Қаржылық бақылау саясаты - Дүние тарихы - Рефераты на казахском языке - REFIK - Все для учебы!
Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Дүние тарихы

Қаржылық бақылау саясаты


Авиация бизнесі пайда деңгейі салыстырмалы төмен бола тұра, қомақты күрделі қаржыландыруды талап етеді. Бұл - жоғары технологиялы жəне қатаң реттелетін сала, оның басым мақсаты ұшу қауіпсіздігін сөзсіз əрі жоғары-шығынды қамтамасыз ету болып табылады. Бұған қоса, авиакомпаниялардың шығындарының дерлік елу пайызы авиаотынды, басқа мемлекеттердің аумақтары үстінен ұшып өтуді, аэронавигациялық қызметтерді жəне т.б. қоса алғанда, бағаларын авиакомпаниялар бақылау жасай алмайтын тауарлар мен қызмет көрсетулерден құралады. Бұл «Эйр Астана» авиакомпаниясына да тəн, сондықтан басқарылатын шығындарға қатаң бақылау жасау кəсіпорынның тиімді қызметі үшін ерекше маңызға ие. Соны қоса, kursik.kz сайтында Курстық жұмыстар өте мөте сапалы жазылған. Сонымен бірге, авиакомпанияның коммерциялық өнімі – жолаушылар орындықтары мен жүктерді тасымалдауға арналған орындар «тез бүлінетін өнімге» жатады. Ұшақ əуелеп ұшқаннан соң бос орындарды толтыруға мүмкіндік болмайды. Сондықтан, авиакомпания табысты болуы үшін, бір жағынан, шығындарды іштей қатаң бақылау мен, екінші жағынан, нарықтың кез келген өзгерістеріне шапшаң жауап қайтару мен əрекет ету қабілеті арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізу қажет. «Эйр Астана» АҚ-ның ішкі бақылау философиясы осымен анықталады [24].
Ішкі бақылау үрдісін департаменттердің басшылары мен авиакомпания қызметкерлері Директорлар кеңесімен, атқарушы органмен бірлесіп ішкі бақылау жүйесі арқылы жүзеге асырады. Ішкі бақылауды қамтамасыз ету үшін түпкілікті жауапкершілік Директорлар кеңесіне жүктелген, сонымен бірге авиакомпанияның атқарушы органы мен департаменттерінің басшылары ішкі бақылау жүйесінің дамуын, игерілуін жəне мониторингін қамтамасыз етеді.
Ішкі бақылау жүйесі мынадай бағыттағы үрдістер мен рəсімдерді қамтиды:
- кəсіпорынның тиімді жəне үнемді қызметіне жəрдемдесу;
- активтерді мақсатсыз пайдаланудан, жоғалтудан немесе алаяқтықтан қорғау;
- қаржылық жəне басқарушылық есептің сенімділігі мен дұрыстығын қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына, нормативтік талаптар мен ішкі құжаттарға сəйкестікті сақтау.
Ішкі бақылау жүйесі мынадай өзара байланысты құрамдас бөліктерден тұрады:
- бақылау ортасы;
- тəуекелдіктерді бағалау;
- ішкі бақылау рəсімдері мен механизмдері;
- ішкі есептілік пен ақпаратты қамтамасыз ету жүйесі;
- бақылау жүйесінің сенімділігі мен тиімділігін бағалау.
Қызметтің алғашқы бес жылында - 2002 жылдың мамыр айынан бастап 2007 жылдың қыркүйегіне дейін, авиакомпания өз қалыптасуының бастапқы кезеңінде болды. Бұл уақытты кəсіпорын жоғары қарқынды өсуі жағдайында ішкі бақылау жүйесі қалыптасып келе жатқан, кірістер мен шығыстардың шапшаң өсу кезең ретінде сипатауға болады.
2007 жылғы қазан айынан бастап қазіргі уақытқа шейін авиакомпания қызметінің анағұрлым тұрақты жəне бақылаулы өрістеуімен қатар бюджеттеу үрдісін, нақты шығындардың бюджетке сəйкестігін қадағалауды жетілдіру, сондай-ақ авиакомпанияның міндеттемелері мен шығыстарын ішкі бақылау үрдістерін күшейту жөніндегі жұмыстар атқарылады.
Ішкі бақылау жүйесінің жауапкершілік, міндеттерді бөлу, тиісті құжаттау, есептілік жəне ақпаратты жөнелту тəртібі сияқты қағидалары негізінде келісім-шартарды жасау мен төлемдер жөніндегі өкілеттіліктердің жекелеген лауазымды тұлғада немесе департаменте шоғырлану мүмкіндігін болдырмайтын бақылау мен өзара əрекеттестіктің нақты əрі теңгерілген жүйесі əзірленді (міндеттерді бөлу қағидасы).
Бақылау механизмдері төлемді негіздеу нысаны (PJF) жəне келісім-шартты негіздеу нысаны (CJF) сияқты құжаттармен қамтамасыз етіледі, олар келісім-шарттар мен төлемдерді бірнеше деңгейде белгіленген шектер шеңберінде, авиакомпания Президентін қоса, бірақ онымен шектелмейтін келістіруді көздейді.
Сонымен қатар, бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуын бақылау басқарушылық қадағалау тобының (Management Review Group) қызметі арқылы жүзеге асырылады, оның құрамына авиакомпания Президентінің төрағалық етуімен жоғары буын менеджерлерінің барлығы кіреді. Басқарушылық қадағалау тобының мəжілістері бюджеттен асу жағдайы орын алған шығындар орталығы бойынша шығыстар баптарын егжей-тегжейлі қарастыру мақсатында ай сайын өткізіледі.
Бақылау жүйесін бағалауды тұрақты түрде ішкі аудит қызметі жүзеге асырады, ол Директорлар кеңесі жанындағы, білікті тəуелсіз директор басқаратын Аудит жөніндегі комитетке тікелей есеп береді[21].

Категория: Дүние тарихы | Добавил: Admin (26.12.2011)
Просмотров: 1079

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]