Главная | Регистрация | Вход
Қазақша рефераттар
Меню
ІЗДЕY
Теги

Главная » Статьи » Биология, Валеология

Жасуша теориясының негізгі қағидалары


Жасуша теориясының негізгі қағидалары

Жасуша – тіршіліктің негізгі бірлігі. Жасуша теориясы бойынша барлық тірі организмдер бір немесе одан да көп жасушалардан құралады немесе олардың түзген заттарынан құралады. Мысалы, бақалшық, сүйек және тері. Жаңа жасуша алдыңғысынан бөлінуі арқылы пайда болады және көпжасушалы организмдердің денесіндегі әрбір жасуша ұрықтанған аналық жасушадан, яғни жалғыз бір жасушадан шығады. Бұған қоса жасуша организмдегі адам санасы жетпес зор процестердің негізгі бөлігі болып саналады.

1) Жасуша – тіршіліктің құрылымдық, қызметтік негізі. Тіршіліктің бірлік формасы және дамуының негізі.
2) Барлық бір жасушалы және көп жасушалы организмдердің жасуша құрылысы, жалпы алғанда, ұқсас болып келеді.
3) Жасушалар бөліну арқылы көбееді. Әрбір жаңа жасуша аналық жасушаның бөлінуі нәтижесінде түзіледі.
4) Жасушаның негізгі құрылымдық элементі жасуша мембранасы болып табылады.
5) Организмдердің жасушалық құрылысы- өсімдіктер мен жануарлардың шығу тегі бір екендігіне дәлел береді.
6) Көп жасушалы организмдердің жасушаларының ең негізгі организмдерінің бірі – ядро.

Категория: Биология, Валеология | Добавил: Аслан (10.02.2011)
Просмотров: 1350

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]