдары зерттеген. Жер қатынастарында мемлекеттік бақылау жерді пайдалану мен қорғау саласындағы жер заңдарының орындалуын қамтамасыз ететін нормативті құжат бұл «Жер кодексі» заңы. Жерді құқықтық қорғау мен сақтау саласындағы жер құқық қатынастары қиын да әрі өзекті мәселелер қатарына жатады. Бұл мәселелер жөнінде пікір білдірген ғалымдар: Ә.С. Бектұрғанов, Ө.С. Стамқұлов, Г.Ә. Стамқұлов, Е. Әбдікәрім жерге мемлекет меншігін және жер пайдаланушылардың құқығын қорғау, жерді табиғат объектісі ретінде қорғау жолдарын әр түрлі бағыттаған. Ауыл, село еңбеккерлерінің өндіріс саласындағы еңбектерін зерттеумен қатар, олардың әлеуметтік, моделі саласын зерттеу мәселесі назардан тыс қалмады. Айталық, Х. Әбжанов, Ж.Б. Әбілхожин, А.Н. Алексеенко, А.Б. Галиев зерттеулері аграрлық сектордағы село тұрғындарының әлеуметтік, мәдени, демографиялық зерттеулерінде көрсетілген. Қазақстанның ХХ-ғасырдың 80-90 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуынан әлі де зерттелмеген немесе тарихи тағылымда жеткілікті көрініс таппаған нақты-тарихи проблемалардың үлкен көлемін алға тартқан зерттеу жұмыстың бірі бұл – С.З. Баймағамбетовтың «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-мәдени құрылысы (1980-2000 жж.) – Тарихи талдау» деген тақырыпта жазылған докторлық диссертациясы. Онда халықты әлеуметтік қорғаудың, әлеуметтік қорғаудың, денсаулық сақтаудың , мәдениет пен білім беруді нақты жай-күйі мен перспективалары талданған [14].
Қазіргі таңда Қазақстанның ауыл шаруашылығын нарықтық қатынастарға қалыптастыру және нарықтық қатынастарды орнықтыру мәселелері оның барысындағы қиыншылықтар өзекті проблемалардың бірі болып саналады. Әйтсе де зерттеулердің басым көпшілігі экономика – ғылыми мәселелері бойынша жарық көрді өйткені, ауыл дағдарысының себептері мен мәнін экономикалық негізінде түсіндірілетіні белгілі. Осыған байланысты, 90 жылдардың басында және қазіргі кезде, “Ауыл шаруашылығының әлеуметтік экономикалық мәселелері жөнінде, экономист зерттеушілер, әлеумет-танушылар көп еңбектер жазып, ө

Категория: Экология | Добавил: Аслан (16.02.2011)
Просмотров: 9947 | Комментарии: 2

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]